Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келуі туралы алғаш көрнекті ғұлама, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың шығармасында кездеседі. Онда Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға қоныстануын 1465-1466 жылдар деп келтіреді. «Сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, 1465-1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды»,- деп келтіріледі. Бірақ анық мерзімді тек Аллаһ ғана біледі деп нақты айта алмаған. Мұхаммед Хайдар Дулатидың нақты уақытты біле алмауына себеп оның сол заманда болмағандығы. Ол бұл оқиғаны тек 100 жылдан кейін жазған