3. Орыс тiлiнен енген сөздерге қосымша қосудың ережеге бағынбайтын да тұстары кездеседi:
1. Қазақ тiлiнiң заңдылығы бойынша к, н дауыссыз дыбыстарына бiткен сөздерге қосымша дауыстыдан басталып жалғанса, бұл дауыссыздар ұяңдап г, б дыбыстарына айналады. Орыс тiлiнен енген сөздерден к дыбысына бiткен сөздерге қосымша жалғанып ережеге бағынады: гудок- гудогы, кубок-кубогы, механик-механигi т.б. Ал п, х дыбыстарына аяқталған сөздер бұл ережеге бағынбайды: окоп-окопы, тип-типi, цех-цехы, альманах-альманахы т.б. Қазақ тiлiнде осы тәрiздес бiрен-саран сөз ұшырасады: сап- сабы, сапы, қазақ-қазағы, қазақы тәрiздi.
2. –ль әрiптерiне аяқталатын бiр буынды сөздерге қосымша жiңiшке түрде жалғанады: роль, рольге, ролi, ноль, нольге, нолi. Дәл осы сияқты аяқталатын көп буынды сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жуан, дауыстыдан басталатын қосымша жiңiшке түрінде жалғанады: гастрольға, гастролi, гастрольдық, бандероль, бандеролі, бандерольға, бандерольдан түрiнде бiрiңғай жуан қосымшалармен берiледi.
Сондай-ақ –аль дыбыстар тiзбегiне аяқталатын сөздерге қосымша негiзiнен, а дыбысының ыңғайымен жуан жалғанады: фестивальға, моральды, госпитальдан т.б. Тек қана тәуелдiк жалғауы жiңiшке жалғанады: фестивалi, моралi, госпиталi т.б. 1978 жылғы сөздiкте моральға, моральдан, моралы т.б. түрiнде бекiтiлген.
3. Соңғы дыбыстары ог, уг түрiнде келген сөздерге қосымша тек жiңiшке жалғанады. Ал ак, аг, ок, ук дыбыстарына аяқталған сөздер бұған бағынбайды: парторг, парторгке, парторгi, педагог, педагогке, педагогi, бiрақ аншлагқа, аншлагы, бамбук- бамбукқа, бамбугы, галстук-галстукқа, галстугы
тапсырмалар: 1. Кірме сөздердің қазақ тіліне енуінің алғышарттары
мен ерекшеліктері қандай? 2. Публицистикалық стильде жазылған мәтiн бойынша орыс тiлiнен енген сөздердi терiп жазып, орфограммасына талдау жасаңыз. 3. Орыс тiлiнен енген сөздерге қосымша қосудың ережеге бағынбайтын сөздердің тізімін жасаңыз (жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа.) 4. Құрамы өзгертіліп алынған кірме сөздердің кестесін жасаңыз.
Біздің оқу құралымыздың мақсаты – қазақ орфографиясының қалыптасу тарихы және оның мәселелерін саралау, әр жылдары жарық көрген еңбектерде көтерілген мәселелерде жүйелеп, жинақтап беру болатын. Аталған мақсатты орындау үшін қазақ тiлiнiң тазалығы үшiн күрес, сырттан алынған терминдердi дұрыс жазу мәселесiмен айналысып жүрген ғалымдардың пікірлері басшылыққа алынды. Қазақ жазу графикасы әрдайым даму, қалыптасу кезеңдерінен өтіп отырған. Соған сәйкес халықты сауаттандыру, емле ережелерін біріздендіру мақсатында орфографиялық даму деңгейі де жиі реформалану процесіне ұшыраған. Қазақ жазу тарихындағы жалпыхалықтық сауаттандыру, тұрақты біркелкі жазу нормасын қалыптастыруға бағытталған кезеңдердің ішіндегі қиындығы мен тәжірибесі мол байқалғаны 1929-40 жылдардағы латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшу кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде көтерілген ең өзікті мәселенің бірі – түркі халықтары әліпбилерін бірыңғайластыру болатын. Еңбекте, сонымен қатар, әр кезеңде баспадан шығып отырған орфографиялық сөздіктердегі сөздер салыстырыла отырып талданды. Емле ережелеріне баса назар аударып, тақырыптардың соңында сұрақтар мен тапсырмалар берілді.
Сөздердің айтылуы мен жазылуында бірізділіктің болмай жатуы ол Мемлекеттік терминологиялық комиссиясының бекіткен орфографиялық сөздіктің негізгі ережелеріне мән бермеудің нәтижесі. Сондықтан оны еліміздің әрбір азаматы жетік білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |