13
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім:
Прозадағы көркем ой
Шығармалар:
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы,
Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі
1-БӨЛІМ
1.
Берілген үзінді шығарманың қай бөлімінде берілген?
«Баяғыда сұңғыла Сүлейменге бір күні құмырсқа кеп: «Саған жаратқан ием желді
неге бағындырып бергенін білесің бе?»-деп сұрапты. Сүлеймен қапелімде жауап таба
алмай мүдіріп қалыпты. «Ол сенің патшалығыңның ақыр түбі желге ұшатынына
меңзегені», — депті құмырсқа. Сүлейменнің бұны естігенде өңі ауып кетіпті. Әлгі
құмырсқа: «Алланың әмірін ұлыларға кішілердің сөзі жеткізеді деген осы болады», —
деп тайып тұрыпты.»
А) «Мұнара»
В) «Қызыл алма»
С) «Аңыздың ақыры»
D) «Махаббат» [1]
2.
«Осының бәрін істетіп жүрген мен екенімді білсе, білмей тұра ма, ел мені тірі
қойғаны ма?..
Қой, мен жынданған екенмін. Мені сайтан азғырған екен… Бірақ енді істі
түзетуге бола ма? Болмайды: шынымды айтсам да, басымнан асып кетті. Елдің менен
жауыз дұшпаны, арам сүт емген, арамза ұлы болуы мүмкін емес… Енді бұл беттен
қайтуға өткел жоқ… Дауа жоқ… Осы кеткені кеткен…» Қай кейіпкердің сөзі?
А. Мұқаш
В. Төлеген
С. Бекболат
D. Қара мұрт [1]
Достарыңызбен бөлісу: