Орыс пен қазақекі халықтың тарихындағы жарқын беттердің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО халық комиссалары кеңесінің шешімімен Алматыда біріккен орталық көркем фильмдер киностудиясы құрылып, Қазақстан киноматографтары ресейлік әріптестермен бірге жұмыс істеген шақты қамтиды.Ол Қазақстан кино өнерінің дамуындағы елеулі кезеңге жол ашып берді. «Мосфильм мен «Ленфильмнің шеберлері қазақ әріптестерімен ынтымақтаса жүріп, бірталай көркем фильмдер жасады. Атақты режиссерлар,ВШК оқытушыларыС.Эйзенштейін,С.Юшкевич, Г.Козинцев, Л. Трауберг актер шеберлігі бойынша сабақ жүргізді, кәсіби бай тәжірибелерін ортаға салды. Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б.Бибиков, У.Шекспирдің пьесасы бойынша әзірлеген, басты рольдерде А.Айманов пен Х.Бокеева ойнаған «Асаға-түсау» спектаклі Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды 1944 жылы Н. Сац пен В.Розов қазақстандық өнер шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жас өспірімдер театры көптеген тамаша артистер тәрбиелеп шығарды.