1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Кеңістік пен уақыт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
О. Бөкей «Атау кере» повесі
Оқумақсаты
11.1.3.1
11.2.5.1
көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету
әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау
Бағалау критерийі
Білімалушы
Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін талдайды
Кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығын көрсетеді
Шығармадан әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды
Ұқсастықтарына талдау жасайды
Ойлаудағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындаууақыты
15-20 минут
Тапсырма О. Бөкейдің «Атау кере» шығармасындағы кейіпкерлер жүйесіне талдау жасаңыз.
Кейіпкер Кейіпкер бойындағы қасиеттер Өмір шындығымен байланысы жиынтығы
Ерік Таған Айна
Нүрке апаның бойындағы дара қасиетті анықтаңыз. Кейіпкер бойындағы қасиеттің өміршеңдігін талдаңыз.
Шығармада Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».
Бұл үзіндідегі құндылықты анықтап, әлем әдебиетіндегі шығармалармен (үзінділермен) байланыстырыңыз. Үндестігіне талдау жасаңыз.
Шығарманың идеясына қатысты кездесетін тағы 2 құндылықты анықтаңыз, әлем әдебиетімен үндестігін көрсетіңіз.