Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет20/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Бекіту сұрақтары
1. Кiрме сөздердiң айтылуы мен жазылуының ережелері.
2. и,у әрiптерiнiң дыбысталуы мен таңбалануы туралы пікірталастар.
3. е, ю, я әрiптерiн жазудағы және буынға бөлудегі кереғар құбылыстар.
4. Вариант сөздердiң, күрделi сөздердiң, жер-су, адам атауларының жазылуындағы әрқилылық.
Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
10. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
11. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
12. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
13. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б


Тақырыбы-18. Бөлек және бiрге жазылатын сөздер, оларды ажыратудың
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. ХХ ғасырдың басындағы тілші ғалымдардың күрделі сөздердің түрлерін ажырату үшін белгілеген шарттары. 2. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiнде /1983/ бөлек жазылатын сөздер. 3. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiндегi /1988/ ережеде бiрге жазылатын сөздер. 4. Р.Сыздықтың күрделі сөздерді біріктіріп жазуға қоятын талаптары. 5. Сөздердiң бiрге жазылуының семантикалық факторы. 6. Н.Уәлиев, А.Алдашеваның біріккен сөздерге қоятын талаптары.
Дәріс тезисі
1. Сөздердiң бiрге не бөлек жазылуы туралы мәселе, күрделi сөздердiң бiрiккен сөз және тiркескен құрама сөз түрлерiн бiр- бiрiнен ажырату мәселесiнен туындайды. Себебi: бiрiккен сөз деп қабылданса – бiрге, тiркескен құрама сөз деп есептелiнсе бөлек жазылады.
Сондықтан да болар күрделi /қүрама/ сөздердiң жазылу емлесiнiң /бiрге, бөлек, дефис арқылы/ қалыптасу тарихы, алдымен, күрделi сөз түрлерiн ажырату критерийлерiн анықтауға ұмтылудан бастау алғаны мәлiм. А.Байтұрсынұлы күрделi сөздердiң үндесу заңына сәйкес келгенiн- бiрге, келмейтiндерiн бөлек таңбалайды. Қ.Жұбанов бiрiккен сөздi «кiрiккен сөз» терминiмен алып, кiрiккен сөз болудың негiзгi белгiлерiне талдау жасайды. Кiрiккен сөз болудың бiрiншi шарты мағыналық тұтастығы: бiр-ақ нәрсенi атап, бiр сөздiң орнына жүредi. Бiрақ бұл шарт барлық сөздерге бiрдей өлшеуiш бола алмайды. Олай болатын себебi: «қарақұс деген бiр сөз бе, екi сөз бе? Бiр сөз дейiн десең, қара дегеннiң де өз мағынасы бар. Бiрақ екеуi қосылып келiп, бұл арада бiр нәрсенiң аты болып тұр. Ал, бұларды бiр дейiн десең, дәл осылар сияқты болып жасалған өгiз арба, темiр қасық т.т.-да бiр сөз болуы керек сияқты. Олай болғанда анықтауыш сөз бен анықталушы сөздiң екеуi қосылып бiр сөз болып санала беру керек сияқты. Мiне, жалғыз мағынаға сүйенгенде айырып алу қиын болатыны осыдан ... – дей келiп, кiрiккен сөз болудың екiншi шартына синтаксистiк тұтастықты көрсетедi, яғни жеке сөздердiң әрқайсысы сөйлемде өз алдына бiр-бiр мүше болмай, бәрi жиналып, сөйлемнiң бiр-ақ мүшесi болу керек» үшiншi шарт морфологиялық тұтастық, яғни сөз тұлғасының әдемi қалпынан өзгерiп, бiрыңғай қалыпқа түсуi, мысалы, қолғап, ашудас, белбеу сөздерi тәрiздiлер. Төртiншi шарт фонетикалық тұтастық, яғни кiрiгушi сөздердiң алдыңғысы екпiннен айрылып, қалған жалғыз екпiн соңғысындағана болады. Қ. Жұбанов төртiншi шартты ең негiзгi деп көрсетедi: «Кiрiккен сөзбен кiрiкпеген сөз тiркесiнiң қайсысы екенiн айыруға ең қолайлы, әрi сенiмдi жол – ол екпiнiне қарау». Мысалы: қарға қара құс десек, мұндағы қара құс кiрiкпеген тiркес екенi анық. Өйткенi қара сөзiнде екпiн бар, әрi ол екпiн соңындағы құс сөзiнiң екпiнiнен анағұрлым басым. Ал, бүркiт – «қарақұс тұқымынан» десек, мұндағы қарақұс кiрiккен сөз екенi анық. Өйткенi, мұнда қара деген бөлшекте түк екпiн жоқ, қара мен құстың екеуiне ортақ жалғыз-ақ екпiн бар, о да қара сөзiнде емес, құс сөзiнде. Бiрнеше сөздер қосылып, бiр ғана екпiнге- ең соңғысының екпiнiне бағынып, кейде бәрiнiң не бiреуiнiң бұрынғы мағынасы өзгерiп, сондықтан, бәрi жиналып, бiр-ақ нәрсенiң аты болып, бiр-ақ мағына беретiн, сөйлемде бiр- ақ мүше болып болып, бiр-ақ сөздiң орнына жүретiн болса, осыны кiрiккен сөз деймiз.
Қ. Жұбанов көрсеткен сөздердi бiрiктiрiп жазудың 4 факторы /семантикалық, морфологиялық, синтетикалық, фонетикалық/ күрделi сөздердiң iргесiн ажыратуға арналған кейiнгi еңбектерде түрлiше қырынан сипатталады. М. Балақаев «бiрiккен сөздердiң пайда болу заңдылығы» сөздердiң семантикалық единица болу тұтастығына қарап танылады, - деп көрсетiп, бiрiгуге бейiм сөздердi мүмкiндiгiнше бiрiктiрiп жазуды қолдайды: 1. Бiрiктiрiп жазу жинақылықтың нышаны. 2. Бiрiккен сөздердi бiрiктiрiп жазу – тiлдiң сөз байлығын дамытудың да қамы. 3. Бiрiккен сөздердi жүртқа бiрiктiрiп жазып оқыту арқылы солардың тұтастығын танытамыз, бiр сөз ретiнде дұрыс жазып жылдам оқуға тиiстi жағдай жасаймыз» - дейдi. Бiрiккен сөздердi жазуда ала-құлалықтардың болуы, алдымен оларды семантикалық- фонетикалық орайда тұтас бiр сөз деп танудың орнына, кейбiр ғалымдарымыз басқаларға елiктеп, сөздердi бiрiктiрмей бөлiп жазудың жаршысы болды. Екiншiден, ресми орфографиялық ережелерiмiзде бiрiгiп жазылуа тиiстi сөздердiң саны мен сапасы әбден тежелiп, азайтып жазу уағыздалса, iс жүзiнде бiрiккендердi бiрiктiрiп жазу бағыты күштi болды...Үшiншiден, бiрiктiрiп не бөлек жазылуға тиiстi сөздердi айырудың қиындығы ресми орфографиялық ережелердiң кейде бiрiздi, дәл болмауынан орфографиялық сөздiктерде ала-құла, қарама-қарсылық күштi болды: бiр сөздiкте бiрге жазылған сөздер екiншi сөздiкте бөлiп жазылған... Сөз бен сөздi қосып жаңа сөз жасау процесi үздiксiз дамып жатуынан пайда болған өзгерiстер орфографиялық ережелерге iлеспей, олардан ауытқып, асып-түсiп жатады. Ғалым жоғарыдағы қиындықтарды атай келiп, «бiрiккен сөздердiң жазылуындағы басшылыққа алатын бiр шешiм жүйелi бiр кемшiлiк принципi болу керек», сондықтан бiрдей жүйемен жасалған күрделi сөздердi жаппай бiрiктiрiп жазу принципiн ұсынады[32,59 б.].
Бiрге жазылатын күрделi сөздерге қандай критерийлер қою керектiгi жөнiнде оқулықтарды, баспасөз бетiнде түрлiше пiкiрлер айтылып та, жазылып та жүр.
2. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiнде /1983/ бөлек жазылатын сөздердiң 6 түрлi тобы көрсетiлген:
1. Мемлекет, республика, облыс, мекеме, үйымның күрделi атаулары.
2. Анықтауыш пен анықталушы сөздер. 3. Күрделi сан есiм, күрделi сын есiмдер. 4. Күрделi етiстiктер. 5. Есiм, елiктеуiш сөздер мен етiстiктерден қүралған күрделi сөздер. 6. Идиомалық, фразалық тiркестер. 3. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiндегi /1988/ ережеде бiрге жазылатын сөздер:
1. Тұлғасы өзгерiп барып бiрiккен сөздер /бүгiн, биыл, алаңғасар т.б./
2. еш, әр, кей, бiр, әлде сөздерiмен бiрiккен есiмдiк, үстеу сөздер /ешқандай, ештеңе, бiржолата т.б./
3. Термин сөздер /баспасөз, еңбеккүн, көкжиек/. 4. Құрал- жабдық атаулары / шаңсорғыш, бесатар т.б/, мамандық, кәсiп, қызмет иелерiнiң аттары /өнертапқыш, темiржолшы, атқамiнер т.б/,ойын, салт –дәстүр атаулар / ақсүйек, тоқымқағар, ақсарбас/.
5. Аң-құс, жан-жануар, құрт- құмырсқа, өсiмдiк атаулары /қарақұйрық, ақбөкен, тасбақа, шегiртке, аққу/.
6. –тану, сымақ, аралық, фото, электр, радио, авто, авиа т.б сөздерiмен келген тiркестер / халықаралық, радиоқабылдағыш, автоқалам т.б/.
7. Екi не үш сөзден құралған жалқы есiмдер /Әбдiманат, Мергенбай, Сарыөзен, Омарханұлы, Момышұлы т.б./
4. Р.Сыздықованың «Емле және тыныс белгiлерi» кiтабында бөлек жазылатын сөздер бүдан гөрi кеңiрек берiледi:
1. Бiрiккен сөздердiң бiрқатары түбiрiн сақтап, ендi бiр шамасы өзгерген қалпында жазылады: алабұға, алақоржын,кәсiподақ, өнертану, бүрсiгүнi, қарағаш, апару т.б. Ал бiрiккен сөз болатын сөздерге төмендегідей атаулар жатады: 1. Жалқы есiмдер / топономикалық атаулар, кiсi аттары/ 2. Ғылым мен техниканың әртүрлi саласындағы терминдiк мәнге ие болған күрделi атаулар.
3. Флора мен фауна дүниесiнiң терминдiк атаулары болып келетiн күрделi сөздердi бiрiктiрiп жазу үшiн төмендегiдей талаптар қойылады:
1. ақ, қара, көк, сары т.б түстi бiлдiретiн сын есiмдер дербестiгiнен айырылған сөздермен бiрiгiп белгiлi бiр жан- жануар, құс, өсiмдiк атауын бiлдiредi: алақоржын, ақиық, аққу, көкқұтан т.б.
2. Бiрiншi сыңары түстi бiлдiретiн сын есiмдер екiншi сыңары құс, ағаш, балық, құрт,шөп, гүл, торғай, жидек, жемiс сияқты аң-құс, өсiмдiктiң жалпы атауы болатын сөздер бiрге жазылады. Қараторғай, сарышөп, қызылжидек т.б.
3. Бiрiншi сыңары есiм сөз, екiншi сыңары шөп, өсiмдiк, тауық, құрт сияқты жалпы атаулар: әтiргүл, бояушөп, барқытгүл т.б.
4. Екi сыңары да дербестiгiнен айырылған есiм сөздер. 5. Бiрiншi сыңары мал, аң атаулары екiншi сыңары лексикалық мағынасынан айырылған сөздер / балықкөз, түйеқара, қоянсүйек т.б./ немесе бiрiншi сыңары мал не аңның жалпы атауы, екiншi сыңары шөп, жапырақ, тiкен, жемiс, тамыр т.б. тәрiздi сөздерден тұратын, ботаникалық терминдер / бақаоты, қояншөп, түйетiкен, қазоты т.б./
3. Әралуан құрал – жабдық, қару – жарақ, машина, аппарат, бұйым, үй мүлкi атаулары, мамандық, кәсiп иелерiнiң аттары.
4. Аралық, тану, сынақ, нала, ақы, еш, кей, қай, әлде сөздерiмен келетiн күрделi сөздер.
5. Фото, авиа, агро, теле, мото, стерео сияқты кiрме сөздермен келетiн қазақ тiлiндегi сөздер.
Осы берілген талаптарға қарай бiрге және бөлек жазылатын сөздердiң белгiлi бiр жүйеге бағынған емлесi бар. Дегенмен, қазақ тiлiндегi күрделi сөздердiң барлығын бiрдей осы жүйеге түсiру қиын. Жасалу уәжi бiрдей сөздердiң бiр тобы бөлек жазылатын сөздердiң, екiншi тобы бiрге жазылатын сөздердiң қатарын құрайтын жағдайлар да ұшырасады.
5. Күрделi сөз атаулыға тән ортақ белгi-олардың бiрнеше түбiрден құралып, тұтас бiр мағынаға ие болуы бiрнеше түбiрдiң сөйлемде бiр ғана зат, құбылыс атауы болып, бiр сұраққа жауап берiп, сөйлемде бiр ғана қызмет атқаруы десек, күрделi сөз сыңарының бiрiктiрiлiп жазылуы үшiн нақты критерий қандай болмақ? Н.Уәлиев, А.Алдашеваның «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» кiтабында күрделi сөздердiң арасынан бiрге жазылатындарын ажыратудың бiрден-бiр критерийi ретiнде:1) оның сыңарларының семантикалық өзгерiсi алынады. Яғни құрамындағы сөздер дербес тұрғандағы мағынасынан ажырайды, олардың мағыналарының контаминацциялануы /лат. Contaminatio- араласу/ нәтижесiнде тың мағына пайда болады. Мәселен, жаужұмыр, сайгүлiк, қызойнақ, бiрқазан /құс/, кәрiқыз /өс/, түйесiңiр /өс/, шашақбас /өс/ т.б. сөздерiнiң әрқайсысының жеке компоненттерiнiң дербес мағынасының тұтас сөздiң беретiн ұғымына мүлде қатысы жоқ. 2) Кейде бүтiннiң бөлшегi болатын сөз сыңарлары бiрiге келiп тұтас зат, құбылыс атауы болады. Мысалы: қосаяқ, бiзқұйрық, қаратамақ, қарабауыр т.б. Осындағы аяқ, құйрық, тамақ, бауыр сөздерi «бүтiннiң бөлшегiн» бiлдiредi. Егер күрделi сөз құрамындағы сыңар сөздер өздерiнiң мағыналықдербестiгiн бiршама сақтап қалатындай болса, ондай күрделi атаулар бөлек-бөлек таңбаланады. Мәселен, әулиеағаш-бiрге, алма ағаш бөлек жазылады. Себебi: әулие және ағаш сөздерi мағыналары бiр- бiрiне қабыспайтын мүлде әр басқа сөздер. Дербес мағыналарынан ажырап жаңа мәнге ие болған. Ал алма ағаш сөзiнде алма да, ағаш та өз дербестiгiнен толық айырылмаған. 3) Кейде 3 сыңардан тұратын күрделi атаулардың алдыңғы екi сыңарын –бiрге, соңғысын бөлек жазуға тура келедi. Мысалы: қызыққұйрық торғай, сарала қаз, саржақ су бүркiтi, ақбас жусан, қарабауыр қасқалдақ т.б. Себебi алдыңғы екi сыңарының мағынасы кейiнгi сыңарына қарағанда идиоматизацияланғанын байқау қиын емес. 4) Күрделi сөздердiң бiрiккен сөз ретiнде танылуына олардың семантикасынан өзге грамматикалану факторы да әсер етедi. Бұл орайда етiстiк формалары, сын есiм, зат есiм жасайтын арнайы тұлғалар мен көптiк жалғауының мағына ұластырғыш қызметi айтарлықтай рөл атқарады [24, 63 б.].
Мысалы, жатыпат – ар, қанiш-ер, батаоқы-р, көрiпкел, қүлақкес-тi, қағазбас-ты, қағабер-iс, шығабер-iс, қосжынысты- лар, сүтқорек-тi-лер, шатыршагүлдiлер т.б. Егер қос жынысты жәндiктер, сүт қоректi жануарлар, шатырша гүлдi өсiмдiктер десек, әр сыңары бөлек жазылады. Яғни, көптiк жалғаумен келетiн күрделi сөздердiң бiрге жазылуы зат, нәрсенiң негiзгi атауының түсiрiлiп, жалпылама мәнге ие болуына байланысты. 6. Құрама сөздердiң бiрге және бөлек таңбаланудың ғылыми негiздемесiне арнап ғылыми еңбек жазған ф.ғ.к. Қ.Күдеринова құрама сөздердiң бiрге не бөлек жазылуының екi түрлi уәждемесiн көрсетедi: бiрiншiсi-тұлғалық, екiншiсi – мағыналық. Бiрге не бөлек жазылатын сөздердi ажырата бiлуде бұл тұжырымдамаларды бiршама маңызды деп есептегендiктен, нақтырақ тоқталып өтейiк.
1. Сөздердiң бiрге жазылуының тұлғалық факторы. Бұған құрама /күрделi сөздi бұдан әрi құрама деп атаймыз/ сөз сыңарлары грамматикалық формаларының элизияға ұшырау, редукциялануы, екi сыңарды ұластырғыш жалғаулықтарының болуы, сыңарлардың фонетикалық контоминацияға ұшырауы, бiр екпiнге бағынуы. Қазақ тiлiндегi бiрiккен сөздер /бұдан әрi БС/ - ар, -лар,- лық, -ғыш қосымшаларымен келiп және тану, жанды, құмар, ақы, ара, жай, хана сияқты лексикалық бiрлiктердiң грамматикалануы негiзiнде жасалады. Бұндай түлғалық ерекшелiктердi Қ.Күдеринова бiрге тұлғалаудың формалды белгiлерi деп алады. Сөздердi бiр-бiрiмен ұластыру үшін қызмет ететiн қосымшалар ұластыруыштар, лексикалық бiрлiктердi /тану, жанды т.б./ құрастыруыштар деп атауды ұсынады. Ұластырушы қосымшаларға мыналарды көрсетедi: -ар, -ер. ауызашар, алтыбасар, бiрбайлар, ұлтабар,беташар, атсоғар т.б.. Негiзiнен этнографиялық атаулар, адамға қатысты сөздер. -лық. ауызбiрлiк, ауылшаруашылық, бесжылдық, бүкiләлемдiк, мектепiшiлiк, кiшiпейiлдiлiк, шаласауаттылық – негiзiнен саяси, әлеуметтiк, қоғамдық атаулар, термин сөздер.]. -лар. ағашкемiргiштер, бассүйексiздер, көпқанаттылар, крестгүлдiлер, жылықандылар, күрделiгүлдiлер т.б. Негiзiнен жануартану, өсiмдiктану туыс атау терминдерiн жасауға қатысады.
-қыш. алжапқыш, сабынсалғыш, тiсжуғыш, дәнтазалағыш, картонүккiш, шағсорғыш – техника, құрал, аспан атауларын бiлдiретiн термин сөздер. Бұлардың қатарына адамның бiр әрекетке бейiмдiлiгiн бiлдiретiн семантикасы бар мақала жазғыш, сурет салғыш, кiтап оқығыш т.б. тiркестерiн жатқызуға болмайды. Себебi, мысалы сурет салғыштың – адамның бiр ғана қыры, ал еттартқыш- тек ет тартуға арналған құрал. - ты. предикаттық қатынастағы фразалық тiркестердi бiрiктiрiп жазуға меже болып табылады. Мәселен, шаруабасты, балабасты, пышақкестi, құлақкестi, өзекжарды, сусоқты, атсоқты. Бүл тiркестердi бiрiктiрiп жазу арқылы бауыр басты /жақын тартты, Үйренiп кеттi/; бетiне басты / өрескел қылықты салық еттi, үялтты/; еңсенi басты /көңiлдi көтерт-пей қамықтырды/; жаза басты /жаңылысты/; желiн басты /мiнезiн жөнге келтiрдi/; қара басты /жолы болмады/ сияқты ұқсас тұлғалы фразеологиздерден ажырату үшiн де керек/. - ма, -ме, -ба, -бе. айкезбе, ақжайма, алыпқашпа, алыпұшпа, баукеспе, елкезбе, жерқазба, жерқойма, жолжазба, жолсiлтеме, иекартпа, суырыпсалма, шығарыпсалма, iзжазба т.б. - ыс, -iс. беталыс, бетбұрыс, бұқатартыс, қантөгiс, құлаққағыс т.б. - қ, -ық. бөройнақ, жынойнақ, қантойнақ, қантышқақ, қызойнақ, мұзойнақ, ойтолғақ, тақиятеппек т.б. - қы, -кi. аласүзгi, ауақыздырғы, етшапқы, жарықтүсiргi, мұзқатқы, суқашыртқы.
Сөз құрастыруыш тұлғаларды автор 3 түрлi аяда көрсетедi: аффиксоидтар, стандарт тұлғалар және жинақтауыш түлғалар. «Мұндағы аффиксоид дегенiмiз нақты мағынасынан дерексiзденiп, қол үзе бастаған, кей реттерде дербес те қолданыла алатын, бiрақ көбiнесе тiркескен сөзiне селбесiп, БС жасайтын делексикаланған бiрлiктер болып табылады.
Аффиксоид құрастырғыштар: - хана. Парсы тiлiнен енген «үй, бөлме» мағынасындағы жұрнақ. Қоғамдық, жалпы халықтық тұтынудағы ортақ орын, мекен ғимараттарын атауға қатысты ресми қолданыста жұмсалады. Мысалы, асхана, емхана, етхана, ұстахана,жындыхана, балахана, баспахана, жатақхана, құжатхана, кiрхана т.б. - құмар. «Ынтық, ынтызар, асық» және «әуес, үйiр, құштар, қызықтағыш» ұғымын бiлдiредi. Мысалдары: аңқұмар, арызқұмар, атқұмар, қағазқұмар, әнқұмар, балқұмар, бәлеқұмар, кiтапқұмар, қағазқұмар т.б. -жай. Толық мағыналы сөзден аффиксоид қатарына өткен тағы бiр тұлға - жай. Алдымен қоражай қос сөзiнде көрiндi. Кейiн мекенжай /адрес/ мағынасына ие болды. Екi сөз бiрiгiп мекенжай – орын мағынасын алды. Қазiргi кезде әуежай, егiнжай, еружай, жағажай, жылужай, кемежай, қоңыржай, қонысжай, қоражай, малжай, панажай, саяжай, шипажай т.б. Бәрiне ортақмағына – белгiлi бiр орын, мекен, тұрақ яғни кеңiтiктiң бiр нүктесi. - ара. «Ара сөзiнiң термин құрастыруыш қатарына өтуi препозицияда да, постпозицияда да екiншi сыңармен бiрге таңбалану формасына ие болумен көрiнедi. Мысалы, арақатынас, арақашықтық, аражiк, арасалмақ, арагiдiк, арақатыс, екеуара, өлара, өзара, iшiнара т.б. Аралық сөзiнiң арнайы формантқа айналуы халықаралық сөзiнен бастау алып, ауыларалық, буынаралық, жоларалық, қалааралық, пәнаралық т.б. сияқты атаулармен жалғасады. - тану. Абайтану, ағаштану, әдебиеттану, әуезовтану, қоғамтану, өнертану. - жанды. Ақынжанды, ержанды, итжанды т.б.
Стандарт құрастырушылар: басы, хат, гүл, оты, жегi, ақы, балық, қап, ауру, той т.б. Бұл қатардың сандық та, сапалық та сипаты – тiркескен сөзге ортақ белгiлi бiр стандарт мағына үстейтiн, бiр денотативке байлаусыз, көп денотативке ортақ, бiр семантикалық аймақтағы лексикаларды құрайтын, жеке де қолданыла алатын сипаты – оларды формалды белгiнiң стандарт құрастыруыштарына топтайды» . Хат сыңарлы: сенiмхат, тiлхат, қолхат, құснихат, жолдаухат, үндеухат т.б. Қап сыңарлы: буынқап, кесеқап, сандыққап, көрпеқап, бұршаққап, тезекқап т.б.
Шөп сыңарлы: еменшөп, жұмыршөп, жұпаршөп, жаншөп, күреңшөп т.б. Гүл сыңарлы: азагүл, бөрiкгүл, жарықгүл, дәстүргүл т.б. Оты/ сыңарлы: ақот, аю оты, бақа оты, балықоты, киiкоты, қоянот т.б. Жегi сыңарлы: ағаш жегi, алма жегi, балық жегi, тiс жегi т.б. Жинақтауыш құрастырушылар: бас,ағаш, құрт, тамыр, тiкен, жапырақ, аяқ, тас сөз «тұлғалары бүтiннiң жалпыға ортақ бөлшегi ретiнде жұмсалып, белгiлi бiр сөздiң сүйемелi арқылы ғана заттың атауы болатын, стандарт мағынадан гөрi ұғымды жинақтау қызметiн атқаратын, бiр денотативке байлаусыз, көп денотативке ортақ сөздер». Бас сыңарлы: қалжыңбас, қылжақбас, желбас, маубас, жүдеубас т.б. Тiкен сыңарлы: бозтiкен, бүрметiкен т.б. Тамыр сыңарлы: кiндiктамыр, жертамыр, мыңтамыр, сабынтамыр т.б. Жапырақ сыңарлы: бабажапырақ, иманжапырақ, теңгежапырақ т.б. 7. Сөздердiң бiрге жазылуының семантикалық факторы. Бұл фактор бойынша сөздiң бiрге жазылу уәждемесi оның құрамындағы сыңарларының семантикалық арақатысымен айқындалады. Себебi тiлдiк таңбаның мазмұн өресi оның /тiлдiк таңбаның/ 1. қоршаған ортамен қатынасы /сигматика/; 2. қолданушымен қатынасы/ прагматика/; 3. мәтiндегi басқа таңбамен қатынасы / синтактика/; 4. жүйедедегi басқа таңбамен қатынасы / семантика/ аспектiлерiнде қаралуында кейде компоненттерi экстралингвистикалық мәндiлiктен алшақтай қоймаған жалақы, уыққап, итаяқ сөздерi бiрiгiп, ал кәрi жiлiк, мойын омыртқа сияқты сөздер бөлек жазылатын уәждемесi күрделi мәселелер кездеседi. Бұндай түсiнiксiз жолмен бiрiктiрiлген құрама сөздердi жүйелеуде автор фразеологиядағы коннотат – денотат теориясын қолданады. Денотат - латынның denotare «белгiлеу, бiлдiру» сөзiнен шыққан. Лингвистикада денотат белгiлi бiр сөз бiлдiретiн обьектив дүниедегi зат не құбылыстар; белгiлi бiр сөздi айтқанда ойымызға келетiн зат не оның белгiлерi деп алынып, денотаттық мағына адамның сезiм мүшелерiне түйсiк туғызатын заттың қасиетi ретiнде түсiндiрiледi. Семаларэкстралингвистикалық мәннен алшақтап және одан қол үзген сайын екi құрамды күрделi есiм сөздердi бiрге жазу үрдiсi күшейе түседi. Олар әр түрлі жолдармен жасалады: Метанимиялық қолданыстың атаулық қызметiнiң актуальдануынан пайда болған аюқұрақ, қазтабан, бұзаубас т.б. метафора негiзiнде пайда болған ақсақал, ақсүйек, бойкүйез, бақталас, төлтума, қолтаңба сияқты сөздер. Эпитет негiзiнде пайда болған аққұс, ақлақ, ақжүрек, ақбикеш т.б. Сонымен, Қ.Күдеринованың «Бiрге, бөлек таңбаланатын сөздердiң орфограммасы және оларды кодификациялаудың негiздерi» еңбегiнде күрделi /құрама/ сөздердiң бiрге не бөлек таңбалануының қазiргi тiлтану аясындағы қол жеткен нәтижелерге сүйене отырып, ғылыми – теориялық негiздемесi жан-жақты баяндалғанын көремiз. Сонымен қатар Қ.Күдеринова бiрге жазылатын сөздердi босаралықсыз таңбаланатын сөздер деп бөле қарастырады. Бөлек жазылатын сөздердi 5 сатыға бөлiп, олардың да ғылыми теориялық түсiндiрмесiн ұсынады. Сонда бөлек жазылатындар мынадай тiлдiк бiрлiктер:
1. Сөйлем мүшелерi; 2. Синтаксистiк сөз тiркесi деңгейiндегiлер /алтын сағат, күмiс қасық, кеңсе құралы, сабақ үлгерiмi/; 4. Фразеологиялық тiркестер /ит әуре, мысық тiлеу/; 5. Лексикалық синтагма /тандыр нан, ат қора/ .
1. М. Балақаевтың «Бiрiккен сөздердiң орфографиясы» еңбегiне конспект жасаңыз / кiтап: М.Балақаев «Қазақ әдеби тiлi, Алматы, 1987 217, 218 бб/. 2.Н.Уәлиев, А.Алдашева «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» /Алматы «ғылым» 1988/ кiтабынан «Бiрiккен сөздер мен шылаулардың жазылуы» тақырыбын конспектiлеңiз. /55-66 бетке дейiн/. 3. Жаттығу жұмыстарын орындаңыз. Берiлген күрделi сөздердiң бiрге, бөлек және дефис арқылы жазылатындарын ажырата көрсетiп, бөлек- бөлек терiп жазыңыз. Бұл сөздердiң неге бiрге, немесе бөлек, не дефис арқылы жазылатынына теориялық жақтан түсiнiк берiңiз. әлде /не/, ақ/табан/, жүк/ая/, қонақ/ жай/, абысын/ ажын/, баж /бұж/, балалы/шағалы/, дау/ жанжал/, ерсiлi/ арсылы/, жайма /шуақ/, жан /тәнiмен/, көз/қарас/, көш/басшы/, қос/аяқ/, иман/жапырақ/,тiс/ағаш/, әдебиет/тану/,аудан/аралық/, жазушы/сымақ/, батыр/сымақ/, агро/база/, изо/сызық/, аэро/құрылыс/, авиа/бензин/, авиа/бомба/, авиа/мектеп/, радио/әуесой/,авиа/матор/,фото/альбом/,бет/орамал/,ас/асы/,ас а/бас/, ауға/бас/,баспа/бас/, соқа/бас/. 4. Сөз, тас, жапырақ сөздерiмен келетiн фразалық тiркес, бiрiккен сөз, құрама тiркескен сөз, еркiн сөз тiркесiн тауып жазып,жазылу емлесiне ауызша түсiнiк берiңiз. 5. Сөздіктерді пайдаланып кiрiккен күрделi сөздердiң тізімін жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет