Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет42/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
7. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
8. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б.
Тақырыбы: 16. Қазiргi қазақ орфографиясының қайшылықты мәселелерi жайында.
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Әдістемелік нұсқау:
1. Қазақ жазуы үнемі өзгерiп, емлесi жаңару, толығу үстiнде. Соған қарамастан қазiргi қазақ орфографиясының төл тiлiмiздiң табиғатына қайшы түсер кереғар тұстары аз емес. Осының өзi жазу емлесiнiң ғасырлар бойғы жазу дәстүрiнiң, жазу тәжiрибесiнiң, дағдысының негiзiнде қалыптасатын өте күрделi құрылым екенiн көрсетедi. Ендi қазақ орфографиясындағы қайшылықты құбылыстар қандай себептер мен алғышарттардан туындайды? Қазақ жазу емлесiндегi қайшылықтардың пайда болуы, алдымен, кiрме сөздердiң тiлiмiзге енiп, айтыла, жазыла бастауымен байланысты. Оларды санамалап айтсақ, шамамен төмендегiдей:
1. Қазақ сөздерi б,г,ғ,д тәрiздi әлсiз дыбыстарға аяқталмайды /көне түркiлiк ұлығ, бiлiг, бiтiг, кiшiг, сарығ сөздерiнiң тарихи өзгерiсiн еске түсiрейiк/. Сондықтан орыс тiлiнен енген сөздердiң соңғы б,г,д,в дыбыстары қазақ тiлiнде п,к,т,ф түрiнде дыбысталып, қосымша қатаң дыбыстан басталып жалғанады. Соған орай жазуда ұяң дыбыстан соң қатаң дыбыс жазуға мәжбүрмiз. Мысалы, клуб/п/ -қа, устав /ф/- ты, плуг/к/- тен т.б. Бұлардың қатарында араб тiлiнен енген жад, араб сөздерi де бар. 2. –ог,-уг дыбыс тiркесiнiң жуан екендiгiне қарамастан, қазақ тiлiнiң қосымшалары жiңiшке жалғанады. Қазақ тiлiнiң заңдылығы бойынша сөздiң соңғы буыны жуан болса, қосымша - жуан, жiңiшке болса, жiңiшке жалғануы тиiс.
3. г,к дыбыстары қазақтың төл сөздерiнде тек жiңiшке дауыстылармен тiркесуi тиiс. Себебi, қазақ тiлi дауыссыздары iшiнде жуан-жiңiшке жұп құрайтын бiрден-бiр дыбыс к-қ, ғ-г дауыссыздары. Орыс тiлiнен енген сөздерде к,г дыбыстары а,ы,о дыбыстарымен тiркес құрай бередi. Мысалы, факт, геолог т.б.
4. Бiр түбiрдiң не қосымшаның iшiнде екi дауысты қатар тiркесiмдiлiк жүйесiне қайшы келмеуi тиiс. Орыс тiлi арқылы енген гео, авиа, аэро,стерео, радио тұлғаларының жазылуы бұл ережеге қайшы келедi.
5. Сөз басында екi дауыссыз қатар айтыла алмайды. Сондықтан орыс тiлiнiң трактор, практика, станок, врач, тырактор, пырактика,ыстанок, вырач болып айтылады. /жазуда ескерiлмейдi/.
6. Сөз соңы дауыссыздар тiркесiне бiтпеуi тиiс. Ал орыс тiлiнен енген сөздерде бұл дәстүр сақталмайды, дыбыс тiркесiмдiлiгi қатаң-қатаң, ұяң-ұяң, үндi-үндi түрiнде келе бередi. /Мысалы:фонд, гримм, шрифт, прогресс т.б./
7. Қазақ тiлi сөздерiнiң буын құрамы 1,2,3,4 дыбыстан аспайды. Оның формуласы А,АВ,ВА,АВВ,ВАВ,ВАВВ (бұнда шартты түрде А –дауысты, В-дауыссыз дыбыстарды бейнелейдi) түрiнде келедi. Бұл қазақ тiлi төл сөздерiнiң дыбыстық құрылымы бiр дауысты, бiр дауыссыз түрiнде кезектесiп келуiне /АВАВАВ.../ негiзделген. Орыс тiлi арқылы енген сөздердiң буын құрамы 5,6 дыбысқа дейiн барады. /грамм – ВВАВВ, спектр –ВВАВВВ/.
2. Кiрме сөздердiң әсерi ретiнде, сондай-ақ и,уәрiптерiнiң дыбысталуы мен таңбалануы арасындағы қайшылықты құбылыстарды да айтуға болады. I.Кеңесбаев қосынды дыбыстардың таңбасы - деп көрсетсе, С.Мырзабеков и,у әрiптерi туралы: «О баста ыу, іу, ый, iй сияқты қосарлы дыбыстарды таңбалау үшiн алынған и,у әрiптерi көп ұзамай өзге дауыстылардан ерекше кейде жуан, кейде жiңiшке болып келетiн дауысты дыбыстар түрiнде танылып, қатардағы оқушы тұрмақ, оқулық жазып жүрген тiл мамандарының өзiн де бiржола баурап алды. Оған себеп бұлар – орыс, парсы т.б. тiлдерде жалаң дауысты дыбыстар»,-деп көрсетедi. Ж.Аралбаев тiлдiң тарихи қалыптасуы тұрғысынан қарап, «и,у дыбыстары көне түркi тiлiндегi созылыңқы не екi дыбыс қатарының орнына пайда болған. Қазiргi қазақ тiлiндегi и,у дыбыстары дифтонг дыбыстар» деп дәлелдейдi.
Алғаш «ұлы халықтың» өктемдiгiн танытып, қазақ емлесiне айқай-шу ала келген и,у әрiптерi қазақ тiл бiлiмiнiң қос бiлгiрi А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтардың арасында да пiкiр алалығын туғызған сыңайлы. Қазiргi қазақ тiлiнде дербес дауысты дыбыс ретiнде саналып жүрген и - /iй/, /ый/, у - /ұу/, /үу/ дыбыс әрiптерiн А.Байтұрсынұлы жеке дауысты дыбыс деп қарастырмайды: /қазу/, /қару/, /жабу/ деген сөздерде /з/-ның, /р/- дың, /н/-ның соңынан естiлетiн дыбыстың белгiсi,-деп түсiндiредi. Көрiп отырғанымыздай қазiргi қазақ тiлi емлесiндегi у- дауысты дыбысының әрпi туралы әңгiме жоқ. Одан әрi қазақ тiл бiлiмiнiң атасы: «/у/ сөздiң бас буынында қысқа һәм көмескi естiледi./У/- жарты дауысты дыбыс. Бұл дауысты дыбыстың соңынан ғана айтылады. Мысалы, /тау/, /тауы/, /бiреу/ деген сөздер. Бұл жерде жарты дауысты деп ғалым дауысты дыбыстардан кейiн айтылатын үндi у дыбысын айтып отырғаны сөзсiз. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлының дыбыс жiктелуiнде қазiргi и- дауысты жоқ. Қазiргi емлемiз бойынша тиын, тиым, тиым түрiнде жазылатын сөздердi тйн, қйн, қйқм түрiнде жазып көрсетiп, егерде /й/ дауыссыз дыбыстардан кейiн келсе, ол жерде жазылмайтын /ы/ бар болғаннан. Егер/ы/- ны қалдырмай жазатын болсақ, бұл сөздердi былай жазар едiк: /қыйқым/, /тыйым/, /қыйын/ - деп түсiндiредi.
Ал қазақ тiл бiлiмiнiң ғылым ретiнде қалыптасып, бiр жүйеге түсуiне бiр кiсiдей тер төккен лингвист-ғалым Қ.Жұбанов өзiнiң 1931 жылғы «Қосар ма, дара ма?» деп аталатын мақаласында , үу, ұу, ый, iй дыбыс тiркестерiнiң орнына бiр ғана у,и әрiптерiн алып, оларды дербес у,и дыбыстарының таңбасы ретiнде тануды толық заңдастырып берген едi. Аталған мақаласында Қ.Жұбанұлы и,у /и,i – латынша /әрiптерiнiң қосар дыбысын таңбалап, олардың дауысты- дауыссыз жұп құрайтынын тәуелдiк жалғауының жалғану табиғатына қарап анықтайтын дәлелдемелерге тойтарыс бередi. /тәуелдiк жалғауы дауыссыздардан кейiн – ы,i түрiнде, дауыстылардан соң – сы,сi түрiнде жалғанады. «Дыбыстың түрiн жалғауға қарап тану – қазақ тiлiн зерттеу тарихының төменгi сатыда жүрген кезiндегi кустаршылдықтың қалдығы» - дей келiп, жарты шiдертi сөздерiндегi қосымшаның –ты, -тi қатаңнан басталғанына бола түбiр соңындағы р дыбысын қатаң деуге бола ма деген сауал қояды. -ый, iй, ұу, үу қосар дыбыстары ерте кезде уг, ұғ, ог,иг тәрiздi қосар дыбыстың орнына пайда болған дейтiн пiкiрдi де жоққа шығарады: «Бұрын екi дыбыс /бiр дауысты, бiр дауыссыз/ болған жердiң бәрi бiрдей қосар әрiппен таңбалана беретiн болғанда «сары сөзi бұрын «сарығ» түрiнде болған, сондықтан етiстiкке айналған кезде сарғай болып ғ пайда болды. Онда мұны да «сарұу» немесе «сарый» түрiнде жазбақшымыз ба?» –дейдi. Ғалым әрi қарай қазақ тiлiндегi үу, ұу, ый, iй дыбыстары туралы орыс, татар оқымыстыларының пiкiрiн келтiредi. В.Радлов «Терiстiк түркi тiлдерiнiң фонетикасы» кiтабының 1-томында бұл дыбыстарды қосар емес, дара деп көрсеткен. Бiрақ «ұзын дауысты» деп таңбалаған, себебi қысаң ұ, ү, ы, i – лерден айыру үшiн болуы керек. П.Мелиоранский ұу, iй-лердi жалаң әрiппен таңбалаған. Татар тiлiн эксперимент жолымен тексерген Ғалымжан Шарап, Богородицкий ұу,iй дыбыстарын жалаң деп көрсеткен». «Дыбыстарды қосар әрiппен таңбалау ел-елдiң бәрiнде болған. Бiрақ әрпi қосар болғанмен, айтуда бәрi бiр дыбысталады». «Дара әрiптi не жаңадан шығарып, не жаңадан кiргiзуге болмайды, осы күнгi қазақ әлiппесiнiң iшiнде бар, көршi елдерде осы мағынада қолданылатын латын әрпiнiң жержүзiлiк практикасында ұсталып жүрген у мен ү-нi бiрiншiсiн ұу,үу орнына, екiншiсiн ый мен iй орнына алу жағындамыз»,- деп қорытындылайды. Байқап қарасақ, автор ый, ұу дыбыстарының қосар екенiне дау айта отырып у,и дыбыстарының алдынан жартылай дауысты ұ мен ы –ның қыстырылатынын жоққа шығара алмайды. Тек бұлардың жазуда еленiп, қосар әрiппен берiлгенiне қарсы тәрiздi. Бұл әрiптердiң қазақ орфографиясына қаншалықты озбырлық жасап келе жатқаны белгiлi фонетист С.Мырзабеков: «Бұл екi әрiп тiлдің дыбыстық жүйесiн бұзып, жұрттың басын қатырып болды. Оларды iштей дыбыстарға ажырату қиындығы 1983 жылы емле ережесiне: и,у әрiптерi бар сөздер буындалғанда, келесi буын дауысты әрiптен басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, жи-ын,- дейтiн тiлдiң табиғатына қайшы, зиянды заң қабылдауға мәжбүр еттi» - деген пiкiрiнен айқын көрiнедi. Яғни, бiрiншiден, айтуда ты- йын, мы-йы, тi-йiн,бi-йi т.б.сөздерi жазуда ти-ын, ми-ы, ти- iн,би-iк түрiнде дыбысталып буындалады.
Сонда буын құраушы екi дауысты /и және ы, и және i/ сөз ортасында қатар келедi. Екiншiден сөз ортасындағы буын дауыстыдан басталып, төл дыбыстық жүйемiзге қайшылық тудырады, Үшiншiден ми, ти әрiптер тiркесi [мый], [тый], бiрде [мiй] ,[тiй] түрiнде оқылып, шатастырады. Қазақ тiлiнiң тiл үндестiгiмен қабыса бермейтiн араб-парсы тiлiнен енген аралас буынды сөздердiң жазылуы да қазақ жазу емлесiне аз ауыртпалық түсiрiп жүрген жоқ. Олар: қадим-қадым-қадiм, қадыр- қадiр-кəдiр, қайтып – кəйтiп- қайтiп, зəрезап- зəрезəп – зарезап т.б сөздерi.
3. Орыс тiлiнен енген - ю, е, я әрiптерi. Бұлар ио, иа, иу дыбыс тiркестерiн таңбалау үшiн алынған әрiптерғана екендiгiне қарамастан, бiраз уақыттар дербес дауысты дыбыс ретiндеқаралып, қазақ тiлi дауыстыларының санын 15-ке жеткiзуге қызмет етiпкелдi. Ё әрпi тек орыс тiлiнен алынған сөздерде ғана жазылатындықтан төлсөздерiмiздiң емлесiне қатысы жоқ. Ал ю, я әрiптерi қазақ емлесiне бiршама қатысы бар. Қазiргi емлемiзде я, ю әрiптерiнiң қазақ сөздерiнде иа, иу қосар дыбыстарын таңбалап, дауысты әрiптен кейiн ғана жазылатыны / мысалы, аю-айу, үю-үйу, қою- қойу, қоян-қойан/ кейде я әрпiнiң бiрен-саран қазақ сөздерiнiң басында да жазылатыны /мысалы, яғни, яки, япырмай/негiзделген.
Я, ю әрiптерiнен келетiн сөздердi дыбыстай буынға бөлу мен жазбаша буынға бөлiп не тасымалдап жазуда қайшылыққа ұрынамыз. Мәселен қияды сөзiн жазуда қи-я-ды деп, айтуда қы-йа-ды деп буындаймыз.
Қазақ тiлiнде сөз не жеке буын й дыбысынан басталмауы тиiс. Осындай қайшылықтың яғни /йағни/, яки йаки сөздерiне де қатысы бар. Бұл сөздердiң қазақша айтылуын С.Мырзабеков ыйағни, ыйапырмай, ыйаки деп транскрипциялайды.. Осы жүйемен алсақ, қияды сөзi айтылуда қы-ыйа- ды деп буындалатын болады. Сондай-ақ: баюы, кеюi, тыюы сөздерi жазуда ба-ю-ы, ке-ю-i, айтылуда ба-ыйұ-уұ, ке-ійү-уү, ты-ыйұ- уұ түрiнде буындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет