Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
Тақырыбы: 11. Латын әліпбиінің маңызы.
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
ХХ ғасырдың басындағы әліпби айтысы. 2. 1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Орталық Кеңес комитеті ІҮ сессиясының қаулысы бойынша қазақ жазуының латын графикасына көшірілуі. 3. Латын графикасына негізделген емленің негізгі принципі.
Әдістемелік нұсқау:
Әліпби айтысы ХХ ғасырдың басында жазудың қызметі кеңейе бастағаннан бастап ең өзекті мәселе ретінде күн тәртібінен түскен емес. 1924 жылдан бастап Н.Төреқұловтың 28 әріптен, Х.Досмұхамедұлының 26 әріптен, М.Мырзаұлының 22 әріптен, Ә.Байділдаұлының 27 әріптен, Т.Шонанұлының 24 әріптен тұратын әліпби жобалары халық талқысына ұсынылады. 1926 жылғы 26 ақпаннан 6-наурызға дейін Баку қаласында Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезд өткізіліп, онда күн тәртібінде түркі халықтарының жазу мәселесі, орфографияның негізгі принциптері және олардың әлеуметтік мәні, терминология мәселесі, түркі халықтарының тарихы, этнографиясы, ана тілін оқыту әдістемесі т.б. көптеген көкейтесті мәселелер қойылды. Солардың ішінде ең үлкені түркі халықтарының барлығының тегіс латын графикасына көшу мәселесі болды. Бұл съезге Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омаров, Әзиз Байсейітов, Біләл Сүлеев, Нәзір Төреқұловтар делегат болып қатысты. Сонымен қатар түрік нәсілді Бартольд, Олденбург, Крымский сияқты ғалымдармен қоса, неміс профессоры Менсель, Көкерлі-Зада, Құсайын-Зада сынды атақты зерттеушілер де қатысты. Құрылтайда баяндама жасаған Ә. Шәріпұлының «Емле түзеу жүзінде қазақ жұртының латынға көшуінің қажеті жоқ» деген пікірін А. Байтұрсынұлы да жақтап, «Латын қарпіне көшуге жұмсаған қаржыны балаларды оқытатын мектеп салдырайық» деген пікір қосады. Ал бұл пікірлерге қарсы баяндама жасаған Ә. Байдилдин латын графикасын жақтап, «Қазақ төңкерісінен кейін дамыған еңбек адамдарының талап-тілегін араб әліпбиі толық қанағаттандыра алмайды, латын қарпіне көшу заман талабынан туындап отыр»,- дейді. С.Сәдуақасов «Латын графикасын алудың саяси қорқынышы бар. Молдалар қарсы болады. Араб таңбалары ислам дінінің таянышы, әріптен қол үзсек, діннен де қол үземіз» деп өз көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ Ж. Аймауытов, Қ. Кемеңгеров, М.Дулатовтар «Латын таңбасына көшсек, жаппай сауатсыздыққа ұрынамыз» - деп араб графикасын қолдайды.
Орфографиялық ережелер дұрыс қабылданып, баянды нормаға айналуы үшін олар тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. 1929 жылы латын графикасы негізінде қабылданған алфавит тұсында емле ережелерінің принципі фонетикалық болды. 1938 жылы ресми органдардың қаулысы бойынша «Қазақ тілінің емле ережелері» жарияланды. Онда орфографиядағы бұрынғы қате- кемшіліктерді жөндеу мақсаты көзделіп және олар жаңа ережелермен толықтырылды.
1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Орталық Кеңес комитеті ІҮ сессиясының қаулысы бойынша қазақ жазуы латын графикасына көшірілді. Жаңа алфавитте 29 әріп болды: 9-ы дауыстылар (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және 18-і дауыссыздар (б, г, ғ, д, ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, һ, ш), ал екеуі (й мен у) жарты дауыстыны таңбалайды. Латын графикасына негізделген емленің негізгі принципі фонетикалық болды.
«1929 жылы қабылданған әліпбидің фонема – дыбыс – графема – әріп арақатынасы» - «әр әріп белгілі бір дыбысты белгілеуі тиіс», яғни «дыбысты белгілемейтін бір де бір әріп болмауы керек» принципіне немесе «әр әріп екі немесе бірнеше дыбыстардың қосындысын емес, тек бір ғана дыбысты белгілеуі керек» деген грамматологиялық формулаға негізделді. Қазіргі әліпбидегі көп мәнді әріптердің қатарында танылып жүрген и (<ы> + <й>, <і> + <й>), у (<ұ> + у, <ү> + <у>), щ (<ш> + <ш>), ю (<й> + <ү> + <у>, <ұ> + <у>), я (<ы> + <й> + <а>, <і> + <й> + <ә>) тәрізді әріптердің 1929 жылы екі әріп тіркесімен өзінің негізгі фонемдік мағынасында қолданылған, [х] дыбысы қ фонемасының әріптік мәнімен таңбаланды.
1929 жылы 25 шілдеде Қазақстан Орталық атқару комитетінің қаулысымен 12 төл және 18 кірме сөздерді жазу үшін ереже баптары енгізілді. Қазақ жазуының онтогенездік даму сипатын арнайы зерттеген ғалым Қ.Күдеринова: «Қазақ тілінің дыбыстық негізінен шығарылған алғашқы емле ережесі 1929 ж. латын графикасымен бірге қабылданды. Онда орфографияның негізгі ұстанымы анықталып, шеттілдік сөздер қазақ тілінің төл сөздерінің жазылу принципіне сай таңбаланды. Қазіргі емлеміздегі негізгі орфограммалар сол 1929 ж. емле ережелерінде айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |