Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет13/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Бекіту сұрақтары
1. Жазу реформасы: латын графикасына көшу мәселесі.
2. 1929 жылы қабылданған әліпбидің фонема – дыбыс – графема – әріп арақатынасы.
3. Латын әліпби негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясындағы қиындықтар. 4. Алғашқы кезеңдегі латынның тағылымы туралы.


Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
10. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
11. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
12. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
13. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б
Тақырыбы-13. «Бұрынғы латынның» тағылымы жəне оның жазылудағы ерекшеліктері
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
Әліпби жобаларының бағыттары мен ұстанымдары. Миссионерлік бағыт: Н.И. Ильминскийдің жобасы, В.В.Катаринскийдің жобасы, А.Е.Алекторовтың жобасы туралы; Ағартушылық бағыт: Ы.Алтынсариннің жобасы, Ұлттық бағыт және қазақ жазуы; Латын графикасына байланысты алғашқы жобалар (1924—30 жж.). Нәзір Төреқұлов, Халел Досмұхамедұлы, Мұхтар Мырзаұлы, Ә. Байділдаұлы, Телжан Шонанұлы жобалары; Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлдарының бірлесіп жасаған жобасы туралы;
Дәріс тезисі
«Бұрынғы латынның» тағылымы жəне оның қазіргі кездегі латын графикасына негізделген жаңа əліпбимен сабақтастығы». 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліп- биі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал, біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ», деген болатын. Елбасының осы тапсырмасы мен латын әліпбиіне көшудің қаншалықты маңыздылығына қарамастан, өкінішке қарай, бұл мәселені әлі де болса тек қана талқылаудан, ұсыныс айтудан әріге апара алмай отырмыз. Ендігі арада саяси-экономикалық, ғылыми және халықаралық маңызы бар бұл мәселені кідіртудің қажеті жоқ қой деп ойлаймын. Өйткені, ғаламтор мен ұялы байланыстың жазармандары мен пайдаланушылары, әсіресе, бүгінгі жас буын өкілдері латын әліпбиін әлдеқашан пайдаланып та жүр. Бізде латын әліпбиіне көшуге қажетті барлық алғышарттар жасалған деп санауға болады.
Көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдап қана қоймай, олар мұны әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын бірден-бір төте жол деп есептейді. Бұл реформаның саяси салмағы да бар. Яғни, латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен жақындасуы одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәрте- бесіне зор ықпал етеді. Сонымен бірге, шет елдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдете түсер еді. Латын әліпбиіне көшудің алғашқы кезеңінде оған едәуір қаржы жұмсалғанымен, кейін ол өзін-өзі ақтайтын болады. Үнем жасау жағынан экономикалық тиімділігін де әкеледі деген пікірлер орын алып отыр.
Латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілгеннен бері, 1990 жылдардан бастап қазақ тілінің ұлттық әліпбиін жасау үшін лингвистер, бағдармашылар және тағы басқа сала мамандары өзіндік жобаларын ұсынып келеді. Ұсынылған жобалардың көпшілігі лингвистикалық талаптарға, сонымен қатар ортақ әліпби жүйесіне сәйкес алынбағандықтан, көпшілік ғалымдар тарапынан қолдау тауып отырған жоқ. Кейбір жобаларда қазіргі қолданыстағы 42 әріп автоматты түрде латын әрпіне түсіріліп берілсе, ендігі бір топ жобаларда орыс тілінен енген кірме дыбыстар қосар таңбамен, мысалы, в, ф, ш дыбыстары bh, fh, ch әріп тіркестерімі арқылы таңбалаған. Сондай-ақ қазақ тілінің төл дыбыстары да осы жүйеге салынып, қ → kh, ұ → qw үлгісінде алынған. Орыс тіліндегі ч, ш дыбыстары sh және сһ қос әріп тіркесі арқылы берілген. Қазақ тілінің ө, ң, ғ секілді төл дыбыстары қосар таңба арқылы таңбаланып, ө → ое, ң → нһ, ғ → gһ тұрпатымен ұсынылған. Мұндай екі әріп тіркесі арқылы бір дыбысты белгілеу жүйесі, жазу тәжірибесінде оңтайлы деп танылмайды, жазуды күрделендіретіндігін тілтанымшы ғалымдар әртүрлі лингвистикалық дәйектемелермен дәлелдеп, өздерінің «бір дыбыс – бір әріп» принципіне сәйкес жобаларын да ұсынып келеді. Мысалы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұжымы (Ә.Қайдар, К.Хұсайын, Н.Уәли, Ә.Жүнісбек, З.Базарбаева, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова) осы принципті негізге ала отырып, қазақ тілінің ұлттық әліпбиін жасау мақсатында Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерінің көшу тәжірибесін негізге алып, оның тиімді және тиімсіз тұстарын зерделей отырып, ортақ түркі әліпбиі қорындағы таңбалары бар 4 жобаны халық талқысына ұсынған болатын. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері жасап ұсынған латын графикасына негізделген әліпби жобалары өз кезегінде өткен әліпби тарихымызды саралап, түркі әліпбилерін бірлестіру идеясы тұрғысынан зерделеніп жасалған үлгілер болып табылады.
Әліпби тарихымызда болып өткен тәжірибелерді ескеріп, әліпби реформасын жасауды бастама қылып көтерген, жобаларын ұсынған, әліпби реформасының негізгі принциптерін белгілеген ғалымдардың ой-пікірлеріне, ұстанымдарына сүйене отырып, бұрынғы сабақтастықты күшейту мақсатында 1929 және 1938 жылғы әліпби жүйелеріне ішінара өзгерістер енгізіп, бұрынғы латынға «қайта оралуды» немесе бұрынғы латынды «жаңғырту» үшін мынадай әліпби жобасын ұсынған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет