Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет35/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
Тақырыбы: 10. Қазақ орфографиясының дамуына үлес қосқан ғалымдар.
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қазақ тіл білімінің орфография және графика саласы. 2. «Қазақ орфографиясы мен графика мәселелері» атты еңбек туралы.
Әдістемелік нұсқау:
Қазақ тіл білімінің орфография және графика саласы 1920 жылдардан бастап мақсатты түрде зерттеліне бастады. Осы саланың дамуына сара жол салған, тың ой, сарабдал пікірлерімен, құнды ғылыми тұжырымдарымен із қалдырған А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымов, Т.Шонанов, Ж.Аймауытұлы т.б. ғалымдардың соңын ала, әдеби тіл нормалары, орфография, орфоэпия, графика жөнінде зерттеулер легін М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Ә.Құрышжанов, М.Томанов, Т.Қордабаев, М.Серғалиев, Б.Әбілқасымов, Н.Оралбаева, С.Хасанова, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков, Н.Уәли, Ш.Мәжітаева, Қ.Күдеринова, Г.Мамырбекова жалғастырып, бұл саланың жан-жақты, іргелі зерттелуіне өзіндік үлестерін қосты.
Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесi, филология ғылымының докторы, профессор Мәулен Балақайұлы Балақаев. Ғалымның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тіл ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналды. Ғалым қазақ жазуы мен емлесін қалыптастыруға да мол үлес қосқан ағартушы ретінде де бағаланды. Оның 1948 жылы жарық көрген «Орфографиялық сөздігі» содан кейінгі жылдары баспа бетін көрген емле сөздіктеріне негіз болды. Аталмыш сөздік жазуымызда көптеп кездесетін ала-құлалықты ретке келтіруге өз септігін тигізді. Ал 1952 жылы жарық көрген «Қазақ орфографиясы мен графика мәселелері» атты еңбегі осы саладағы ғылыми ой-пікірлерге жетекші қызмет атқарды. М.Балақаев фонетика, алфавит мәселесі, орфография, лексикология, лексикография, терминология, тіл тарихы, аударма, морфология, синтаксис, стилистика, тіл мәдениеті, қазақ тілін оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми еңбектер жазды.
Р.Сыздық орфография қосамжар болмауы үшін қазіргі қазақ әліпбиіндегі щ, ц, ë, я, ю әріптерінің және ь, ъ белгілерінің таңбасын әліпби құрамынан мүлде алып тастап, қазақтың сөйлеу тіліндегі айтылуынша «қазақыландырылып» та жазылмайтын ереже баптарын қарастыру керек,- дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет