«Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі



бет3/10
Дата19.05.2022
өлшемі69,33 Kb.
#144089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
@10SYNYPBJB ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖМБ 10 СЫНЫП ТБЖБ VK-10SYNYPBJB-2
-D0-9F-D0-B0-D0-BF-D0-BA-D0-B0-20-D0-BA-D0-BB-D0-B0-D1-81-D1-81-D0-BD-D0-BE-D0-B3-D0-BE-20-D0-A0-D0-A3-D0-9A, Қонаев Д.А.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі


Тоқсандық жиынтық бағалау кезінде кабинеттегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдардың (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) бетін көрінбейтіндей етіп жабу;
Тоқсандықжиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлау;
Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескерту;
Нұсқаулықпен таныстырылып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы ескерту;
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру;
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізу;
Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескерту;
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің, штрих сұйықтығын қолданудың орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыну;
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам / қарындаштарын партаның үстіне қоюын өтіну.
  1. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет