Түрік қағанаты, Түркеш, Қарлұқ кезеңдеріӨңдеу Толық мақалалары: Түрік қағанаты, Түркеш қағандығы, және Қарлұқ қағанаты Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік қағанатын құрды. Оның алғашқы қағандары Бумын, Қара қаған, Мұқан қағандар еді. Осы қағандардың тұсында көршілес жуан-жуан тайпалары бағындырылды. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-БатысМанчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Туважерінде Енисей қырғыздары бағындырылды. Істеми каған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.
582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. 603 жылы Түрік қағанаты Шығысжәне Батыс Түрік қағанаттарына бөлінді.
Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағаиатының жұрты "он оқ бодун" — "он оқ елі" аталды. Алдында қидан елін, Енисей қырғыздарын басып алған Шығыс Түрік қағанаты, 711 жылғы Инел қаған мен оның бас колбасшысы Тоныкөктің тұсында түркештерді өзіне кқаратты. Бұдан соң 716 жылы Білге қағанның тұсында түріктер қытай әскерлеріне үлкен соққы берді.
Батыс Түрік қағанаты да өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 жылы Еділ бойын, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталық Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды.
VII ғасырдың аяғына қарай түркі тайпаларына жататын түркеш тайпасының күшеюі байқалды. Шумен Іле өзендерінің аралығында қоныстанған түркештер VI ғасырдан бастап Батыс Түрік қағанатына кірген. Олар:
қара түркештер,
сары түркештер болып екіге бөлінді.
Сонымен түркештер VII ғасырдың соңында Шаш (қазіргі Ташкент) қаласынан бастап, Тұрпанға, Бесбалыққа дейінгі жерді бағындырды.
VIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпаларыкелді. Қытай деректері оларды түркі тайпаларына қоспайды, тек түріктер бағындырған тайпа деп есептейді. Дегенмен қарлұқтардың түркі тілдес, түркі тектес тайпа екендігін кейбір қытай деректері көрсетеді. Олар бұрынғы Батыс Түрік қағанатының жерінде билік құрды. Бұрынғы Батыс Түрік қағанатының, одан соң түркештердің орталығы болған Суяб, Талас қалалары олардың орталығына айналды. Қарлұқтар үш үлкен — болат, шығыл, ташлық деген тайпаларға бөлінді.
Түркештер заманында, одан кейін қарлұқтар заманында Орталық Азияның біраз жерлерін арабтар жаулап алған еді. Олар арабтармен әр кез соғысып отырды. 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді. Сөйтіп, Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді.
756 жылы қарлұқтар түркештерді толық жеңіп, Оңтүстік-шығыс Қазакстанда өзінің толық саяси билігін құрды. Осы кезеңде, бұдан кейінгі онжылдықтарда да қарлұқтардың бірден-бір қарсыластары шығыстағы тоғыз-оғыздар болды. Олар кейіннен Шығыс Түркістанның батыс бөлігін, Жетісудың біраз жерін қарлұқтардан тартып алды. Тоғыз-оғыздардың құрамына кіретін ягма, сеянто тайпалары Шығыс Қазақстан жерінде билік құрды.
VIII ғасырдың соңына қарай Қазақстан жеріне түркі тектес көшпелі оғыз тайпасы келіп қоныстанады. Оғыз тайпалар одағына қарлұқтар, халаждар, жағралар, шарұқтар, кейінірек қаңғар-пешенегтоптары кірді. Алдыңғылары Жетісуды мекендеген тайпалар болса, кейінгілері Сырдарияның бойын мекендеген. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, оғыз тайпалар бірлестігіне түркі тектес тайпалармен қатар үнді-еуропа тілдес тайпалар да (астар, аландар) кірген.
Оғыздардың алғаш жайлаған жері Сырдың ортаңғы, төменгі ағысы, Арал теңізінің маңы, Қаратау жоталары, Шу, Балқаш өңірі. IX ғасырдаоғыздар Каспий аймағына қарай ауып, Жайық, Ырғыз, Жем, Ойыл өзендері, Мұғалжар тауыаймағына, одан әрі Жайық пен Еділ аралығына қоныстаңды. X ғасырда оғыздар хазарлардыталқандап, Кавказ сыртынан Алдыңғы Азияға дейін жетті. Оғыздар Қазақстан жерінде болған екі ғасырдай уақытта баска түркі тайпаларымен өзара этностық, мәдени-шаруашылық ықпалдастықта болды.