Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту /Тәрбие сағаты/ 6 сынып



Дата27.12.2016
өлшемі90,79 Kb.
#5885
түріСабақ

Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту

/Тәрбие сағаты/ 6 сынып


Мақсаты:
Балаларға қазақ халқының дәстүрі, тұрмысы жайында түсінік беру.Қонақтың қазақ халқының өмірінде алатын орны жайлы түсінік беру. Қонақжай халық екендігімізді дәлелдеу
Диалогтағы сөздерді аударып, жаңа сөздерді түсіндіру арқылы тілдік қорын байыту, суреттер мен слайд арқылы ойын жетілдіру. Ыдыс аяқ ұлттық киімдер, ұлттық тағамдардың айтылуын үйретіп сөздік қорын дамыту.
Қазақ халқының дәстүрін, әдет - ғұрпын сыйлауға, қонақты құрметтеуге, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болудға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: киіз үй, көрпешелер, дастархан, ыдыс-аяқтар, ұлттық тағамдар
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру. 
2. Үй тапсырмасын тексеру ,


3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 

4/Жаңа сөздермен жұмыс
Қонақ күтеміз.Қазақ халқы қонаққа үлкен құрметпен қарайды. Себебі қонағжайлылық қазақтың қанына сінген қасиет. Қонаөты ақ көңілмен, адал ниетімен және ақжарқындылығымен қарсы алады.
Қазақтарда қонақты екі түрге бөлуге болады: «арнайы қонақ»
әдейі шақырылған қонақты айтады
«Құдайы қонақ» шақырылмаған қонақты айтады.
Бірақ қандай қонақ болмасын қазақ халқы құшақ жайып, қабақ түймей, көңілмен қарсы алады...
Бүгін бізге құдайы қонақтар келеді.
Амандасу түрлері мен мақал - мәтелдерді еске түсіру

Ер кісілермен (атамен) –Ассалаумағалейкум!


Әйел кісілермен( әжемен) – Сәлеметсіз бе?
Балалармен, құрдастармен – Сәлем!
Қонаққа дастарқан жайып, ас беру рәсімі
Үй иесі: Төрге шығыңыз ата! Төрге шығыңыз Әже!
Төрге шық, Оля! Төрге шық, Дима!
(төр орынды көрсетеді)
Қонақтармен әңгімелесу тәсілі!
Барлығы отырып болған соң әңгіме басталады.:
- Денсаулығың қалай? –
- Денсаулығым жақсы? -.
Үй иесі: Ал қонақтар алыс жолдан келдіңіздер енді дастархан дайындайық.
Дастархан төселмес алдында үй иесінің немересі қолына леген, шәйнек,
иығына сүлгі алып қонақтардың қолына су құяды. Алдымен суды қонақ атаға құяды. Келесі, қонақ әжеге құяды.
Әрі қарай үй иелеріне құяды, үлкен кісілерден кейін немерелерге құяды. Қол сүртіп болған соң балаға ризалықтарын білдіріп рахмет айтады, батасын береді.
Ата: Рахмет балам! Өркенің өссін!
Әже: Рахмет балам! Үлкен жігіт бол!
Дастарқан жаю жолы Енді әжемен немере қызы дастархан төсейді. Дастарқанға бір табақ ет әкеліп, үй иесі ет турап, қонақтардың қолына мүше береді. Қонақтардың үлкеніне бас береді. Бас ұстаған адам дастарқан басында отырғандарға көзін бір адамға - көреген , көсем болсын деп, балаларға тек жақсыны естісін деп құлағын, құйқасын "бір - біріне құйқадай жақын болсын" деп барлық дастарқан басында отырғандарға береді. Ал таңдайын шебер болсын деп қыздарға , миын шағып отырғандарға тәрбиелік мәнін түсіндіріп таратады. Үй иесі "еттен алып отырыңыздар" , "жеңіз" деп айтып отырады. Содан кейін ет жеп болған соң сорпасын береді. "Ет - етке, сорпа - бетке" - деп сорпасынан береді.

Еттен кейін шай жасайды. Алдымен дастарханға нан қойылады және әр түрлі тәтті тағамдар қойылады.


Дастархан басында алдын ала үйретілген диалог сөздерін қолданады.
«Маған шай керек»,«Маған бауырсақ беріңізші»,
«Маған шай құйыңызшы», «Рахмет». Үй иесінің ыдыстарына назар аударыңдаршы осы ыдыстарды атайықшы әдемі кесе, әдемі шайнек,
Қонақтың үлкені ата дастарханға «бата» оқиды.
«Бата»- бұл дастарханға ризалық яғни дастарханда молшылық болсын деген ұғымда айтылатын тілек.
Ата: Асың – асыңа береке берсін басыңа!-
Денсаулықтарың мол болсын.
Денсаулықтарың қуанышқа жайыла берсін!
Аспандарың ашық болсын!
Аллаһу акпар (алақандарын жаяды)
Осы айтылған тілек орындалсын деп балалар да алақандарымен беттерін жүргізеді.
Дастархан жиналғаннан кейін қонақтардың есіне осы күн есте сақталу үшін ән айтып, ойындар ойнайды. Бұл дәстүр "Ауылдың алтыаузына сөз береміз" деген дәстүрден шыққан.
Жүргізуші: Ал енді балалар қонақтардың қоштасатын кезі келді.
Қане бәріміз «Сау болыңдар!» «Тағы келіңдер» деп шығарып салайық.
Жүргізуші: Балалар біз бүгін қазақ халқының дәстүрі бойынша «қонақ күту» дәстүрімен таныстық. Міне, балалар атамыз қазақ келген қонағын құдайындай кұтіп, дастарқанға барын қояды. Қонақты жылы шыраймен күтіп, кәшіпейілділікпен қарсы алады. Мынадай жылы шырай атадан балаға тараған дәстүріміз.
Сендерге ұнады ма ?
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды «Сау болыңдар!» Бүгінгі сабақтан қонақты күту үлгісін көрдіңіздер, болашақта осы сабақтан алған білімдерің мен көрген көріністер сіздерге үлгі болар деп ойлаймыз.

Сынып : 5

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Өзім туралы. Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға қазақша еркін ойларын жеткізуге,тақырып бойынша әңгімелеуге, өзі жайлы толық ойын жеткізіп сөйлей білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөлу,оларды ажыратуға, дұрыс айтуға, сөз қорларын байыту, сауатты жазуға дағдыландыру, өзі туралы еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру .

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ақылды, әдепті болуға, үлкендерге көмектесуге, бос уақыттарын үнемдеуге , уақытты ұтымды пайдалана білуге тәрбилеу.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.Қазір қай жыл мезгілі? Күздің айлары қандай?Бүгін күздің нешесі? Аптаның қай күні? Бүгін сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

II Дыбыстық жаттығу.

ә - пәтер, і – есім,ө - өзім, ң – даңғыл, ғ – туған,қ – қаласы, ұ – ұнатамын.

Мұғалім өзі айтып тұрады, балалар қайталайды.Бір оқушы шығып, айтып тұрады, оқушылар қайталайды.

III Үй тапсырмасын тексеру.

7 б. 3-т. Мазмұнын айтып келу, сөздерді жаттау.Оқушыларды ауызша, жеке сұраймын.

IV Сөздік жұмысы.

Оқушылар сөздік дәптерлерді ашып, сөздерді көшіріп жазыңдар.Қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөліп шығамыз.



V Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып – ытқып жүгірді

VI Әңгіме құрастыру.

8 б. 1 – т.



Өзім туралы.

Менің есімім - ... ,жөнім - ... .

Мен ... жастамын.Туған жерім - ... .

Қазір ... қаласында, ... даңғылында (көшесінде), № ... үйде, ... пәтерде тұрамын.Мен ... мектебінде 5 – сыныпта оқимын.Сыныпта ... бір партада отырамын.Мен ... пәнін ұнатамын.Менің бос уақыттағы ермегім – қызықты кітап оқу, сурет салу, би билеу, дойбы ойнау.



VII Тәрбиелік сәті.

Үлкен кісілер әңгімелескенде, ідепті балалар не істейді?

Үлкен кісілер әңгімелескенде, олар шуламайды,сөзге араласпайды.

Мұндай балалар қандай?

Мұндай балалар ақылды, әдепті.

Әдептілік - дегенді қалай түсінесің

"Әдепті бала сүйкімді"

"Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді."

VIII Жаңа тақырып.
Дауысты дыбыстар.

Дауысты

Жуан

Жіңішке

ұ,ы,а,о,у,э

ү,і,ө,ә,и,е







Карточкамен жұмыс

Сөздерге о, ө,ұ, ү әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Қ...л, с...ре, д...п, ...йыншық, қ...ян, с...з, ...зен, к...ше, к...л, т...ғыз, т...рғай, ...шіргіш, к...з, ...ң, д...стық, ...те, с...мке, ш...п, к...н, к...шік, с...р, ...лкен, ж...лдыз, т...н, б...гін, ...зын, қ...мырсқа, ...ш, ж...мыртқа, ...стел, ш...жық, г...л, т...р, ж...р, б...л.



IX Пысықтау кезеңі.

8 б. 2 - тапсырма.

Өзім туралы.

Менің есімім - ... ,жөнім - ... .

Мен ... жастамын.Туған жерім - ... .

Қазір ... қаласында, ... даңғылында (көшесінде), № ... үйде, ... пәтерде тұрамын.Мен ... мектебінде 5 – сыныпта оқимын.Сыныпта ... бір партада отырамын.Мен ... пәнін ұнатамын.Менің бос уақыттағы ермегім – қызықты кітап оқу.


3 – тапсырма.

Менің атым - ... .Менің жөнім - ... .Сенің атың ... .Сенің жөнің - ... .Мен ... жастамын.Мен ... қуаныштымын.Сен ... жастасың.Сен ... қуаныштысың.

Сөз тіркестен сөйлем құрастырып, қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңдар.

X Қорытындылау. Жағын, есімдігін, түскен әрпін жаз.

___ж ____________ қа__ ың

___ж ____________ бесі__іңіз

___ж ____________ жүре__іміз

___ж ____________ сыны__ым

___ж ____________ күре__терің

___ж ____________ ба__ы

___ж ____________ ая__тарыңыз

___ж ____________ үйре__тері

Балалар сабақтың тақырыбы қандай болды? Үлкен кісілер әңгімелескенде, олар не істейді ?

XI Үйге тапсырма.

8 б. 2-т. Мазмұнын айтып келу,сөздерді ,ережені жаттап келу.

Сынып : 5

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ел ордасы – Астана қаласы. Атау мен Ілік септіктері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды тақырып бойынша әңгіме құруға, Атау мен Ілік септіктердің жалғауларын ажыратуға үйрету.Елордамыз жайында жан - жақты мәлметтер беру.

2.Дамытушылық: Атау мен Ілік септікеріне көңіл бөлу , жаттығу жұмыстары , түрлі тапсырмалар арқылы өз ойларын жеткізуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге, қорғауға тәрбилеу, елі үшін ерлік жасай білуге тәрбиелеу, өз тілі қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Қазір қай жыл мезгілі? Қыстың айлары қандай? Бүгін желтоқсанның нешесі? Аптаның қай күні? Бүгін сыныпта кім кезекші?
II Дыбыстық жаттығу.

Ү –Үкімет, қ – қала, ұ – тұрады, ә - әкімшілік, і – елді, ң – Республикасының, ғ – тағайындайды.

Мұғалім өзі айтып тұрады, балалар қайталайды.Бір оқушы шығып, айтып тұрады, оқушылар қайталайды.
III Сөздік жұмысы.

73 б. Сөздерді көшіріп жазу.



Карточкамен жұмыс

Бос орынға керекті шылауларды қойып, сөздерді байланыстырыңыз.

а/жыл ___________ болады /туралы/

ә/орман__________ сөйлесті /дейін/

б/түске___________кел /кейін/

в/түстен__________бар /бірге/

г/әкеңмен________ кел /сайын/


IV Әңгіме.

«Қазақстанның ел ордасы – Астана қаласы» - деген тақырып бойынша әңгіме құрастыру.61 б.


V Сергіту сәті.

2.Мақалдың жалғасын тап.

а/Жері байдың - ___________________________________________________

ә/Туған елдей ел болмас, ___________________________________________

б/Отансыз адам - _________________________________________________


VI Тәрбиелік сәті.

Балалар біз қандай тәрбие аламыз?

Отан үшін не істей аласың?

Отаным не үшін жақын?



VII Бекіту кезеңі.
Әңгімені түсініп оқу, аудару.

«Астана - Бәйтерек»

1997жылы Астана қаласы елордалық мәртебеге ие болды. Бұл тарихи датаны айғақтайтын - «Астана - Бәйтерек» монументі.

Бәйтерек – биік, ірі дегенді білдірсе, екіншіден, ауыспалы мағынасы – тірек, таяныш, сүйеніш.

«Астана - Бәйтерек» монументі металдан, шыныдан, бетоннан жасалған. Оның масштабы 105 метр, салмағы 1000тонна. Шардың деаметрі 22метр, салмағы 300 тоннадан астам. Шар күннің сәулесіне байланысты өзгеріп отыратын «хамелеон» шынысынан жасалған. Сол 97 метрге көтерілген «Астана - Бәйтерек» монументі – бейбітшілік ағашын уағыздайды.
VIII Жаңа тақырып.

Атау мен Ілік сепіктері. Ережені түсіндіру, білімін пысықтау.

Атау септігінің сұрақтары: кім? не? Ілік септігінің сұрақтары: кімнің? ненің? Жалғаулары: -ның, - нің; - дың, -дің; - тың, - тің. (60 – 61 б.)
IX Пысықтау кезеңі.

Сөздерге –ның,-нің,-дың,-дің -тың -тің жалғауларын жалғап жаз.

Дала... ,мектеп... , шай..., сызғыш... , қарындаш... , өшіргіш... , қалам..., тау... , орындық... , бөлме..., қағаз... , кітап... , жер..., дәптер..., көл...,сынып...,етік... ,алаң... , үй... , ту..., шырын... , сүт... , шай... ,ағаш... , нан... ,сары... , көлік... , ет... , етік... .

60 б 3, 4 - тапсырма.
X Қорытындылау.

Балалар сабақтың тақырыбы қандай болды? Біз не туралы білдік?


XI Үйге тапсырма беріп, білімін бағалау.

61б.Әңгіме әңгімелеп беру, сөздерді, ережелерді жаттап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет