Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет10/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Бекіту сұрақтары
1. «Жаңа алфавит және қазақ әдеби тілінің орфографиясы» (орыс алфавиті негізінде) еңбегінің мәні
2. Сәрсен Аманжоловтың терминология мәселесі жайындағы пікірлері.
3. Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавиті мен орфографиясы»,
4. «Жаңа алфавиттің принциптері туралы» еңбектері.
Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
10. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
11. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
12. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
13. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б.


Тақырыбы-10. Ә. Қайдар - жазудың қыр-сырын зерттеуші
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Ә.Қайдардың әр кезеңде қолданылған қазақ алфавиттерін өзара салыстыру нәтижесіндегі пікірлері. 2.Алфавит түзуге қоятын талаптары. 3. Ғалымның лексикография саласына қосқан үлесі.4. Ә.Қайдардың «Латынның болашағы зор» және «Тіл майданы» мақалалары. 5. Ғалымның латын тілі графикасының қазақ тіл табиғатына үндестігі турасындағы пікірлері.
Дәріс тезисі
1. Қандай тіл болмасын, оның орфографиясында шешілмеген сұрақтардың қатар өмір сүріп отыруы заңдылық, өйткені тіл бір орында семіп тұрмайды, әрдайым өзге тілдермен қарым- қатынаста қоғам өмірімен бірге өсіп, дамып отырады. Сол себепті тіл мәселесі қай елде болмасын, ауық-ауық күн тәртібіне қойылып отырады. Жазудың қасиет белгілері өзара салыстырып қарағанда ғана айқындала түсетіні белгілі. Қазақ тіл білімінің аса көрнекті маманы, белгілі түрколог, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ә.Қайдар қазақ жазуына қызмет еткен үш жазуды былайша өзара салыстырады:
1) Алфавиттегі әріп таңбаларының саны ана тіліміздегі фонемалардың санымен бірдей болуы керек; мәселен Ахмет Байтұрсынұлы реттеген араб әліппесі алғаш 28 дыбыс таңбасынан (оның 8-і дауысты, 20-сы дауыссыз дыбыстар) құрылып, кейін оған қосымша интернационалдық терминдерді дәл беру үшін тағы 5 әріп (в, ф, х, ч, h) қосылған болатын. 1929- 1940 жылдары пайдаланған латын алфавитінде 30 әріп (оның 9- ы дауысты, 21-і дауыссыз дыбыс таңбалары) алынса, Шыңжаң қазақтарының 1960-1980 жылдардағы қолданған латын жазуында 37 әріп (9-ы дауысты, 28-і дауыссыз) те, төртеуі ханзу тілінің ыңғайына қарай алынған қос дыбысты (ih, ch, sh, пg) таңбалары еді. Ал орыс графикасы негізінде қабылданған қазақ алфавитінде 42 таңба (ондағы дауысты дыбыс таңбалары - 15, дауыссыздары - 27, оның ішінде қосдыбыстылары - 9, жуандық және жіңішкелік белгілері -2) бар. Осының өзі-ақ тіл табиғатына тән дыбыстар мен оны таңбалаушы әріптер арасындағы сәйкестіктің бұзылуын көрсетіп тұр. Бір тілдің табиғатында үш- төрт түрлі көріністің (бірде 28, бірде 37, бірде 42 таңба) болуы әрине, заңды құбылыс емес. Демек, бұл жазудың біреуінде болмаса да біреуінде кінәрат бар. Кейде төл дыбыстардың санынан алынған таңбалардың көп болуы сол тілдің қолданыс шеңберін, яғни басқа тілмен қарым-қатынасын (жетпейтін әріптерді алу) саналы түрде ескеруге де байланысты. Бірақ онда да ол тек кейбір жалқы және қос дауыссыз дыбысты таңбалар (мысалы, ц, ч, щ, ю, я) есебінен ғана көбеюі мүмкін .
Алфавиттің қайсысы болса да келесі үлгіге мән берген жөн: 1) Графемалар тілдегі фонемаларды (мағыналы дыбыстарды) әрі дәл, әрі нақты таңбалауы қажет.
2) Бір таңбаға (графемаға) мүмкін болса, бір-ақ дербес фонема телінуі керек.
3) Ана тіліне жат қосдыбысты, тіпті үш дыбысты әріптерді қабылдаудан бас тарту.
4) Жазудың таңбалауға қолайлы, оқуға оңтайлы, үйренуге жеңіл болғаны абзал.
5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде пайдалануды қалайды.
6) Аталмыш үш алфавиттің кемшіліктері мен жақсы қасиеттерін сарапқа салып, оларды тәптіштей зерттеп жүрген мамандар неше түрлі деректерді ортаға салып, әдетте байқала бермейтін фактілерден қорытынды жасап, әр алуан пікір түйеді.
7) Ең соңғы айтарымыз: жазулардың түр - түрін білудің еш артықшылығы жоқ, Бүгінгі жас ұрпаққа оның бірнешеуін білуге тура келеді,- деп тұжырымдайды.
2. Ә.Қайдар лексикографияның теориялық және тәжірибелік мәселелерімен 1960 жылдардан бері айналысып келеді. Бұған мысал ретінде "Ұйғырша-орысша сөздік” "Ұйғырша-орысша лингвистикалық сөздік” тәрізді екі тілді аударма сөздіктерді, "Тысяча метких и образных выражений: казахско-русский фразеологический словарь с этнолингвистическими пояснениями” (2003) атты екі тілді түсіндірмелі сөздікті, сондай- ақ, "Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” (авт. бірі), "Халық даналығы” тәрізді бір тілді түсіндірме сөздіктерді келтіруге болады.
Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993ж. бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізінде қалыптастыру мәселесі қойылып отыр. Латын қарпіне көшудің тиімділігі неде екені Ә. Қайдардың «Латынның болашағы зор» деген мақаласында, Ә. Қайдар мен Ө. Айтбайұлының «Тіл майданы» еңбектерінде толығымен ашылып көрсетіледі.
тапсырмалар. 1. Ә.Қайдардың «Латынның болашағы зор» және «Тіл майданы» мақалалары бойынша реферат жазыңыз. 2. Ғалымның латын тілі графикасының қазақ тіл табиғатына үндестігі турасындағы пікірлерін конспектілеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет