Қазақ әдебиеті сынының тарихы



бет4/9
Дата20.11.2022
өлшемі14,64 Mb.
#159015
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
әдебиет сыны
2-апта Саида, 2-апта Саида, «Ойын технологиясы – о ушыларды математикалы біліктілігін дамы, Камила Мидтерм, 3кл қазақ тілі12апта

Жақсы әнді ой көзімен тыңдауды ұсынады. Өнерге, өлеңге, әрі әнге «өмір сәуле көрсететінін» және сол нұр сәуле жаныңды ерітіп, жабы қаған көңілді көтеретінін қисын жүзінде емес, ақындық жүректің ой-сезімімен анық жеткізген. Сонымен бірге, адамның рухани («Кірленген жүрек өзі үшін, Тура алмас әсте жуынбай»), тазалыққа талпынатынын, тіршілікте мұң мен зар қоса жүріп, зұлымдыққа кектенген ақынның шиыршық атып толғануының сырын да ашып береді.

«Әннің де естісі бар, есері бар. 

Тыңдаушының құлағын кесері бар. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, 

Тыңдағанда көңілдің есері бар- деп қазақ әндеріне өзіндік пікірін білдіреді.

Түркістан уәлаятының газеті әдебиетке, оның ішінде сыншылдық ой-пікірге қатысы бар материалдарды 1875-1878 жылдар аралығында бірқыдыру жариялады. «Шымкент уезіне қараған Мәделіқожа деген ақынның Сырдария облысының әскери губернаторы Головачевтың Хиваға барғаны тақырыпты шығарған өлеңін» (1875) бірнеше санға жарияланған.Сол кездегі шындықты жырлаған, түйінді ойын қара дүрсіндеу баяндаған өлеңнің екі шумағын келтірейік: Бір жан жоқ болыстыққа талас емес Бір-бірінен көңілі аласа емес Бір құдайдан басқаға сенбегін, Біздің қожа үш жүздің баласы емес. Басынан бұлт кетпейді күн жайланып, Сақау озды, шолжаңдаған тіл байланып, Тұлпардан есек озды, бәйге алып жүр,Бұ күнде заман кеткен теріс айналып,-дейді (№ 12,09.10.1878)

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдар жиі көріне бастады. 


Қазақ баспасөзінің тұңғыш қарлығашы
(1870-1882)

Ел арасында болыс, старшын сайлаулары ендеп кіріп, бірін-бірімен қырқыстырып қою, ара жігін алшақтата беру сияқты құбылыстарды отаршылдар іштей де,сырттай да тілеген болатын.Осыны әшкерелеуге бағытталған мұндай өлеңдер бұдан кейін газет бетінен мүлде көрінбей кетті, тыйым салынды.

Ел арасында болыс, старшын сайлаулары ендеп кіріп, бірін-бірімен қырқыстырып қою, ара жігін алшақтата беру сияқты құбылыстарды отаршылдар іштей де,сырттай да тілеген болатын.Осыны әшкерелеуге бағытталған мұндай өлеңдер бұдан кейін газет бетінен мүлде көрінбей кетті, тыйым салынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет