Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет32/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
Тақырыбы: 7. Қ. Жұбанов - қазақ орфографиясы мен жазуын жүйелеген ғалым.
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Құдайберген Жұбанов – латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы мен орфографиясын жүйелеген фонетист ғалым. 2. Қ.Жұбановтың қазақ орфографиясын және әліпбиін өзгертуге байланысты жобасы. 3. Қ.Жұбанов емле ережелерін жүйелеу жағына көңіл аударды.
Әдістемелік нұсқау:
Құдайберген Жұбанов – латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы мен орфографиясын жүйелеген аса ірі фонетист ғалым. Өз кезінде араб жазуынан латын әліппесіне көшу бағытын ұстанған ғалымның тұжырымдары мен көтерген мәселелері күні бүгінге дейін өзектілігін жойған емес. Ғалымның қазақ тілін оқытудың жаңа типтегі бағдарламалары мен емле, әліпби жөнінде зерттеу еңбектерінің оқу-ағарту саласындағы мәні зор болды. 1938 жылы қазақ емлесінің кей мәселелері ішінара жүйеге түсірілгені мәлім.
1930-жылдардың орта тұсында Қ.Жұбанов қазақ орфографиясын және әліпбиін өзгертуге байланысты жобасын ұсынады. 1929 жылдары қолданылған латынға бірнеше өзгерістерді енгізу арқылы 25 әріп, бір дәйекше белгісі бар әліпби жобасын ұсынады. Ғалым жобасында қосар [үу], [ұу], [ый], [ій] бір ғана графемамен белгілеуді, яғни [үу], [ұу]-ды u арқылы, осы тәрізді [ый], [ій] дыбыстарын і таңбасымен алмастыруға болады деп есептейді. Ғалым дауысты дыбыстардың жіңішке варианттары дәйекше белгісі арқылы ажыратылады деп көрсете отырып, былай дейді: «Твердые и мягкие разновидности гласных звуков обозначать не двумя разными буквами, как это имело место в существующем алфавите, а одной буквой». Ұсынған әліпбиде дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарына арнайы таңба арнамай-ақ, дәйекше қызметін пайдалануды ұсынады: a – [а] [ә]; о – [о] [ө]; y – [ұ] [ү]. Қ.Жұбанов «Ни одна из существующих букв, (употребляемых) для (изображения) согласных звуков, не может быть исключена из алфавита: они необходимы и затруднений с ними в письме мало» дей отырып, Міржақып Дулатовтың жаңа әліпбиге ф мен х таңбаларын енгізу керек деген ұсынысын («Айқап», 1912, No 8). Қ. Жұбанов жүзеге асырған болатын. Бұлардың әрқайсысы қосар әріппен белгіленіп келген [8, 243 б.]. Автор кірме сөздерді жазғанда сөздің орыс тіліндегі түбірін сақтап, қосымшаны қазақ тілде жалғауды, сондай-ақ туынды кірме сөздердің жұрнағын қазақ тілінде беруге болатынын ескертеді.
Ғалымның жазу теориясына негізделген жобасы қазақ орфографиясында бірте-бірте орнығып, 1957 жылғы ережеде біржола заңдастырылды. Бұл латынға негізделген жазу емлемізді орыс емлесіне қарай бейімдей түсуге көмектесті.
Қ.Жұбанов емле ережелерін жүйелеу жағына қатты көңіл аударды. Емлені мектеп оқушыларын сауатты жазуға баулу мен ересектерге хат білдіріп, қара танытуға қажетті құрал деп есептеді. Төңкеріске дейін қазақ тілінің емлесі, негізінен, фонетикалық принципке сүйенді. Өзге белгілі ғалымдар сияқты Қ. Жұбанов та фонетикалық принциптің сөздің сыртқы пішініне сүйеніп жүргізілетін, ал морфологиялық принциптің түбір сөзді сақтауға байланысты болатынын жақсы түсінді. Өз зерттеулерінде осы екі принципті бір-біріне орайластыра, қабыстыра отырып пайдаланды. Ғалымның біріккен сөздер, буын жігі, тарихи фонетика мен этимология, орфография мәселелері т.б. сала-сала зерттеулерін қазақ тіл білімінің хрестоматиялық беттері деп тануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет