Қазақ экономика, Қаржы және халықаралық


Статистикалық қызметтің нормативтік-құқықтық базасы



бет2/5
Дата12.12.2021
өлшемі43,01 Kb.
#99909
1   2   3   4   5
Байланысты:
ОТЧЕТ СТАТИСТИКА

2 Статистикалық қызметтің нормативтік-құқықтық базасы
Статистикалық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңымен реттеледі. Бұл Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және жоғарыда аталған Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта аталған Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

№ 257-IV Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және статистикалық ақпаратты түзу мен тарату процесіне байланысты қатынастарға қолданылады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы қатынастар «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, № 257-IV Заңмен реттеледі.

Мемлекеттік статистика органдарына:

1) уәкілетті орган;

2) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жатады.

Мемлекеттік статистиканың негізгі принциптері:

1) мемлекеттік статистиканың жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттармен, сыныптамалармен және әдістермен үйлесімді және салыстырмалы болуы;

2) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі кәсіптік тәуелсіздік және дербестік;

3) пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету;

4) алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы және олардың тек қана статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылуы;

5) сапасын, уақтылығын, шығындарды және респонденттерге жүктемені ескере отырып, ақпарат дереккөздерінің барлық түрлерін пайдалану;

6) ресми статистикалық ақпараттың дәйектілігі, ғылыми негізділігі, уақтылы берілуі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі;

7) статистикалық ақпараттың, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректердің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаты мемлекеттік статистиканы жасауға, жұмыс істетуге, дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік статистиканың принциптеріне негізделеді. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға өздерінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған құзыреті шегінде қатысады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар өздерінің қызметінде ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып пайдаланады, қандай да бір әлеуметтік-экономикалық объект немесе құбылыс бойынша ресми статистикалық ақпаратты алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана ол бойынша өзге ақпаратты жинайды және пайдаланады.

Мемлекеттік статистика саласындағы міндеттер:

1) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

2) мемлекеттік статистика принциптерін сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;

3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар арасындағы мемлекеттік статистика саласындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік статистика органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде статистикалық ақпаратты таратуға және пайдаланылатын статистикалық әдіснама бойынша тәжірибе алмасуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік статистика саласында: мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); ұлттық санақ жүргізу туралы шешім қабылдайды және оны жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді; ұлттық санақтар жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды; өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау:

1) әкімшілік деректерді жинауға арналған келісілмеген нысандарды;

2) көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін;

3) әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің анықтығын;

4) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын айқындау мақсатында жүргізіледі.

Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық органдары ресми дереккөздерден уәкілетті орган алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру жолымен жүргізеді. Әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылауды: орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар бойынша – уәкілетті орган; жергілікті атқарушы органдар және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бойынша – уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.

Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша олардың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда: орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар бойынша – бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде; жергілікті атқарушы органдар және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды ресімделеді және жіберіледі.

Қорытынды әкімшілік дереккөзге қол қойғызып, жеке өзіне табыс етіледі немесе оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен немесе ресми дереккөздерден (әкімшілік дереккөздің ресми интернет-ресурсынан) алынған электрондық мекенжай бойынша не алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.

Әкімшілік дереккөзге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалады.

Әкімшілік дереккөз қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қорытындыны жіберген уәкілетті органға және (немесе) аумақтық органға қорытынды табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. Әкімшілік дереккөзге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау әкімшілік дереккөзге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне енгізу арқылы әкімшілік дереккөзге бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

Респонденттердің құқықтары мен міндеттері Респонденттердің: ресми статистикалық ақпаратты алуға; мемлекеттік статистика органдарынан алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтауды талап етуге; уәкілетті органнан статистикалық нысандарды толтыру тәртібі жөнінде түсініктер алуға; алғашқы статистикалық деректерді мынадай тәсілдердің бірімен: Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен электрондық түрде; қағаз жеткізгіште; телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы; интервьюер жеке сауал салуды жүргізген кезде ұсынуға; алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсыну үшін қажетті статистикалық нысанды және (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етілімді қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде өтеусіз негізде алуға; уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға; Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.

Респонденттер: статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға; мемлекеттік статистика органдарының осы Заңда көзделген талаптарын орындауға міндетті.

Статистикалық қызмет уәкілетті орган жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін бекіткен статистикалық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын орындау үшін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекітеді. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға арнап қалыптастырады. Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз ұсыныстарын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады.

Уәкілетті орган жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Статистикалық ақпаратты қалыптастыру статистикалық әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады. Ведомстволық статистикалық байқаулар және статистикалық ақпаратты қалыптастыру жөніндегі статистикалық әдіснаманы мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар әзірлейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі және олардың статистикалық ақпаратты қалыптастыруы жөніндегі статистикалық әдіснаманы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлейді және оны уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді. Статистикалық әдіснама ғылыми әдістер мен көзқарастар негізінде әзірленеді, оны мемлекеттік статистика органдары таратады және ол қолжетімді болуға тиіс. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың статистикалық әдіснаманы қалыптастыруға араласуына жол берілмейді.

Статистикалық сыныптауыштар мен тіркелімдер. Статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірленген және бекітілген статистикалық сыныптауыштардың қолданылуы міндетті.

Статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін уәкілетті орган мынадай статистикалық тіркелімдерді:

1) статистикалық бизнес-тіркелімді;

2) халықтың статистикалық тіркелімін;

3) ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімін;

4) тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады.

Статистикалық тіркелімдер тек қана статистикалық мақсаттарда жүргізіледі және оларды статистикалық байқау объектілерінің тіркелімдерде қамтылған қасиеттерін және (немесе) сандық сипаттамаларын ресми растау үшін пайдалануға болмайды.

Статистикалық бизнес-тіркелім Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтиды.

Халықтың статистикалық тіркелімі Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша тұрып жатқан оның азаматтары туралы ақпаратты қамтиды.

Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөніндегі ақпаратты қамтиды.

Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтиды.

Статистикалық тіркелімдердің деректеріне өзекті сипат беру алғашқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректер негізінде жүргізіледі.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Мемлекеттік статистика органдарының жұмыскерлері респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорды жоғалтқаны, сатқаны, бергені және өзге де заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Мемлекеттік статистика органдары қызметкерлерінің немесе олардың лауазымды адамдарының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді не статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, жария етуі салдарынан жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет