Қазақ экономика, Қаржы және халықаралық


Статистика мамандығы бойынша әдебиеттер оқу



бет3/5
Дата12.12.2021
өлшемі43,01 Kb.
#99909
1   2   3   4   5
Байланысты:
ОТЧЕТ СТАТИСТИКА

3 Статистика мамандығы бойынша әдебиеттер оқу
Шығыстың Аристотелі атанған машһүр ғалым Әл-Фараби және Абылайхан бабаларымыздың уақытында да немесе одан ерте замандарда да қарулы күштер қатарына лайықты адамдардың санын бiлу, салық салынатын нысандарды белгiлеу қажеттiгi туындады, соның нәтижесiнде халықтың саны, жынысы, құрылымы жөнiндегi мәлiметтерге мұқтаждық пайда болды. Бұл сұраным мемлекеттi өз халқының саны мен құрамдық өзгерiстерiн тұрақты бақылап отыруға мәжбүр еткен. Азаматтық қарым-қатынастар дамыған сайын оларға тiкелей байланысты оқиға-құбылыстарды тiркеп отыру қажеттiлiгi де күшейе түскен. Сондықтан да туылу, өлу, некелесу, ажырасу сияқты хал актiлерiн жазып отыру тәртiбi орнатылған, адамдардың бiр орыннан екiншi орынға ауысуына байланысты қозғалысын тiркеу тәртiбi белгiленген. Статистика бiр қарағанда қарапайым сөз болып көрiнсе де, оның мазмұнының сан қырлы екенiн ұмытпауымыз керек.

Немiс жазушысы, ақыны және ойшылы И.В. Гете бұл дүниеден мәңгi көз жұмарынан екi жыл бұрын өз хатшысы Эккерманмен әңгiмелескен кезде: «Цифрлар дүниенi билейдi деген сөз бар. Бiрақ, менiңше цифрлар бiзге әлемнiң қалай басқарылатынын үйретедi», – деген болатын . Ресейде тұңғыш рет басылған статистика оқулығының авторы К.Ф. Герман (1762-1838) өз кiтабында былай деген: «Статистика – жақсылықты да, жамандықты да жария ететiн хабаршы әрi үкiметтiң бақылаушысы» [5]. Расында да көпiрме сөздерге немесе жарнамаларға сүйену нәтижесiнде емес, сенiмдi де айқын статистикалық көрсеткiштерге сүйене отырып ел басшыларының қызметiн әдiл бағалауға болады. Этимологиясы, яғни келiп шығуы тұрғысынан бұл терминнiң әлдеғандай классикалық грекше немесе латынша негiзi жоқ. Ол латынның «status» – қалып, жағдай, итальяндардың «state» – мемлекет деген сөздерiнiң бiр мағынаға тоғысуынан туындайды.

Статистика сөзi күнделiктi өмiр мен ғылымға XVII-XVIII ғасырларда кiрiп келдi. Ағылшын ғалымдары Д.Граунт (1620-1674) пен В.Петтидің (1623-1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі статистика ғылымының дамуына себеп болды. Бастапқы кезде сауда мен қаржы капиталының және ақша қатынастарының дамуы нәтижесiнде пайда болған қажеттiлiктi қанағаттандыру мақсатында жинақталған мемлекет халқы, экономикалық және саяси жағдай жөнiндегi мәлiметтер статистикалық ақпараттар деген атпен жүргiзiлдi. Мемлекеттiң назар аударуға тұрарлық жақтарын бейнелейтiн мемлекеттану ғылымы пайда болды да, ол статистика деген атпен, ал бұл ғылымды жақсы меңгерген бiлiмпаз статистик деп атала бастады. Бұл ғылымның аса көрнектi өкiлi, немiс Г.Ахенваль (1719-1772) алғаш рет бұл сөздi зат есiм ретiнде қолданып, ғылыми айналымға енгiздi. Оның пiкiрi бойынша, статистика – мемлекет үшiн айрықша маңызды мәселелердiң сипаты, бейнесi.

XIX ғасырдың ортасында Бельгия ғалымы А.Кетле (1796-1874) және оның адамдары әлемде бірінші болып мемлекеттік статистика мекемесін құрады. Мәлiметтерде бейнеленген тәртiп-ережелердi ұғыну құштарлығы, түсiндiру жолдарын табу қажеттiлiгiн қанағаттандыруға қызмет етуге кiрiскен сәттен бастап-ақ статистика ғылым саласына айналды. Ауыл шаруашылық, сауда,қолөнершiлiк, өнер-кәсiпорынды салалардың және экономикалық байланыстардың дамуы шаруашылыққа қатысты оқиғалар мен әдiс-амалдарды тұрақты бақылап отыруды талап еткен. Нарықтық қатынастардың және халықтың топтары арасындағы өзара байланыстардың ұлғаюы өз кезегiнде жаңа, тыс мәлiметер жинау, экономикалық өмiрдiң маңызды салаларын қамтитын экономикалық ақпараттар жасау қажеттiлiгi мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық байланыстардың дамуы, дүние жүзiлiк шаруашылықтың қалыптасуы және оның дамуы, ұлттық экономика мен дүние жүзiлiк шаруашылық шеңберiнде тауарлар мен қызметтердiң табыс көздерiн жасау, бөлу және тұтыну процестерiн жан-жақты бейнелей алатын есеп жүргiзудi талап етедi. Алғашында практикалық қызметте жинақталған тәжiрибелердi қорыту жолымен мемлекеттi басқаруға қажеттi мәлiметтердi топтастырудың, қайта іздеудiң, талдау мен қолданудың ереже-тәртiптерi, жолдары мен әдiстерi жасалды. Статистика осындай ғылым ретiнде танылып, жаңа iзденiстер нәтижесiнде байи түстi. Оның әдiс-амалдарын жетiлдiруге математиканың құралдары мен теориялары қолданылды. Өйткенi статистика да математика сияқты сандармен,шамалармен шұғылданады, бiрақ оның сапалық қасиетi жалпы бұқаралық құбылыстарды өлшеу нәтижесiнде айқындалады.

Экономикалық статистика макро және микроэкономикалық құбылыстар мен процестердi зерттеу барысында жалпы статистикалық әдiстер мен құралдарды кеңiнен пайдаланады. Ол бұл құралдарды тек пайдаланып ғана қоймай, алғашқы рет зерттелiп отырған экономикалық құбылыстардың ерекшелiктерiн, олардың даму заңдылықтарындағы өзiне тән қасиеттердi ескерiп, формасы мен мазмұны тұрғысынан қайта өңдейдi, өзiнiң бақылау жағдайына толық сәйкестендiредi, яғни жаңартылған теориялық ережелер мен әдiстемелер жасайды. Макро- экономика өзiнiң күрделiлiгiмен, яғни құбылыстар шоғырының ауқымдылығымен, түзiлiсiнiң көп қабаттылығымен, олардың арасындағы байланыстардың тығыз астасуымен және басқа да қасиеттерiмен оқшауланып тұрады. Сондықтан да макроэкономикалық статистика әдiстемесi жан-жақты күрделi, көп өлшемдi әдiстер жүйелерiне, атап айтқанда жоғары деңгейде агрегат- танған экономикалық көрсеткiштер жүйесiне, көп өлшемдi орташалар, топтастырулар және индекстер жүйесiне, көп өлшемдi байланыстарды талдау әдiстерiнiң кешенiне тағы басқаларға арқа сүйендi. Ал микроэкономика бұған керiсiнше қарапайымдығымен, процестерiнiң оңайлығымен ерекшеленiп тұрады. Кейбiр кәсiпорындар әдетте бiрнеше қызмет түрлерiн қамтиды, өндiретiн өнiмдерiнiң түрлерi мен ассортиментi аз болады, пайдаланатын еңбек және материалдық ресурстары дерлiк бiрдей, оларда микроэкономикалық процестер жай жүредi, ал микробазарлар бiр немесе бiрнеше затымен ғана көзге түседi. Сондықтан да микроэкономикалық статистика әдiстемесi қарапайым экономикалық көрсеткiштер мен талдау әдiстерiне сүйенедi. Макроэкономикалық статистика микроэкономикалық статистика үшiн теориялық әрi әдiстемелiк негiз болып саналады. Ал кәсiпорындар, тармақтар және базар статистикалары оның белгiлi бiр дәрежеде тәуелсiз бөлiмдерi болып табылады. Экономикалық статистика – әлеуметтiк жағдайды анықтаудың аса маңызды құралы. Ол тұрмыстық оқиғаларды пайымдауға, экономикалық теориялар мәнiн ұсынуға, олардың тұжырымдары мен түсiнiктерiн тексеруге мүмкiндiк туғызады.

«Бiз үшiн, – деп жазады американ экономисi әрi статисi, Огайо штаты университетiнiң профессоры Э.Кейн, – экономикалық статистика – экономикалық теория ережелерiн сынақтан өткен фактiлер көмегiмен тексеру әдiсi жөнiндегi iлiм. Ол жұмысы жемiстi және жемiссiз жүрiп жатқан ғылыми-зерттеу салаларын анықтау мүмкiндiгiн бередi және қажет болған жағдайда қанағаттанбау идеяларын бақылаушы адамға қайта қарап шығуға ұсынады». Эконометрия деген не? – деген сұраққа америкалық экономист-ғалым Э.Кейн былайша жауап бередi: «Эконометрия экономикалық статистиканың арнайы саласы – нақты шаруашылық процестерiн сипаттайтын теориялық модельдерге статистикалық әдiстердi енгiзу мәселелерiн қамтиды» [6].

Ал екiншi бiр америкалық экономист-ғалым Г.Тинтнер эконометрияны үш бiрдей бiлiмнiң: математиканың, саяси экономика мен статистиканың синтезi деп түсiнедi, бiрақ эконометрикалық тексеру мен статистикалық тексерудiң арасына теңдiк белгiсiн қояды [7].

Норвегия статисi Рагнар Фриш 1930 ж тұңғыш рет эконометрия терминiн ғылыми ұғымдар қатарына енгiзген. Басты мiндетi «экономикалық теорияны математикамен және статистикамен байланысты түрде дамыту» деп түсiнедi.

Дж. Джонсонның пiкiрiне қарағанда, эконометрикалық зерттеу төмендегiдей төрт сатыдан тұрады:

- экономикалық процестiң математикалық моделiн спецификациялау;

- экономика немесе оның секторы жөнiнде анық мәлiметтер жинау;

- модельдiң параметрлерiн бағалау үшiн оларды пайдалана бiлу;

- алынған нәтижелердi статистикалық жолмен тексеру [8].

Эконометрия iлiмiнiң негiзiн салушылардың пiкiрлерiн қорытатын болсақ, бұл сала мен экономикалық статистика арасында үлкен айырма жоқ. Экономикалық статистика да өз көрсеткiштерiн экономикалық теорияға сүйене отырып спецификация жолымен жасайды және тиiстi мәлiмiттер жинап, оларды есептейдi, экономикалық процестердi талдау үшiн түрлi әдiстердiң көмегiмен олардың модельдерiн жасайды және шынайы ақпараттар негiзiнде бағалап, алынған нәтижелердiң маңыздылығын тексередi. Сондықтан да эконометрияны экономикалық статистиканың құрамдас бөлiгi, маңызды бағыты деп қарауға әрi теориялық, әрi логикалық негiз жеткiлiктi. Расында да эконометрияда қолданылатын математикалық аппарат экономикалық статистикада да ойдағыдай қолданылады.

Отандық ғалымдар Ызғарбек Әміреұлы, Өскенбай Кесікбайұлы, Мұхтарғали Өскенбайұлы мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақтарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті – Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал 15 ғасырдың соңында олар 1 млн болды. Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі 18-ғасырдың екінші жартысына, Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы 1897 жылдың 9-ақпанында өткізілді. Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (1968) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. 19 ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды [9].

Өскенбай Кесікбайұлы, Мұхтарғали Өскенбайұлы еңбектерінде жазылғандай: Қазақстанда статистика органы тұңғыш рет 1919-жылы Далалық өлке статистика басқармасы ретінде құрылып, оның міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді. 1941-жылы ол Жоспарлау комитетінің Орталық статистика басқармасы болып өзгертілсе, 1948-жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Советі жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта қүрылады.

Орталық статистика басқармасы Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері мен құбылыстары туралы есеп-қисап жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне, ондағы көрсетілген статистикалық мәліметтердің толықтығына, ақиқаттылыгына жауапты болды. Сонымен қатар халық шаруашылығы салаларына қарай деректі мәліметтерді жинап, топтап және талдап, оны дер кезінде басшы орындарға беріп отырды. 1987-жылы тамыз айында басқарма Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті болып өзгертілді. 1995-жылы ҚР Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылады. 1996-жылы 29-қазанда Президент жарлығымен ҚР Ұлтгық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі және оған қарасты ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстанның, ТМД-ның басқа да елдері сияқты, нарықтық қатынасқа көшуі статистика мен есепке алуды түбегейлі қайта құруды талап етті. Нарықтық экономикада қолданылатын статистикалық көрсеткіштердің жүйесін зерделеу, оларды есептеудің әдістемесін меңгеру, экономикалық дамыған елдердің жинақталған Тәжірибелік тәжірибесін игеру, статистика мен есепке алуда пайдаланылатын халықаралық стандарттарды енгізу қажет болды. Осының барлығы 1992 жылы Үкімет қабылдаған Есепке алу мен статистиканың халықаралық практикада қабылданған жүйесіне көшудің республикалық бағдарламасына негіз болды. Бірінші кезектегі және негіз қалаушы міндеттер ретінде мемлекеттік статистиканың жалпы әдіснамалық және ұйымдастыру негіздерін, аса маңызды көрсеткіші жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) болып табылатын ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) талаптарына сәйкес реформалау, оған ұлттық экономикалық қызметтің негізгі сипаттамасы мәртебесін беру көзделді [10].

Қорыта айтқанда, зерттелген әдебиеттерге сүйенсек, «статистика» мамандығы – әрi ғылым, әрi қызмет саласы, әрi мамандық түрi екен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет