ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013
|
ПОӘК
«Қазақ халық ауыз әдебиеті»
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
______2013 жылғы
№ 3 басылым
|
5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті
5 В 020500 «Филология»
В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
«Қазақ халық ауыз әдебиеті»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4 Студенттердің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ -Халықтың ауыза шығып, ауызша таралған шығармашылығы.
АҚ ӨЛЕҢ (ағылшын. Blank verse – ақ өлең) – силлабикалық және силлабо-тоникалық өлең жүйесіндегі ұйқассыз Эуропа халықтарының поэтикалық жадында «ақ» сөзінің «белгісіз, аяқталмаған, толықтырылмаған» деген ұғымдардың семантикалық эквиваленті ретінде қолданылуына байланысты. (Бұл ретте қазақ тіліне калькалау арқылы енген «ақ таңдақ» тіркесін еске алыңыз). Яғни тармақтардың соңындағы сөздердің дыбыстық тұрғыда үйлеспеуі, қабыспауы (ұйқастың белгісіз қалыпта, «ақ» күйінде қалуы) бұл өлең үлгісін «ақ өлең» атауға себеп болған.
АЛЛИТЕРАЦИЯ (латын. аd-littera – дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Бүкіл әлем поэзиясында ертеден қалыптасып келе жатқан стилистикалық айшық (фигура).Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.
АЛОГИЗМ (грекше а – жоққа шығару жұрнағы, (logismos – ақыл ) – біріне бірі логикалық қисыны жағынан кереғар, қарама- қайшы ұғымдарды әдейі жақындатып, жалғастыру арқылы ойды айрықша әсерлі етіп жеткізетін стильдік тәсіл.
ӘДЕБИ ҚАҺАРМАН - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға. Ол қатардағы кейіпкерлерге, персонаждарға қарағанда бас кейіпкер, жан-жақты сомдалған толыққанды образ саналады, эпостық және әдеби эпикалық шығармаларда негізгі қаһарман ретінде жағымды түрде бейнеленеді.
ӘДЕБИЕТТІҢ КӨРКЕМДІК МӘНІ –сөз өнерінің бейнелілік, суреттілік қасиетінен туындайтын, адамның эстетикалық ой-сезімін қалыптастыруға үлкен әсер ететін ең басты сипатының бірі. Әдебиеттің қоғамдық маңыздылығы оның танымдық, тәрбиелік және көркемдік мәніне негізделеді.
БАЛЛАДА (француз., ballada – би әні) – поэзия жанры, оқиғаға құрылған, лирикалық сарындағы ұзақ өлең. Орта ғасырлардағы француз поэзиясының би үстінде айтылатын махаббат тақырыбын жырлайтын оқиғалы жыры ретінде пайда болған баллада кейінірек ағылшын, шотланд поэзиясына сіңісіп, халық әдебиетінің лиро- эпикалық әмбебап, шағын жанры болады.
МЕТАФОРА, АУЫСТЫРУ – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып – жақындату негізінде астарлы тың мағына беретінбейнелі сөз немесе сөз тіркесі.
ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫ - өлең сөзде қолданылатын өлшем-өрнектердің жасалу жүйесі, оның ырғағына, дыбысүндестігіне тән ерекшеліктерді белгілейтін негізгі шарттар мен заңдылықтар.
ПАРАЛЛЕЛИЗМ – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алыпбейнелеу тәсілі. Екі түрлі ұғымды білдіретін тіл элементтері бір-біріне әсер етіп, тұтас поэтикалық бейнені тудырады.
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 модуль. Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы.
1-дәріс: Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі.
«Халық әдебиеті», «Фольклор», «Ауыз әдебиеті», «Халық поэзиясы», «Халық сөз өнері» деген атаулардың ерекшеліктері. Фольклортанудың тіл, этнография, тарих, философия, музыкамен байланысы. Фольклордың пайда болуы, жанрлар ме түрлері. Фольклордың көп қырлы болмыс-бітімі, әдет-ғұрыппен байланысы. Ауызша сөз өнерінің синкреттік сипатының басым болуы мен вариантты болып келуі. Фольклор халықтың үміт арманын, тарихи-әлеуметтік құбылыстар туралы түсінігі мен бағасын көрсететіндігі. Танымдық, тәрбиелік, эстетикалық қызметттері.
Әдебиеттер:1-7,29,31,34,43,52,55.
2-дәріс: Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы.
Қазақ фольклорының қалыптасуы өте ұзақ та күрделі процесс. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілеріне миф, еретегі, аңыз, әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б. жанрларды жатқызамыз. Бұл дәуірде қалыптасқан халық қазынасы халықтық дүниетанмның ең ерте дәуірлерінегі зороастризм, шаманизм, анимизм, тотемизмге байланысты туып қалыптасқан. Қазақ эпостарының осы күнгі бастамалары ерте замандардағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде қалыптасқан. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем мұрасы. Орта ғасырлардағы фольклор үлгілеріне батырлық эпос, ғашықтық эпос, ертегі, аңыз, әпсана жанрлары жатады. Түркі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға ықпалы зор болды. Фольклордың ең өзекті тақырыбы- елдік пен ерлікті жырлау. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күресі фолшьклорда кеңінен сөз болды. Қазақстанның Ресейдің боданы болуына байланысты фольклорда жаңа тақырыптар пайда болды. 1916ж. ұлт-азаттық көретіліс, 1941-45ж.ж. ІІ Дүниежүзілік соғысы арнау, жоқтау, сәлем хат, қоштасу тәрізді лирикалық жыр жанралрының қайта жаңғырған кезеңі еді. ІІ Дүнижүзілік соғыс кезіндегі халық поэзиясы. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы және фольклористика ғылымының тарихы.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу шын мәнінде бірнеше ғасырлық тарихы бар келелі іс. Қазақ фольклоры туралы ғылым ХУІІІ ғ. қалыптаса бастады. ХІХ ғ. І жартысында қазақ фольклорының этнографиялық бағытта зерттелді. ХХғ. бас кезіндегі қазақ фольклоры жаййында мәселелр көтеріліп, газет-журналдарда халық мұрасын жинау, зерттеу, бағалау хақында пікірлер айтылды. (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М:Әуезов, С.Мұқанов т.б.) 30ж.ж. кеңестік дәуірдергі халық творчествосын зерттеу одақтық көлемде қолға алына бастады. М.Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры»(1939), С.Мұқановтың «Батырлар жыры» (1939), Қ.Жұмалиевтің «Халық поэмалары» (1939), Ә.Марғұланның «Қазақ эпосын тудырған мотивтер» (1939) т.б. еңбектері жарияланды. 40-50ж.ж. қазақ фольклорының жанрларын монографиялық көлемде зерттеу қолға алынды. 70-80ж.ж. қазақ фолклортану ғылымының үлкен белесті кезеңі болды. Ғылымға Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Б,Абылқасымов, Ш.Ыбыраев, Б.Адамбаев, Ә.Қоңыратбаев сынды ғалымдар келді. Қазақ фольклорының поэтикасы, тарихилығы, эстеткиасы т.б. өзекті мәселелер зерттеу нысанасына алынды.
Әдебиеттер:1-7,14,15,16,17,34,43,45,52,54,55.
2 модуль. Ғұрып фольклоры және тұрмыс салт жырлары.
3-дәріс: Ғұрып фольклоры және тұрмыс салт жырлары.
Қазақтың отбасылық, маусыимдық және бақташылық ғұрып фольклоры. Бала өсіру, үйлену және жаназалау ғұрыптары. Тұрмыс-салт жырлары: бақташылық, діни, татемдік, ұлыс, бөбек, үйлену, жаназалау, лирикалық өлең-жырлар.
Тұрмыс-салт өлеңдерінің зерттелуі мен класификациясы. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері. Еңбек кәсіпке байланысты өлеңдер халықтың тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс кәсібіне байланысты туатындығы. Аңшылық, егіншілік, малшылық, наурыз өлеңдерінің ерекшелігі. Бір шоғыр өлеңдер үйлену салтына байланысты айтылатындығы. Олар «Тойбастар», «Тойтарқар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар» өлеңдері қыз ұзатып, келін түсіруге байланысты айтылуы. Тұрмыс-салт жырларыны ңкейбірі адам қайтыс болғанда («Естірту», «Көңіл айту», «Жоқтау») айтылады. Ал наным-сенімге байланысты айтылатын тағы бір топ өлеңдер («Бәдік», «Арбау», «Бақсы сарыны», «Жарапазан») бар. Бұл өлеңдер әр түрлі мақсатта айтылады. «Бәдік», «Бақсы сарыны» емдеу үшін, «Арбау-байлау» өлеңдері сөз арқылы әсер ету ретінде айтылады. Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық Өлеңдер қара өлең, тарихи өлең, ән-һөлең болып үшке бөлініп, түрлі тақырыпты қамтиды. Қара өлең он бір буынды, төрт тармақты, үш жолы ұйқасқа (а,аб,а) құрылады. Қара өлең әнмн айтылып, айырмасы болатындығы. Тарихи өлең болған оқиға негізінде туады. «Қаратаудың басынан көш келеді» атты өлең жоңғар шапқыншылығына байланысты туса, «Ақмешітті алу», «Дәметкеннің зары», «Жанкісінің Битемірге айтқаны» қатарды өлеңдер орыс отарлаушылары мен ұлт азаттық көтеріліске байланысты туған. Ән өлең бір адамның ішкі сезімі, көңіл күйіне орай туып, әнмен орындалады.
Әдебиеттер:1-7,9,16,18,19,20,31,34,36,39,40,41,48,5254.
4-дәріс: Мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен класификациялаудың принциптері. Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы мағыналары. Құрылысы жағынан ықшам болып, ырғақ, ұйқасқа құрылатындығы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы. Мақалда түсінік пен қорытынды қатар айтылып, ой тиянақты келсе, мәтелде ой ишара, тұспалмен беріледі. Мақал-мәтелдердің тақырыбы халық өмірінің барлық саласын қамтиды. Мақалда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні айтылады. Мақал-мәтелдердің қанатты сөз, афоризмдерден айырмашылығы.
Әдебиеттер:1-7,18,21,56.
3 модуль Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең.Шешендік сөздер.
5-дәріс: Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең.
Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері мен жасалу жолдары. Жұмбақтардың шығуына таудың әсері. Жұмбақ заттардың қызметіне, дәміне, түсіне, сыртқы көрінісіне, дыбысына, қандай нәрседен жасалатыныына қарай ойластырылады. Жұмбақ - өмірдегі зат пен құбылысты тану құралы. Жұмбақтар басқа жанрлармен (ертегі, айтыс, мақал-мәтел, шешендік сөздер) байланысты болады.
Жаңылтпаш көбіне тез айтуға құралады. Балалардың тілін дамытады, кейде ойын үстінде үлкендер де айтады. Өтірік өлең өмірде болмайтын жағдайларды өлеңге айналдырады. Өтірікті шындыққа айналдырып айту үлкен тапқырылқты талап етеді.
Әдебиеттер:1-7,23,24,36,49.
6-дәріс: Шешендік сөздер.
Шешендік сөздер ақындар айтысы секілді, халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін жанрларының бірі. Әдетте, шешендік өнер айтыс-дауда туып, дамиды. Философиялық терең ойға құрылған шешендік сөздер сайысы тек қазақ халқы ғана емес әлемдік әдебиеттің ежелгі дәуірлеріндегі халықтың көбіне тән. Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық жиі қолданып,сәйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі,үлгілі сөздер. Шешендік сөздерді шартты түрде мазмұнына қарай үшке бәлеміз: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік арнау – белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл және бата сөздер. Шешендік толғау сөздер. Шешендік арнау сөздер адамдар арасындағы қарым-қатынас пен көңіл-күйін бейнелесе,шешендік толғау халықтың табиғат құбылыстары мен өмір өзгешеліктеріне өзіндік көзқарасын көрсетеді. Шешендік дау-қазақ қауымының заттық және даулы мәселелерді шешетін ежелгі әдет заңынан елес береді. Шешендік Дауды мазмұнына қарай шартты түрде жер дауы, жесір дауы, құл дауы,мал дауы және ар дауы деп беске бөлуге болады.
Әдебиеттер:1-7,22,25,37,38,42,45,50.
7-дәріс: Аңыздар.
Аңыз, жылнама, миф, шежіре қай елде болса да, бар. Қазақ халық ауыз әдебиеті аңыз, миф, әңгімелерге аса бай. Халық прозасының ертегіге жатпайтын жанрлары өзінің табиғаты мен мүддесіне қарай баяндап отырған оқиғаларын шын етіп көрсетуге тырысады, әрбір фактіні өмірде болады деп хабарлайды. 1.Аңыз, әпсана, миф, хикая мен әңгімедегі баяндалған оқиға шын болып көрінуге тиіс, өйтпегенде ол шығармалардың тыңдаушы үшін құны болмайды. 2.Аңыздық прорзада қиял саналы түрде пайдаланылмайды. 3.Баяндаушы аңыздың немесе хикаяның көркемдігін әрлендіріп жатпайды, оның міндеті – қажетті мәліметті, оқиғаны хабарлау. 4.Танымдық қызметі басым ( ғибрат, білім беру). Миф – дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстар мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғашқы қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп, баяндайтын прозалық шығармалар.
Хикая дегеніміз – ел өмірде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселері туралы діни-нанымға негізделген әңгімелер. Аңыз дегеніміз – бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір тайпаның, рудың ауызекі шежіресі. Әпсана (легенда)- дегеніміз қазақ фолклорының ертегіге жатпайтын қиял мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын бірақ мұсылмандық дінге негізделмеген әңгіме.
Аңыздар олардың түрлері. Аңыздардың тарихи негіздері.
Әдебиеттер:1-7,9,10,11,20,37,43,45,52.
8-дәріс: Ертегілер.
Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын жанрлардың бір түрі - ертегілер. Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХғ. II жартысынан басталады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтан бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдары еңбек сіңірген. Ертегі жанрының мақсаты - тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем- эстетикалық роль атқарады. Ертегілік прозаның басты мақсаты - сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әсерлеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең арғы заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Қиял-ғажайып ертегілер - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Алғашқы қауымдық қоғамда дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың ертедегі өмірінің көптеген белгілері сақталған. (Матриархат дәуірі, анимизм, тотемизм, магия сияқты діни наным –сенімдер). Қиял-ғажайып ертегілердің сюжеті мен поэтикасына, құрылымына батырлық жырлар үлкен әсер еткен.
Әдебиеттер:1-7,9,10,11,12,15,37,45.
9-дәріс: Эпостық жырлар.
Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы-эпостық жырлар.Эпос деп оқиғасы ел өмірінен алынып, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен-үлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз. Қазақ эпосының түрлері: 1.Көне эпос; 2.Батырлық эпос; 3.Ғашықтық эпос; 4.Тарихи эпос. Қазақтың көне эпостарына: «Құламерген, Жоямерген», «Таласбай мерген», «Дотан батыр», «Құбығұл», «Мұңлық-Зарлық» жатады. Алғашқы адамдарының дүниетанымын көркем елестететін мифтік, ертегілік, аңыздық оқиғаларға құрылған эпикалық туындылардың ортақ белгілері: 1. Қипял-ғжайып оқиға күрделі орын алады, адам баласына қаскөй күштер:жезтырнақ, дию, аждаһалар, албастылармен күрес, оларды жеңіп барып мұратқа жету көрсетіледі.2. Көне эпоста дүниенің жаралуы туралы мифтік ұғымдар көрініс тапқан. 3. Анаеркі (матриархат) дәуірінің ыдырап, атаеркі (патриархат) кезеңінің салты орныға бастаған шақтың сипаттарын танытатын оқиғалар кездеседі. 4.Көне эпосыта ертедегі аңшылық өмірдің суреттері неғұрлым көбірек сақталған. 5. Адамдардың сиқырлы күштерге сенуі (анимизм,тотемизм т.б.), жан-жануарлардың, өсімдік дүниесінің жаны, иесі бар деп есептеушілігі эпикалық шығырмаларда өз ізін қалдырған. 6.Баласыздық тақсіреті, әулиелер аралап, мінәжат етіп жүріп перзентті болушылық, түс көру, аян беру, болашақ қаһарманның ғажайып тууы тәрізді мотивтер сюжетке негіз болады.7.Қаһарманның жедел есеюі, жүйрік ат таңдап мініп, қауіпті алыс сапарға аттануы, жол жөнекей алуан түрлі жыртқыш, сиқырлы қас күштермен кездесуі, батырлықпен үйленуі-көне эпоста кең таралған құбылыс. Әрбір халықтың эпостық жырларының қатарынан батырлар жырының алатын орны үлкен. Батырлар жыры елдің сандаған ғасырларда бастан кешкен тарихын, салт-санасын көркем жинақтайды, түрлі оқиғаларға өзіндік көз-қарасын белгілейді, алдан күткен арманын білдіреді. Тарихта болған белгілі оқиғалар мен істердің дәлме-дәл шежіресі, көшірмесі болғанмен қаһармандық эпос сондай құбылыстардың терең тұжырымын аңғартады. Батырлар жырында ерлік, отан сүйгіштік қасиеттер асқақтата жырланады. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз мінез, қасиеттерді әсірелеп беру эпосқа тән қасиет.
Әдебиеттер:1-7,8,11,13,14,27,32,33,34,44,45,46,47,55.
4-модуль Балалар фольклоры және тарихы жырлардың бала тәрбиелеудегі алатын орны.
10-дәріс:Тарихи жырлар.
Тарихи жырлардың ең басты ерекшеліктері өмірде болған оқиға негізінде туатындығы. Тарихи жырларға алғаш назар аударған Ш.Уәлиханов болса, одан бері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, Е.Ысмайылов т.б. ғалымдар пікір айтып анықтама берген. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы тарихи жырларға «Абылай хан», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «ОЛжабай батыр», «Бекет», «Жанқжа батыр», «Сұраншы батыр», «Исатай-Махамбет » т.б. жырлары жатады. Бұл топтағы жырлардағы басты қаһармандар жоңғар қалмақтары мен ҚоқанХиуа хандықтарның озбырлығына қарсы күрескендіктен аталған жырлардың тақырыбы елді-жерді қорғау болып келеді.
Әдебиеттер:1-7,13,27,32,34,43,44,45,51,52,53.
11-дәріс:Айтыс өнері және қазіргі халық поэзиясы.
Айтыс атауының мағынасы. Айтыс қазақтан басқа кейбір елдерде (Индия, Араб, Франция, Қырғыз т.б.) болатындығы. Айтыс көпшіліктің көз алдында өсетіндіктен табанда тауып айту басты шарт. Қарсы ақынның сөзіне ұтымды да ұтқыр жауап қайтара білу керек. Айтыстың бірнеше түрі бар. Олар қыз бен жігіт айтысы, ақындар, әдет-салт айтысы, жұмбақ айтысы т..б болып бөлінеді. Айтыс ХІХ ғасырда кеңінен дамыған. Көптеген белгілі ақындар (Сүйінбай, Шөже, Жанақ, Құлмамбет, Кемпірбай, Әсет, Біржан, Сара, Ұлбике, Ырысжан, Майкөт, Түбек, Манат қыз т.б.) айтыс мектебін өту арқылы көпке танылған.
Қазіргі заман халық поэзиясының өкілдері: Ж.Жабаев, И.Байзақов, Н.Байғанин, К.Әзірбаев, О.Шипин, Н.Бекжанов, Т.Көбдіков, Қ.Жапсарбаев, І.Манкин т.б. ақындар екендігі. Бұлардың басты басты ерекшелігі – қолма-қол төгіп айтатын импровизатор екендіктері. Ақпа ақындардың сынға түсіп, танылатын жері-шары топ, торқалы жиын, қызған айтыс үсті. Халық ақындарының шығармаларында фольклордағы ортақ дәстүрлер мен ортақ мотивтер басым көрінеді. Суырып салып жырлау – біртіндеп жетілетін қасиет. Бұл топтағы ақындар үлкен эпикалық жырлардың туып-қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан тұғалар. Халық ақындары өз заманнының шындығын жырлап, үнемі халықтық мүдде тұрғысынан сөйлейтін өнер иелері.
Әдебиеттер:17,26,28,29,31,35,37,45,52,55.
12-дәріс: Балалар фольклоры және бала тәрбиелеу ғұрыптары
Балалар фольклоры деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиетінің көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Балалар фольклорының арнайы сала болып бөліну себебі оның өзіне тән көптеген ерекшеліктерінің болуында. Халқымыздың балалар фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан салалы, олардың атқаратын қызметі де түрліше. Зерттеу еңбектерде оларды үлкендердің балаларға арнап шығарған, бірақ негізінен балалрдың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздері таратқан өлең-жырлар деп екіге бөлу қалыптасқан. Балалар фольклорының халық педагогикасымен тығыз байланысты. Балалар фольклорының үлкен бір саласы - ойын өлеңдері.Тілі шығып, сөйлей бастағаннан, кәмелетке толып, есейген шағына дейін баланың жасына лайықты сан түрлі ойын ойналған. («Саусақ санау», «Қуырмаш», «Бес саусақ», «Соқыр теке», «Кім ұшты?», «Қаламақ», «Сұрамақ» т.б.). Балалар фольклоры балалардың ойын ұштап, қиялына қанат беріп, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге тапқырлыққа, шешендікке де баулиды.
Әдебиеттер. 1-7,19,29,36,37,339,40,45,48,54,56.
№1семинар. Тақырыбы:Ғұрып фольклоры және тұрмыс-салт жылары
1. Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен класификациясы.
2. Ш.Уәлиханов, В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуі.
3. А.Байтұрсынұлының фольклор мұраларын жіктеуі. Сарындама.
4. Қазіргі зертелу жайы және класификациялаудың проблемалары, жанрдың сипаттамасы.
5. Тұрмыс-салт жырлардың үй-іші, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт-ырым, әдет-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы.
6. Еңбек кәсіппен байланысты туған өлең жырлардың жанрлық түрлері.
7. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер.
8. Үй-іші салтына байланысты өлең түрлері.
9. Қара өлең, ән өлең, тарихи өлеңдер.
10. Лирикалық өлеңдердегіқазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
№1 семинар бойынша тапсырмалар.
Бақсы сарынын жатқа оқу.
Бәдік жырын жатқа оқы.
Жар-жарды жатқа оқы.
Сыңсуды жатқа оқы.
Қоштасуды жатқа оқы.
Жұбатуды жатқа оқы.
Махаббат, туған жер, еңбек-кәсіп, тәлім-тәрбие т.б. тақырыптағы қара өлеңдерден жатқа оқу.
Халық әндерінің 1-2 мәтінін жатқа оқу.
Тарихи өлеңдердің 1-2 мәтінін жатқа оқу.
Әдебиеттер:1-7,14,16,17,18,29,32,34,37,38,39,46,50,52.
№ 2 семинар. Тақырыбы: Мақалдар мен мәтелдер
Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен классификациялаудың принциптері.
Тақырыптық, логикалық, семантикалық жіктеулер туралы түсінік.
Мақал–мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және оның ауызекі сөйлеу тілімен байланысы.
Мақал-мәтелдердің тақырыбы халық өмірінің барлық саласын қамтуы.
Мақал-мәтелдердің жалпы және жалқы мағыналары.
Құрылысы, ырғақ, ұйқас, үндестік ерекшеліктері.
Мәтелдің мақалдан айырмашылығы.
Қанатты сөздер, афоризмдермен арақатынасы.
Әдебиеттер:1-5,19,21,22,34,47.
№3- семинар. Тақырыбы: Жұмбақтар,жаңылтпаштар, өтірік өлең
Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы.
Жанрлық белгілері. Жұмбақтың жасалу жолдары мен тәсілдері.
Жұмбақтың тақырыбы, ондағы халық тұрмысының көрінісі.
Жұмбақтың басқа жанрлармен (ертегі, айтыс, мақал-мәтел, шешендік сөздермен байланысы.
Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркем бейнелеу тәсілдері.
Өтірік өлеңнің жанрлық сипаты, шендестіріу.(антитеза мен әсірелеудің ролі).
Әдебиеттер:1-7,18,21,56.
№ 4- семинар: Шешендік сөздер
Шешендік сөздердің табиғаты, атқарған қызметі мен қоғамдық мәні.
Шешендік сөздердің жиналу және зерттелу тарихы.
Жанрлық түрлері.
Шешендік арнау.
Шешендік толғау.
Шешендік дау.
Шешендік сөздердің аңыз, мақал-мәтелдермен байланысы.
Шешендік сөздердің эстетикалық, тәрбиелік мәні-маңызы.
Әдебиеттер:1-7,20,23,35,36,40,43,48.
№ 5-семинар. Тақырыбы: Ертегілер
Халық прозасы туралы түсінік.
Ертегілік және аңыздық проза.
Ертегілердің жиналуы мен зерттелуі.
Ертегілердің жанрлық ерекшелігі, халықтық сипаты.
Ертегілердің классификациясы және жанрлық түрлері.
Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Қиял-ғажайып ертегілер.
Батырлық ертегілер.
Новеллалық ертегілер.
Сатиралық ертегілер.
Әдебиеттер: 1-5, 7,8,9,10,13,35,43.
№6- семинар. Тақырыбы: Аңыздар
Аңыз. Анықтамасы мен жанрлық сипаты.
Тарихи, мекендік, күй аңыздары.
Әпсана. Анықтамасы, түрлері, аңыздан айырмасы.
Хикая.
Миф. Мифтік құбылушылық.
Аңыздар, олардың тарихи негіздері.
Әдебиеттер: 1-5,7,8,9,18,35,41,43,50.
№7-семинар: Эпостық жырлар
Қазақ эпосының жанрлық классификациясы.
Көне эпос.
Қаһармандық эпос.
Лиро-эпос.
Тарихи жырлар.
Эпос пен тарих.
Әдебиеттер:1-7,9,11,12,25,30,31,32,42,43,44,45,53.
№7- семинарға тапсырмалар:
«Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысын суреттейтін үзіндісін жатқа оқу.
«Ер Тарғын» жырындағы Тарғынның монологын жатқа оқу.
«Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің портреті берілетін үзіндіні жатқа оқу.
«Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің алты қазбен қоштасуын жатқа оқу.
«Қыз Жібек» жырындағы Жібектің портреті берілетін үзіндіні жатқа оқу.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Ай мен Таңсықтың қоштасу жырын жатқа оқу.
№8-семинар. Тақырыбы: Тарихи жырлар
Тарихи жырлардағы ел мен ер образдары.
Тарихи жырлардың зертелуі.
Тарихи жырлардағы өмір шындығының суреттелуі.
Тарихи жырлардың жіктелуі (Ә.Қоңыратбаевтың зертеулері негізінде).
Әдебиеттер:1-7,9,11,12,25,30,31,32,42,43,44,45,53.
№9-семинар.Тақырыбы: Айтыс өнері және қазіргі халықпоэзиясы
Айтысты мазмұны мен тақырыбына, түріне қарай жіктеу.
Әдет-ғұрыппен, салтпен байланысты айтылатын айтыстар: бәдік, жұмбақ, жар-жар айтыстары.
Сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс-айтыс формаларының түрлері.
Қыз бен жігіт айтысы.
Ақындар айтысы.
Айтыстың қазіргі сипаты мен дамуы.
Айтыстың көркемдік ерекшеліктері.
Әдебиеттер: 1-7, 24,26,30,32,41,42,43,49,50,51.
№10- семинар. Тақырыбы: : Балалар фольклоры
Балалар фольклорының өзіндік ерекшеліктері мен зерттелу тарихы.
Идеялық-көркемдік табиғаты, атқаратын қызметі.
Балалар фольклорының халық педагогикасымен байланысы.
Балалар фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлері.
Бөбектерге арналған өлеңдер.
Айтылу себебі мен мезгілі, тақырыбы мен стильдік өрнегі.
Балалардың өздері орындайтын жырлар.
Ойын өлеңдері.
Балалар фольклорының поэтикасы.
Әдебиеттер. 1-7,17,27,34,35,37,38,43,46,52,54.
4 Студенттің өздік жұмысы
СОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Қазақ тілін оқыту әдістемесінен СОӨЖ орындаудың ерекшеліктері – тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысының қалыптастырылуы.
Студенттер қазақ халық ауыз әдебиеті оқуы барысында қазақ әдебиеті пәнінің мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ тілі мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:
Мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ халық ауыз әдебиетіннің мақсат-міндеттерін анықтай білу іскерлігі;
Әрбір сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәнінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу қабілеті мен іскерлігі;
Әрбір қазақ әдебиеті сабағында білімділік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану;
Оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;
Қазақ әдебиетінде берілетін ғылыми материалдың эиприкалық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;
Сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу іскерлігі;
Жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерігі.
Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу, бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді қолдана білу, оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру, оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.
СОӨЖ орындау барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білу керек. Қазақ тілінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курс барысында қалыптастырылады.
СОӨЖ тапсырмалары
№
|
Тақырыбы
|
Мақсаты мен мазмұны
|
Әдебиет
тер тізімі
|
балл
|
Орындалу мерзімі
|
Бақылау түрі
|
1
|
«Ш.Уәлиханов - фольклортанушы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 16,, 17, 31, 32
|
1-4
|
1-апта
|
Реферат
|
2
|
«М.Әуезов және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 18-21, 33, 38
|
1-4
|
2-апта
|
Реферат
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
«Ә.Марғұлан және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
11, 31-39, 41, 42
|
1-4
|
3-апта
|
Реферат
|
4
|
«С.Мұқанов және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
11, 31-39, 41, 42
|
1-4
|
4-апта
|
Реферат
|
5
|
«С.Сейфуллин және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 14, 15, 18, 27-40
|
1-4
|
5-апта
|
Реферат
|
6
|
«Ә.Қоңыратбаев және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
11, 31-39
|
1-4
|
6-апта
|
Конспект
|
7
|
« М.Ғабдуллин және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
11, 13, 14, 32, 34, 35
|
1-4
|
7-апта
|
Реферат
|
8
|
«С.Қасқабасов және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 14, 15, 18, 27-40
|
1-4
|
8-апта
|
Конспект
|
9
|
«Ә.Диваев және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11-23
|
1-4
|
9-апта
|
Конспект
|
10
|
«Г.Н.Потанин және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 14, 15, 21, 28
|
1-4
|
10-апта
|
Реферат
|
11
|
«В.В.Радлов және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 24-1-28, 32, 37, 38
|
1-4
|
11-апта
|
Реферат
|
12
|
«Р.Бердібаев және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 24-1-28, 32, 37, 38
|
1-4
|
12-апта
|
Конспект
|
13
|
«М.Көпеев және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
1, 11, 19, 34, 35, 37, 38
|
1-4
|
13-апта
|
Реферат
|
СӨЖ тапсырмалары және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
«Қазақ халық ауыз әдебиеті» курсының негізгі мақсаты – Қазақ фольклорын жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзінше сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді.
СӨЖ орындау барысында:
Қазақ халық ауыз әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары туралы мағлұмат алу;
Әдістемелік мұра және оны танып-талдау;
Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеген ғалымдар еңбектерінің маңызын түсіну;
Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы ғалымдар еңбектерінің орнын тану;
СӨЖ тапсырмалары
тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курс барысында қалыптастырылады.
№
|
Тақырыбы
|
Мақсаты мен мазмұны
|
Әдебиет
тер тізімі
|
балл
|
Орындалу мерзімі
|
Бақылау түрі
|
1
|
«Ш.Уәлиханов - фольклортанушы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 16,, 17, 31, 32
|
1-4
|
1-апта
|
Реферат
|
2
|
«М.Әуезов және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 18-21, 33, 38
|
1-4
|
2-апта
|
Реферат
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
«Ә.Марғұлан және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
11, 31-39, 41, 42
|
1-4
|
3-апта
|
Реферат
|
4
|
«С.Мұқанов және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
11, 31-39, 41, 42
|
1-4
|
4-апта
|
Реферат
|
5
|
«С.Сейфуллин және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 14, 15, 18, 27-40
|
1-4
|
5-апта
|
Реферат
|
6
|
«Ә.Қоңыратбаев және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
11, 31-39
|
1-4
|
6-апта
|
Конспект
|
7
|
« М.Ғабдуллин және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
11, 13, 14, 32, 34, 35
|
1-4
|
7-апта
|
Реферат
|
8
|
«С.Қасқабасов және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 14, 15, 18, 27-40
|
1-4
|
8-апта
|
Конспект
|
9
|
«Ә.Диваев және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11-23
|
1-4
|
9-апта
|
Конспект
|
10
|
«Г.Н.Потанин және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 14, 15, 21, 28
|
1-4
|
10-апта
|
Реферат
|
11
|
«В.В.Радлов және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 24-1-28, 32, 37, 38
|
1-4
|
11-апта
|
Реферат
|
12
|
«Р.Бердібаев және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
2-9, 11, 24-1-28, 32, 37, 38
|
1-4
|
12-апта
|
Конспект
|
13
|
«М.Көпеев және қазақ фольклортану ғылымы».
|
Қазақ халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі
|
1, 11, 19, 34, 35, 37, 38
|
1-4
|
13-апта
|
Реферат
|
Бақылау түрлері
Тест тапсырмалары
1. Қай вариантта батырлардың тұсына сүйікті жарының аты жазылған?
А) Гүлбаршын-Қамбар
В) Құртқа-Алпамыс
С) Кенжекей -Қобыланды
Д) Ақжүніс-Тарғын
Е) Назым-Төстік
2. Мына тұлпардың иесі қай вариантта дұрыс берілген:
А) Тарлан-Қобыланды
В) Тайбурыл –Төлеген
С) Көкжорға-Алпамыс
Д) Қарақасқа-Қамбар
Е) Байшұбар- Тарғын
Қай жырдағы қай кейіпкердің мұңы?
« Әуелеп ұшқан алты қаз,
Етің-шекер, сорпаң-баз,
Қонар болсаң, жануар,
Міне – майдан, міне –саз!
Өлмеген құлға, құдая,
Болып қапты енді жаз!...»
А) «Ер Сайыннан» Ер Сайынның зары
В) «Ер Тарғыннан» Тарғынның мұңы
С) «Қозы Көрпештегі» Қозының толғауы
Д) «Қыз Жібектегі» Төлегеннің қоштасуы
Е) « Алпамыстағы» Алпамыстың монологы
4. Қай шығармадан? Кімнің мұңы?
«Сор құдықтың басына
Сорға бола қонды әкем.
Жалмауызға жанынан
Қорқып мені берді әкем»
А) «Ер Төстіктегі» Төстіктің мұңы
В) «Қыз Жібектегі» Сансызбайдың зары
С) «Қозы Көрпеш- Баян сұлудағы» қыздың толғауы
Д) « Керқұла атты Кендебайдағы» Мергенбайдың торығуы
Е) « Едіге батырдағы» Тоқтамыстың сыры
5. Төрт түлік мал туралы сенімде және жырларда айтылатын түйенің пірі:
А) Ойсылқара
В) Сексек ата
С) Қамбар ата
Д) Шопан ата
Е) Баян
6.Қай жыр осылай басталады?
« Бұрынғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда,
Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген болыпты,
Кедейліктен бай болып,
Төрт түлікке жолықты»
А) «Ер Тарғын»
В) «Ер Қосай»
С) «Едіге батыр»
Д) «Қамбар батыр»
Е) «Алпамыс батыр»
7. Қай жырдың басталуы осылай?
«Уақ ұлы Қамбар екен,
Қамбар ұлы Ер Көкше
Ер Көкше жас екен,
Жаста болса, бас екен...»
А) «Қамбар батыр» жыры
В) «Ер Қосай» жыры
С) «Ер Сайын» жыры
Д) «Ер Көкше» жыры
Е) «Ер Тарғын» жыры
8. Қай батырдың кімге айтқан сөзі?
«Қинады жоқтық жанымды,
Ұядан жалғыз баламын
Құс етін беріп бағамын
Үйдегі екі кәрімді,
Оған да назар саламын,
Қабатымен алармын
Алпыс үйлі арықты,
Сеніменен ойнасам,
Айналар ісім қиынға»
А) Қамбар батырдың Назымға айтқаны.
В) Алпамыстың Гүлбаршынға айтқаны
С) Тарғынның Ақжүніске айтқаны
Д) Қобыландының Құртқаға айтқаны
Е) Сайынның Аюбикешке айтқаны
9. Құртқа қай батырдың жары?
А) Тарғынның
В) Сайынның
С) Алпамыстың
Д) Қобыландының
Е) Едігенің
10. «Қазақ эпосымен әдебиет тарихының мәселелері» /1958/ атты ғылыми еңбектің авторы?
А) Қ. Жұмалиев.
В) Ы.Дүйсенбаев.
С) Б.Кенжебаев.
Д) М. Ғабдулин.
Е) Е. Ысмаилов.
11. Батырдың аяқтай алмаған шаруасын тындырып, оның кегін алып, жауды жеңетін кім?
А) Ағасы.
В) Інісі.
С) Баласы.
Д) Әйелі.
Е) Қарындасы.
12. Қай батырдың сөзі?
«Күнді бұлт құрсайды,
Күнді байқай қарасам,
Күн жауарға ұқсайды
Айды бұлт құрсайды,
Айды байқай қарасам,
Түн жауарға ұқсайды.
Бойды байқап қарасам,
Қол-аяғым көсіліп,
Аузы-мұрным ісініп,
Хақтың маған бұйрығы
Таянғанға ұқсайды.»
А) Қобыланды батыр.
В) Ер Сайын
С) Ер Тарғын
Д) Ер Көкше
Е) Қамбар батыр
13. Қай жырдағы қай аттың шабысы?
«Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады.
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады
Кешке таман...
Жын қаққанға ұқсады.
Құла менен құлжаның,
Марал менен бұғының,
Ұзатпай алдын тосады.
Көл жағалай отырған
Көкқұтан мен Қарабай
Көтеріліп ұшқанша
Белінен келіп басады.
А) «Алпамыс батырдағы» Байшұбар.
В) «Қамбар батырдағы» Қарақасқа.
С) «Қыз Жібектегі» Көкжорға
Д) «Қобыланды батырдағы» Тайбурыл.
Е) «Ер Тарғындағы» Тарлан
14. Мынау кімнің сөзі? Қай жырдан?
«Қара жерге қар жауар-
Қарды көр де, етім көр!
Қар үстіне қан тамар-
Қанды көр де, бетім көр»
А) Баян сұлу- «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырынан
В) Жібек-«Қыз Жібек» жырынан
С) Айман-«Айман-Шолпан» жырынан.
Д) Құртқа-«Қобыланды батыр» жырынан.
Е) Ақжүніс- «Ер Тарғын» жырынан.
15. Мақалдың жалғасын тап.
Малым-жанымның садағасы,
Жаным-
А) Қанымның садағасы
В) Арымның садағасы
С) Баламның садағасы
Д) Ақшамның садағасы
Е) Халқымның садағасы
16. Қай ертектен?
«Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда бесті болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді».
А) «Ер Төстік» ертегісінен
В) « Керқұла атты Кендебай» ертегісінен.
С) «Алтын сақа» ертегісінен
Д) « Аламан мен Жоламан» ертегісінен
Е) «Құламерген –Жоямерген» ертегісінен
17. Мынау үзінді қай жырдан? Қыздың аты кім? Тазша кім?
«Шешіп киім, етігін,
Мойнына қыздың мінді енді,
Бағлан өскен хан қызы
Көтеріп тазды жүрді енді.
Салбыратып аяғын
Емшегіне ұрды енді,
Желке шашын тізгін қып,
Былай жүр деп, бұрды енді.»
А) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу». Қыз –Баянның сіңлісі.
В) «Алпамыс батыр » Қыз –Қаракөз, Тазша-Кейқуат.
С) «Қобыланды батыр» Қыз-Қарлыға, Тазша -Қобыланды.
Д) «Ер Едіге» Қыз- пері, Тазша –Баба түкті шаты Әзіз
Е) «Ер Тарғын» Қыз –Ақжүніс, Тазша- Қожақ.
18.Осы жолдар қай шығармадан? Кімдердің қоштасуы?
«Балталы, Бағаналы ел, аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол»
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол»
А) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» Екі қыздың ел- жұртымен қоштасуы.
В) «Айман-Шолпан». Қыздардың көшердегі сөзі.
С) «Қыз Жібек» Жібектің елімен қоштасуы.
Д) «Ер Төстік» Кенжекейдің ұзатылғандағы сыңсуы.
Е) «Қобыланды батыр» Қарлығаның монологы.
19. Қай жырда осы сөз айтылады. Айтатын кім?
«Мен бір бүгін түс көрдім;
Түсімде жаман іс көрдім:
...мінген Көкжорға ат
Ер- тоқымсыз бос көрдім»
А) «Қобыланды батыр» Құртқаның сөзі.
В) «Алпамыс батыр» Гүлбаршынның сөзі.
С) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» Баянның сөзі.
Д) «Қыз Жібек» Жібектің сөзі.
Е) «Ер Тарғын» Ақжүністің сөзі.
20. Мақалдың жалғасын тап.
Жер таусыз болмайды,
Ел ...
А) Жаусыз болмайды.
В) Даусыз болмайды.
С) Сөзсіз болмайды.
Д) Көзсіз болмайды.
Е) Ерсіз болмайды.
Тест тапсырмаларының кілті
Сұрақтардың номері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
Д
|
д
|
д
|
а
|
а
|
е
|
д
|
а
|
д
|
д
|
с
|
с
|
д
|
е
|
в
|
с
|
в
|
а
|
д
|
в
|
Достарыңызбен бөлісу: |