Қазақ әдебиеті Оқу-әдістемелік құралы



бет1/8
Дата13.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#180938
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
treatise88624


әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті


Әділханова Жанна Сайынқызы

Қазақ әдебиеті
Оқу-әдістемелік құралы

Алматы -2017ж.


Алғы сөз
Қазақ әдебиеті – қазақ халқының ұлттық мұраларын, әдеби-мәдени құндылықтарын, еліміздің ағарту саласындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын оқытатын, ұлттық салт-дәстүрімізді, сана-сезімімізді танытатын пән. Сондықтан ЖОО дейінгі дайындық кафедрасына шетелден келген оралман тыңдаушылар мен ЖОО түсуге келген жас талапкерлерге ҚР Білім министрлігінің оқу-бағдарламасында белгіленген оқу материалдары қамтылды. Қазақ диаспорасы өкілдері қазақ әдебиетінің даму кезеңдері, авторлары туралы бірізді және толық мағлұмат алмағандықтан, осы бағыттағы төл мәдениетіміз бен әдебиетімізді терең,сапалы, жүйелі түсіндіру, шығармашылыққа бейімдеу; журналистика, филология саласын таңдаған тыңдаушыларды кәсіби тұрғыда шығармашылыққа баулу; сөздік қор, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; қазақ әдебиеттің дамуына ықпал еткен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармаларын және олар туралы ғылыми зерттеулерді түсіндіру,меңгертуге арналған тест тапсырмалары мен сәйкестендіру кестелері қамтылды. Талапкер өзі оқыған материалды толық игергені туралы білімін пысықтау үшін бұл таспырмалар өте қажет деп білеміз.
Автор


І. Ауыз әдебиеті, жырлар, шешендік өнер .

тақырыптарына арналған тапсырмалар:
1.Жауаптарды сәкестендіріңіз:
1. Әдебиеттің кезеңдеріне қай қатар сәйкес келетінін белгілеңіз:

1. Ауыз әдебиеті

А. Айтолды

2. Ежелгі дәуір әдебиеті

В. «Ор,қоян...»

3.Зар заман әдебиеті

С. Шернияз

4. Жыраулар поэзиясы

Д. Ойсылқара

5.ХІХғ. әдебиеті

Е. Шортанбай

1-Д, 2-А, 3-Е,4-В,5-С
2.Тұрмыс-салт жырларынына тән қатарды белгілеңіз:

1. «Ақ бесікке жата ғой...»

А.Беташар

2. «...Күрмеуіңді шешейін...»

В.Тойбастар

3. «...Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз...»

С.Тұсаукесер

4. «...Бақалы, балдырғанды көл, аман бол...»

Д.Сыңсу,қоштасу

5. «...Ақ келін-ау, ақ келін...»

Е. Бесік жыры

1-Е,2-С,3-В,4-Д,5-А.
3. Батырлардың тұлпарын табыңыз:

1. Ер Тарғын

А.Тайбурыл

2.Алпамыс

В. Шұбар ат

3.Қамбар

С. Тарлан

4.Қобыланды

Д. Қарақасқа

1-С, 2-В, 3-Д, 4-А.

4. Батырлардың сүйген жарларын табыңыз:



1. Ер Тарғын

А. Құртқа

2.Алпамыс

В. Назым

3.Қамбар

С. Ақжүніс

4.Қобыланды

Д. Гүлбаршын

1-С,2-Д,3-В,4-А.
5.Жырларды ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіріңіз:

1. «Қозы Көпеш Баян сұлу» жырында

А. Барымта

2. «Қыз Жібек» жырында

В.Әмеңгерлік

3. «Айман-Шолпан» жырында

С.Қоштасу

4. «Алпамыс» жырында

Д.Тоқтау айту

1-С,2-В,3-А,4-Д.
6. Көркемдегіш құралдарын сәйкестендіріңіз:

1. Қатып қалған көнім бар,
Шілде түспей жібімес
Қатты қалған көңілім бар,
Май құйсаң да жібімес

А. Метафора

2.Қыз Жібектің дидары
Көкала көлдің құрағы
Көз сипатын қарасаң
Нұр қызының шырағы

В.Теңеу

3. «Сен –темір де, мен – көмір,
Еріткелі келгенмін!

С. Паралеллизм

4. «...Алтын тақтың үстінен
Қояндай қарғып түседі...»

Д.Метномия

5. «...Айналайын ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн қайда?»

Е Гипербола

6. «Астынғы ерні жер тіреп,
Үстіңгі ерні көк тіреп...»

Ж. Риторика

1-С,2-Д,3-А,4-В,5-Ж, 6-Е
7. Кімнің сөзі?

1.Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді.
Аспанда ай мен күн өлмейді
Әлемде қара жер өлмейді

А. Қазбек би

2. Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім
Ұқпасқа айтқан сөз жетім

В. Әйтеке би

3. Өркенім өссін десең, кекшіл болма – кесепаты тиер еліңі.
Елім өссін десең, Өршіл болма,
Өскеніңді өшірерсің...

С. Жиренше шешен

4. Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ,



Д. Төле би

1.-С,2-Д, 3-А,4-В
8. Қай жылдарда өмір сүрді?

1. Төле би

А.1644-1700

2 Қазбек би

В.1663-1756

3. Әйтеке би

С.1667-1764

4. Майқы би

Д.1160-1222

1-В,2-С,3-А,4-Д.
9. Әдебиет үлгілерінің мәнін ашыңыз:

1. Жырау

А.Шешен, табан астында сөз таба білген, білімді, өнерлі, халықтың үнін айтқан

2 Жыршы

В. Домбырашы, толғаулар мен жырларды халыққа насихаттаған, ұзақты күні толғаулар айтқан

3.Айтыскер

С.Елге билік, өсиет айтқан. Даулы мәселелерді шешкен, хан мен қараға тоқтау, ақыл айтқан

4.Би

Д. Ханның кеңесшісі, халыққа уағыз, толғаулар айтқан

1-Д,2-В,3-А,4-С
ІІ. Ежелгі дәуір әдебиеті және жыраулар поэзиясы
бойынша тапсырмалар:
1. Ежелгі дәуір әдебиеті тұлғалары қай ғасырда өмір сүрген?

1.Алып Ер Тоңға

А.Б.з.д. ҮІІғ.

2.Қортқыт ата

Ә..ІХ ғ.

3.Махмұт Қашқари

Б.ҮІІІғ.

4.Жүсіп Баласағұн

В.ХІ

5.Әл Фараби

С.ХІІ

6.Қожа Ахмет Иасауи

Д.ХІІ

7.Сүлеймен Бақырғани

Е.ХІІ

8. Саиф Сараи

Ж.ХІ

9.Ахмет Йүгнеки

З. ХІҮ

10.Рағбузи

И.ХІҮ

11. Құтуб

К.ХІҮ

12.Мұхаммед Хайдар Дулати

Л.ХҮІ

13.Дурбек

М.ХІҮ

14.Оғыз қаған

П.ҮІІІ

15. Орхон ескерткіштері

Т.Х

16.Хорезми

Р. ХҮІ

1-А,2-С,3-В,4-С,5-Т,6-Ж,7-Д,8-И,9-Е,10-З,11-М,12-Р,13-Л,14-Ә,15-П,16-К
2. Ежелгі дәуір әдебиеті өкілдерінің шығармаларын табыңыз

1.Фирдоуси

А. «Даналық кітабы»

2.Қорқыт ата

Ә. «Оғыз-нама»

3.Махмұт Қашқари

Б. «Құтты білік»

4.Жүсіп Баласағұн

В. «Ақиқат сыйы»

5.Әл Фараби

С. «Мұхаббат-нама»

6.Қожа Ахмет Иасауи

Д. «Тарихи Рашиди»

7.Сүлеймен Бақырғани

Е. «Хұсрау-Шырын»

8. Саиф Сараи

Ж. « Қайырымды қала тұрғындары»

9.Ахмет Йүгнеки

З. «Қорқыт ата» кітабы

10.Рағбузи

И. «Диуани лұғатит-түрік»

11. Құтуб

К. «Күлтегін» жыры

12.Мұхаммед Хайдар Дулати

Л. «Қисасул-әнбия»

13. Оғыздар кітабы

М. «Шахнама»

14.Хорезми

П. «Ақырзаман»

15. Орхон ескерткіштері

Т. «Түркіше Гүлстан»

1-М, 2-З, 3-И, 4-Б, 5-Ж, 6-А, 7-П, 8-Т, 9-В, 10-Л, 11-Е, 12-Д, 13-Ә, 14-С, 15-К..


3. Жыраулар поэзиясы: қай ғасыр өкілі?

1.Сыпыра жырау

А.ХҮІІ

2. Марғасқа жырау

Ә.ХҮІ

3. Асан қайғы

Б. ХҮІ

4. Қазтуған жырау

В.ХІІІ-ХІҮ

5. Шалкиіз жырау

С.ХҮІІІ

6. Доспамбет жырау

Д.ХҮ

7. Жиембет жырау

Е.ХҮІІ

8. Тәтіқара жырау

Ж.ХҮІІ-ХҮІІІ

9. Ақтамберді жырау

З. ХҮІІІ

10. Үмбетей жырау

И.ХҮІІ

11. Шал ақын

К.ХҮІІІ

12. Бұхар жырау

Л.ХҮІІІ-ХІХ

1-В, 2-Е,3-Д,4-А,5-Ә,6-Б,7-И,8-К,9-Ж,10-З,11-Л,12-С.
4. Жыраулардың толғаулары қай жырларда кездеседі?

1.Сыпыра жырау

А. «Би Темірге айтқаны», «Шағырмақ бұлт жай тастар», «Асқар, асқар, асқар тау», Ор қоян, ор қоян», «Ер шобан», «Бәйтерек»,т.б.

2. Марғасқа жырау

Ә. «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің», «Шал ақынның қызбен айтысы», «Шал ақын мен жігіттің айтысы», т.б.

3. Асан қайғы Сәбитұлы

Б. «Ей, Абылай, Абылай», «Керей қайда барасың?», «Жал құйрығы жаба деп...», «Асқар таудың өлгені», «Бірінші тілек тілеңіз», «Айналасын жер тұтқан», т.б.

4. Қазтуған жырау Сүінішұлы

В. «Бұл заманда не ғаріп?», «Таза мінсіз асыл тас», «Әй,хан мен айтпасам білмейсің»,«Еділ бол да,Жайық бол»,т.б.

5. Шалкиіз жырау Тіленшіұлы

С. «Ер Тарғын», «Едіге батыр», «Құбығұл», «Тоқтамыс ханның хикаяты» жырларында

6. Доспамбет жырау

Д. «Уа, қарт Бөгенбай»,«Күмбір-күмбір кісінетіп», «Балпаң-балпаң кім баспас», «Балаларыма өсиет», т.б.

7. Жиембет жырау

Е.«Ей, Қатағанның хан Тұрсын»,

8. Тәтіқара жырау

Ж. «Бекболат биге», «Бұқарға», «Бөгенбай өлімін Бұхарға естірту», «Бұқарға», «Жантай батыр», т.б.

9. Ақтамберді жырау

З. «Алаң да алаң алаң жұрт», «Бұдырайған екі шекелі», «Салп-салпыншақ анау үш өзен», «Алаң да, алаң алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір», «

10. Үмбетей жырау

И. «Арғымаққа оқ тиді», «Азау, азау дегенің», «Айналайын ақ Жайық», «Тойғай, тоғай, тоғай су», «Айнала бұлақ басы тең»,т.б.

11. Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы)

К. «Еңсегей бойлы ер Есім», «Әмірің қатты Есім хан», «Қол-аяғым бұғауда», «Басы саудың түгел-дүр», т.б.

12. Бұхар жырау Қалқаманұлы

Л.»Қамыстың басы майда, түбі сайда», «Көше тоқыраулы судың бойынан», т.б.

1-С , 2-Е ,3-В ,4- З,5-А ,6- И,7-К ,8-Л ,9- Д ,10-Ж ,11-Ә ,12- Б.

5. Қай жыраудың толғауынан үзінді?

1. Бұхар жырау

А. « ... Ағайынның ішінде
Бір жақсысы бар болса,
Қауқалаған көп жаман,
Сол жақсыны көре алмас»

2. Марғасқа жырау

Ә. «...Айдаметке оқ тиді
Отыз екі омыртқаның буынынан.
Зырлап аққан қара қан,
Тыйылмайды жонның уақ тамырынан...»

3. Асан қайғы

Б. «...Менімен ,хан, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң–
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,–
Жылқыдағы асау тайыңдай...»

4. Қазтуған жырау

В. «Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асылдың!
Ақшәуілге қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың»

5. Шалкиіз жырау

С. «Мен –Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын,
Сен –бұзау терісі шөншіксің,
Мен –өгіз терісі талыспын...»

6. Доспамбет жырау

Д. «...Қамыстың басы майда, түбі сайда



7. Жиембет жырау

Е. «...Жапанға біткен терекпін
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айырылман.
Сыртым-құрыш, жүзім-болат,
Тасқа да салсаң, майырылман!»

8. Тәтіқара жырау

Ж. «Ей Қатағанның ханы Тұрсын,
Опасызға лағнет болсын.
Кінәсіз халықты жылатқан
Жер Тәңірісі сияқтысың...»

9. Ақтамберді жырау

З. «... Боташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған...
Сөйткен менің Еділім»

10. Үмбетей жырау

И. «...Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп».

1-С, 2-Ж,3-И,4-З,5-А, 6-Ә,7-Б,8-Д,9-Е,10-В


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет