Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет38/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Ағартушылық бағыт:

Ы.Алтынсариннің жобасы:


Н.И. Ильминскийден кейін, 1879 жылы қазақ ағартушыларының бірі – Ы.Алтынсарин орыс әліпбиі негізінде қазақ балаларына арнап қазақша анықтама жасаған болатын.
Жобаның негізгі ерекшелігі – Ы.Алтынсарин орыс графикасындағы бар таңбалармен ғана шектеліп, қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын беруде де осы жүйені ұстанған, яғни қант, қағаз, дөңгелек, үзеңгі, тоғай, айғыр тәрізді сөздерді кант, кагаз, дунгелек, узенги, тогай, айгыр түрінде таңбалаған. Ал қазақ тіліндегі сонор ң дауыссыз дыбысын әріп тіркесі арқылы белгілейді: нг" (мангдай – маңдай, сарангдык – сараңдық). Сөзді жіңішкерту үшін сөздің соңында (урть – өрт) және л дауыссыз дыбысынан кейін ь (жіңішкерту) таңбасын жүйелі түрде қойып отырған: тульки (түлкі), бль (піл), куль (күл), бельбеу (белбеу), таль (тал)Иа, иу әріп тіркесі келетін жерде орыс графикасындағы ю, я графемаларын да белгілегенін көреміз: аяк, узюк .

Ұлттық бағыт және қазақ жазуы:


Толық мақаласы: А.Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.
А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады.
Латын графикасының қазақ қоғамында орын алуы тек саяси идеологиялық түрткіжайтқа негізделді.
Әліпби, емле және оны реформалауға байланысты қазақ оқымыстыларының арасындағы пікірталас алғашқыда «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» газеттері беттерінен көрініс тапса, 1920 жылдан бастап «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Жаңа мектеп» газеттерінде де көрініс тауып, газет төңірегіне ұйыса бастайды.Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақтар арасында латын әліпбиіне көшу мәселесі жиырмасыншы жылдың орта тұсынан бастап сөз бола бастады. Алғашқыда осы жөнінде алдыңғы қатардағы қазақ оқымыстылары баспасөз беттерінде арнайы мақала, пікір-талас ретінде өз ойларын білдіріп отырды. Әліпбиге байланысты көзқарас, пікірталастарды бұқара арасына жариялап халық талқысына салып отырған «Еңбекші қазақ» газетінің орны ерекше болды. Аталмыш газетке екі топтың жүздеген мақалалары жарияланып отырды. Айталық, Н.Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек», Ә.Байдилдиннің «Жаңа әліппе тарихынан», Б.Байтоғайұлы, Қ.Басымов, М.Дулатов, Т.Шонанұлының «Бізге жаңа әліппе не үшін керек», О.Жандосұлы, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Н.Қаймекеұлы, Ж.Аймауытовтың, М.Мұхтарұлы «Дыбыс белгілерін негізінен өзгерту керек» т.б. және шетелдік Г.И.Бройдо, Н.Яковлев, Поливанов, Навширманов, профессор Ашмарин, профессор Жюзе, академик Бартольд, профессор Л.Жирков, профессор Б.Шобанзаде сынды ғалымдардың бірнеше мақалалары оған дәлел бола алады.
Латын графикасын қабылдау қарсаңында, 1920 жылдарда, яғни араб жазуын қолданыстан мүлдем шығарып, латын әліпбиін қабылдау алдында қазақ зиялылары арасында түрлі бағыттағы пікірталастар болып, олар латыншылдар және арабшылдар немесе қазақшылдар деген екі топқа бөлінді.
1925-1938 жылдардағы латын графикасына негізделген түркі тілдері әліпбилерін талдау нәтижесінде мынадай қорытындыға келеміз. Латын графикасы жазуы жоқ және жазба тілі кенжелеп қалған түркі тілді халықтардың жазба тілін дамытуға күшті серпін берді. Түркі тілдері әліпбилерін латын графикасына көшіру біршама жетістіктер әкеліп, қазіргі заманғы жазба тілдің құрылуына негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет