Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет3/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Бекіту сұрақтары
1. Қазақ жазуы туралы зерттеулерге шолу. Жазу саласындағы терминдер.
2. Орфография терминi, орфографиялық ережелер туралы.
3. Орфография,оның принциптері.
4. Графика және орфография.
5.Транскрипция мен транслитерация.
6.Әрбiр тiлдiң өзiнде қалыптасқан жазу емлесi туралы.

Әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
2.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
3.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
4.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
5. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
6.Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. -А, «Мектеп», 1987. -124 б.
7.Әбділәшімұлы Д. Ескі қазақ жазба тілі.-Алматы, «Елтаным», 2016. -240 б.
8.Жұбанов Қ. Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер.- Алматы, «Ғылым», 1998. -365 б.
9.Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
10.Таласпаева Ж.С. Қазақ орфографиясының мәселелері: оқу құралы. - Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2014 - 160 б.



Тақырыбы-3. Қазақ жазуының морфологиялық - фонематикалық жəне фонетикалық, дəстүрлi ұстанымдары.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Қазақ жазуының морфологиялық ұстанымы. 2..Қазақ жазуының фонематикалық жəне фонетикалық ұстанымы.3.Қазақ жазуының дəстүрлi ұстанымы.
Дәріс тезисі
Қазақ жазуының морфологиялық - фонематикалық жəне фонетикалық, дəстүрлi ұстанымдары.Жазба тіл дегеніміз ауызша сөйлесу тілінің, сөз тіркестерінің, сөздердің жазбаша түрде, яғни дыбыстар комплексі-әріптер тіркесімен қағаз бетіне түсуі. Барлық уақытта сола болды ма? Жазу тарихы әріппен таңбалаудың кейін пайда болғандығын байқатады. Жазу тарихын жан-жақты білу үшін графикалық лингвистика теориясын терең тану керек. Ең алдымен терминдер туралы мағлұмат алуымыз қажет: Алфавит – рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы болса, графика- тілдегі дыбыстардың таңбалары. Графика 1) полеографика, 2) әпиграфика болып екіге бөлінеді. Полеография – қолжазба мен кітаптағы таңбаларды тексереді. Эпиграфика – тас, металл, сүйек, ағаш т.б. ойылып жазылған таңбаларды зерттейді [1]. Түркі туыстас тілдердің, соның ішінде қазақ тілі графикасының даму кезеңдерін, ол кезеңдерден қалған жазба мұраларды зерттеп, игеруде V-VIIIғ. Орхон-Енисей жазуы, IX-Xғ. Ұйғыр жазуы, XI-XIII араб жазуы, X-IV-XVIIIғ. Латын жазуы, XIX, XXғ. Орыс жазуы графикасын білудің маңызы зор.Графикаға қойылатын талаптар:1)Алфавитте дыбысты белгілемейтін әріп болмауы керек; 2) Бір әріп – бір дыбысты ғана бейнелеуі керек; 3) Шама келгенше әріп санын азайту;Жазу өте ерте заманда пайда болған. Олардың уақыт өткен сайын жазу принциптері де өзгеріп отырады. Жазу жүйесі таңбалаудың жиынтығынан тұрады. Ол таңбалар бүтін сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әрбір жазба таңбаның графикалық белгісі (фонема) болады.
Əрбiр тiлдiң өзiнде қалыптасқан жазу емлесi бар. Емле белгiлi бiр орфографиялық ұстанымдарға бағындырылады. Қазақ орфографиясында морфологиялың - фонематикалық жəне фонетикалық, сондай- ақ дəстүрлi ұстанымдар негiзге алынады. Морфологиялық - фонематикалық ұстаным бойынша дыбыстардың сөз iшiндегi жəне сөз арасындағы бiр-бiрiне тигiзетiн əсерлерi ескерiлмей негiзгi фонемалық мəнi сақталып жазылады немесе сөз түбiрiнiң бастапқы қалпы сақталады.
1.Морфологиялық - фонематикалық ұстаным бойынша дыбыстардың сөз iшiндегi және сөз арасындағы бiр-бiрiне тигiзетiн әсерлерi ескерiлмей негiзгi фонемалық мәнi сақталып жазылады немесе сөз түбiрiнiң бастапқы қалпы сақталады.
2.Фонетикалық ұстанымда сөз iшiндегi, сөз аралығындағы дыбыстардың бiр-бiрiне әсерi басымдық танытады, сөз айтылуынша/ естiлуiнше/ жазылады. 3.Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, орыс, араб, парсы сөздерiнiң төл тiлдерiндегi бастапқы орфограммасын сақтап, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар колхоз, алгебра, жиһан, қаһарман т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет