Қазақ филологиясы кафедрасы



бет32/70
Дата04.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#171021
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Он бірінші апта

21 – дәріс


Тақырыбы: Ғұмар Қарашұлы шығармашылығы
Дәріс мазмұны:

  1. Ғұмар Қарашұлы өмір жолы

  2. Ғұмар Қарашұлының шығармалары

Дәріс мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде «Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел-хажы», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» сияқты өлең кітаптарын талдау.

Ғұмар Қараш – көрнекті ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер-ағартушы, дін-шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама-ахун, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелеріхақында үзбей ой толғаған қаламгер, «Қазақстан», «Дұрыстық жолы» сияқты газеттер мен «Мұғалім» журналын шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры.


Оның 1910-1918 жылдарда Қазан, Үпі (Уфа), Орынбор қалаларынан «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел-хажы», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» сияқты өлең кітаптары мен прозалық-философиялық толғаныстары жарық көрді. Сонымен қатар ел аузында жүрген ақын, жыраулар мұрасын, эпостық жырларды жинап, жариялауда елеулі істер атқарды. Қазақстанның батыс өңіріне тараған батырлық жыр мұраларды жинастырып, 1910-1912 жылдары Орынбор қаласынан «Шайыр», яки қазақ ақындарының басты жырлары», «Көксілдер», яки бұрынғы мырза ұлы һәм ноғайлы батыр-лары уа ғайри мағыналы жырлар» деген екі жинақ шы-ғарады. «Шайыр» жинағына Байтоқ, Жанұзақ, Доспамбет, Қазтуған, Шәлгез, Әсет, Шәңгерей шығармаларын, шешендік сөздер мен «Ер Шобан», «Әділ сұлтан» сияқты жырларды – жиырмадан аса әдеби мұраны топтастырған.
Ғұмар Қараш XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласына кең тараған «Айқап», «Мұғалім», «Шора» журналдары мен «Қазақстан», «Ұран», «Дұрыстық жолы», «Қазақ дұрысты-ғы» сияқты газеттерде сол дәуірдің көкейкесті мәселелері хақында өлеңдер мен мақалалар жариялап, мерзімді баспасөз бетінде жиі көрінеді.
Ғұмар Қараштың 1919 жылы Ордада қазақ жазушы-ларын біріктіретін алғашқы одақ негізін салғанын айтсақ, өзі туып-өскен өңірден «Қырқұдық» аталатын ауыл шаруашы-лық артелін ұйымдастырып, қандастарын жаңа өмірге бейімдегенін еске алсақ, қысқа ғұмырында қыруар іс бітірген тұлғаның толайым бейнесін тани түсеміз.
«Ғұмар Қараш 1875 жылы бұрынғы Бөкей ордасындағы Таловка қисымында №2 старшындықтағы Құрқұдық тұрағында дүниеге келген. Ол Қараштың алты ұлының үлкені» деп жазады белгілі тарихшы Исатай Кенжәлиев өзінің «Ғұмар Қараш» атты кітабында. Бұл 1920 жылы көкек айында Ғұмардың өз қолымен жазылған «Тіркеу карточкасынан» алынған дерек. Бұл өңір қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарайды.
Ғұмардың руы – Кіші жүз құрамына кіретін ноғай-қазақ. Оның ішінде қояс, одан Оразақай. Әйгілі Шәлгез жырау Тіленшіұлы Ғұмардың түп атасы делінеді. Ғұмар әкеден жастай жетім қалса да, ауқатты ағайындары арқасында қатарынан қалмай білім алған – әуелі ауыл молдасынан оқып, хат танып, сауат ашады. Кейін Ғұмар Жазықұлы, Ысмағұл Қашғари сияқты молдалардан, Жалпақтал (Фурманов) елді мекеніндегі Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алғаны айтылады. Исатай Кенжәлиев Ғұмарды жас кезінде сол өңірдегі 1 кластық орыс-қырғыз училищесінде оқуы да мүмкін дейді. Өйткені Ғұмардың жастайынан татар, орыс, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. «Ғұмар Қараш» атты кітап жазған зерттеуші Мақсат Тәж-Мұраттың еңбегін-де кейіпкеріміздің Уфадағы «Ғалия» медресесінде, тіпті Стамбұлда оқығандығы туралы деректер бар екенін ортаға салады. Алайда бұл мәліметтерді нақтылайтын тарихи құ-жат әзірге табылмаған.
И.Кенжәлиев Ғұмардың 17 жасынан-ақ молда болып, 1892-1898 жылдары туған жері Құрқұдықта бала оқытқанын айтады. 1902-1910 жылдары да өзі туып өскен ауылында, Тіленшісай, Борсы мекендерінде жәдитше (жаңаша) бала оқытқаны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет