«Қазақ әдебиеті» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Сыныбы: 9-сынып Бөлім: «Атадан қалған асыл сөз»
Оқу мақсаты
|
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
|
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру
|
Бағалау критерийі
|
Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;
шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтауды анықтай алады;
автор стиліне баға бере алады;
|
Орындалу уақыты
|
20 мин
|
1-тапсырма.Ж. Баласағұн "Құтты білік" , Майқы би, Мөңке би, Әнет баба еңбектерінен бірнеше үзінділер келтіре отырып, «Атадан қалған асыл сөз – менің және сенің өмірлік жол сілтеушің» тақырыбында қазіргі жастарға ақыл-кеңес, үндеу жазыңыз. (15-20 сөйлем)
2-тапсырма. Тұжырымның шындық-жалған екендігін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |