Қазақ хандығының 550 жылдық тақырыбына арналған бейнелеу өнері түрлерінен суретшілердің және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Мәңгілік ел мұратым» атты фотосуретшілердің облыстық байқауының ережесі



Дата07.12.2016
өлшемі38,45 Kb.
#3419
Қазақ хандығының 550 жылдық тақырыбына арналған

бейнелеу өнері түрлерінен суретшілердің және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Мәңгілік ел - мұратым» атты фотосуретшілердің облыстық байқауының

Е Р Е Ж Е С І
І. Жалпы ережесі
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы 2015 жылдың маусым-шілде айлары аралығында Қазақ хандығының 550 жылдық тақырыбына арналған бейнелеу өнері түрлерінен суретшілердің және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Мәңгілік ел-мұратым» атты фотосуретшілердің облыстық байқауын өткізеді.
ІІ. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері


  • Халық арасында фото, қылқалам және қолөнер иелерінің шығармашылығын дамыту және  қолдау;

  • Ұлттың рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру;

  • Болашағынан зор үміт күттіруші шығармашылық тұлғаларды анықтап, қолдау көрсету;

  • Өнер иелері арасында шығармашылық қарым-қатынас орнату.


ІІІ. Байқаудың номинациялары
Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:

  1. Бейнелеу өнері (живопись)

  2. Қолөнер түрлері

  3. Фотосурет


ІҮ. Байқаудың шарттары мен талаптары

  1. Бейнелеу өнері (живопись) номинация бойынша шарттар мен талаптар:




  • Қазақ хандығының 550 жылдық тақырыбы бойынша бейнелеу туындылар (живопись) қабылданады;

  • Номинацияға кәсіби суретшілер қатысады;

  • Жасалған туындылардың көлемі 90см х 60 см кем болмауы тиіс;

  • Әсем безендірілуі шарт (багет т.б.);

  • Орындау техникасы: майлы бояу, кенеп болуы тиіс;

  • Автордың аты-жөні, жұмыстың атауын көрсету қажет;

Үздік деп танылған бейнелеу өнер туындыларының авторлық құқығы сақталып, облыстық мұражайға тапсырылады.

Марапаттау

Ынталандыру сыйлықтары және І орын, ІІ орын, ІІІ орын

  1. Қолөнер номинациясы бойынша :



  • Ағаш, сүйектен жасалатын бұйымдар

Теріден жасалатын бұйымдар

  • Құрақ көрпе, текемет, сырмақ, гобелен (көлемі 90 см кем болмауы тиіс)

  • Зергерлік бұйымдар

  • Облыстың аудандары мен Тараз қаласын мекендейтін барлық ұлт өкілдері қатыса алады және қолөнер шеберлері әр түрі бойынша 2-3 адамнан аспауы тиіс.

  • Қатысушылардың жасы 16 - дан жоғары болуы тиіс.

  • Үздік деп танылған жұмыстар авторлық құқығы сақталып, облыстық мұражайға тапсырылады.


Марапаттау

Әр түрлері бойынша ынталандыру сыйлықтары және І орын, ІІ орын, ІІІ орын


  1. Фотосуретшілер номинациясы бойынша шарттар мен талаптар:




  • «Мәңгілік ел - мұратым» тақырыбы бойынша фотосуреттер қабылданады;

  • Қатысушы А3 форматтан кем емес фотосуретті міндетті түрде жиектемеге салып өткізеді;

  • Қатысушылардың жасы 16 - дан жоғары болуы тиіс.

  • Үздік деп танылған жұмыстар авторлық құқығы сақталып, облыстық мұражайға тапсырылады.


Марапаттау

Ынталандыру сыйлықтары және І орын, ІІ орын, ІІІ орын
V. Барлық номинациялар бойынша бағалау критерийлері:


  1. Тақырыпқа сәйкестігі

  2. Көркемдік ерекшелігі

  3. Шығармашылық жаңалығы


VІ. Ұйымдастыру комитеті


  • Ұйымдастыру комитеті дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады;

  • Жүлделі орындардың саны мен сыйлықтарды анықтайды;

  • Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды;

  • Ұйымдастыру комитеті дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.


VІІ. Құжаттарды қабылдау


  • Байқауға қатысу жөніндегі өтініштер 2015 жылдың тамыздың 1-не дейін қабылданады.

  • Қатысушылар 10х15см 2 фотосуреті мен жеке төлқұжатының көшірмесін, шығармашылық өмірбаянын ұйымдастыру комитетіне алдын ала тапсырады.


Мекен-жайы: 080000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы 35 үй, 514 бөлме

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы. Байланыс телефоны: 8/7262/ 43-88-01; 43-88-18



Электрондық пошта: ocnt_taraz@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет