ХІХ ғ. кейбір мектептерде эвристикалық оқыту әдісі қолданыла бастаған. Әдіс Сократтың сөзімен аталғандықтан эвристикалық, немесе сократтық әдіс деп те аталған.Аталған әдісте әңгімелеу арқылы негізгі материал мазмұнын тереңірек ұғуға оқушылардың өздеріне жағдай туғызып отыру көзделеді.
Түсіндіру әдісі. Бұл әдіс ұғымдар мен заңдылықтарды дәлелдейтін, тәжірибелік немесе саралау жұмыстарын жүргізген кезде қолданылады. Түсіндіру әдісінде дәлелдеу тәсілі басымырақ болады. Әдебиет теориясынан берілетін түсініктерді, теорияларды тікелей түсіндіру әдісінің көмегімен жүзеге асыруға болады.
Баяндау әдісі. Баяндау әдісін қолданғанда материал эмоциялық сезім- мен түсіндіріледі. Бұл әдіс барлық сыныптарда да қолданылады, бірақ оқу- шылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Әрбір қаламгердің өмірбаянын түсіндіргенде және олардың шығармашылық мұраларын айтқан кезде баяндау әдісі жетекші рөл атқарады. Бастауыш сыныптарда материалды 10-15 минут баяндауға болады, орта және жоғары сыныптарда 15-25 минуттай баяндау әдісін қолдануға болады.
Практикалық оқыту әдісіне мәтінмен жұмыс, кітаппен жұмыс, ауызша жаттығу жұмыстары, жазбаша жаттығу. Саралау, топтау жинақтау жұмыс- тары, шығармашылық жазба жұмыстары, аннотация, шығарма, ой толғау, рецензия, баяндама т.б. жұмыстарды жазу жатады. Бүгінде оқушыны өздігінен білім алуға бағыттау үрдісі басымдылық танытып отырған тұста практикалық әдістерді белсенді жүргізу қажеттігі арта түседі.
Бақылау әдісі. Білім мазмұнындағы өзгерістер мен кейбір құбылыстар- ды бақылату арқылы жүзеге асады. Мәтіннің кейбір ерекшеліктері, шығармадағы адамдар образының жасалу жолдары, шығарма компози- циясының өзгешеліктері, шығарма тілі, көркем айшығы немесе сыртқы құбылыстар, саяхат сабақтарындағы бақылау тапсырмалары арқылы орындалып отырады.
Лабораториялық оқыту әдісі. Бұл әдебиет пәнінде жиі қолданыла бермейді. Дегенмен ретті тұсында кейбір мәтінмен жұмыс түрлерін осы лабораториялық әдіспен жүргізуге болады.
Н.Кудрящев әдістерді ішінара үйлестіре қолдану арқылы оқу- таным әрекеттерін белсенді етуді көздейді. Әдіскер-ғалым М.Н.Скаткиннің, И.Я.Ларнердің әдістер жүйесіндегі еңбектеріне сүйене отырып, бірнеше әдіс- тәсілдерді жіктейді. Оқытушы мен оқушының оқу әрекетіне қарай: