Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі


Тәуке хан билік құрған жылдары билердің көмегімен «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарды. «Жеті жарғы» қазақтардың ХVІІІ ғасырдағы әдет-ғұрып заңдары



бет3/5
Дата29.09.2022
өлшемі30,46 Kb.
#151118
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат тарих

Тәуке хан билік құрған жылдары билердің көмегімен «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарды. «Жеті жарғы» қазақтардың ХVІІІ ғасырдағы әдет-ғұрып заңдары.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен тұрады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде
«Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңалықтар. «Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:


1. Жер дауы.
2. Отбасы.
3. Әскери.
4. Сот.
5. Қылмысты істер.
6. Құн.
7. Жесір дауы.


«Жеті жарғы» бойынша ер адамның құны 1000 қойға теңестірілген. Ал, әйел зорлаған адамға өлім жазасы кесілген. ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығында кек алу заңы бірінші орында тұрды. Кек алу «Қанға-қан» ұранымен сот шешімі арқылы жүзеге асты. Сот шешімін бүкіл ру орындады. Хан мен сұлтандардың пайдасына шариғатқа негізделіп
салынатын мал салығын «зекет» деп атады. Ал, ұшыр, баж, харадж салықтарын егіншілер мен қолөнершілер төледі. Сондай-ақ малшылар зекет, соғым, сыбаға түріндегі алым-салықты төлеуге міндетті болды.
Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «Әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қазақтар үлкен құрметпен еске алады», - деп көрсетеді. Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған.
Сондықтан Тәуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бұл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне тарту Тәуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды. Тәуке ханның кезінде қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болатын. 1710 жылы Тәуке ханның ордасында үш жүздің өкілдері бас қосып жоңғарларға тойтарыс беру үшін әскери күшті ұйымдастыру мәселесін талқылады. 1718 жылы Әз-Тәуке қайтыс болды.

Қазақ халқының қалыптаса бастауы б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтардан басталады. «Қазақ» сөзінің шығуы туралы алуан-түрлі ғылыми болжамдар мен көзқарастар болды. Бірақ әлі де нақтылы толық дәлелденген пікір айтыла қойған жоқ. Дегенмен ол пікірлер мен болжамдардың кейбірі көңіл аударуға тұрарлықтай. Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда, «қазақ» деген атау Орхон, Енисей жазбаларындағы «қазғақ оғлұм» деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалу нәтижесінде тұрақтанған. Алай түрік тілінің заңдылықтары бойынша бұл пікір де қолдау таппады. Түркі тілдерінің қыпшақ-ноғай тармағынан қазақ тілі ХІV-ХV ғасырларда бөлініп шықты. Қазақ халқының көп ғасырлық құрылу процесі мен этникалық территориясының анықталуы ХV-ХVІ ғасырларда аяқталды. Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзін «мықты», «берік», «алып» мағынасында берілген. Шығыс Дешті Қыпшақта «қазақ» атауы ІХ-Х ғасырларда әлеуметтік мағынада қолданылса, ал ХІ-ХІІ ғасырларда осы аттас этникалық әлеуметтік топтардың болғандығы байқалады.
«Қазақ» ХІІІ ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да кездеседі. Кейбір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады. Тарихшы Б.Е.Көмековтың айтуы бойынша «қазақ» сөзі бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді. Сонымен «қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, ХІІІ ғасырға дейін бостандық сүйгіш «еркін адамдар» деген мағынада қолданылып келген. Рузбиханның өзбек ұлысында (ХV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі, ержүректері қазақтар екені айтылған. Ақыр соңында өзбек ұлысынан немесе Әбілхайыр хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ аталып жүрген тайпалармен бөлініп көшкенде, оларға алғаш «өзбек-қазақ» деген ат тағылған, кейін ХV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды

Қазақ жүздері. «Жүз» деген атау тарихи шаруашылық-аймақ деген мағынаны береді. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей тарап қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерді мекендеген халықтар үшін жүзге бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет