Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет40/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
Тақырыбы: 14. Қазiргi қазақ орфографиясы мәселелері жөніндегі қазіргі зерттеулер туралы.
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Р.Сыздықтың сөздік, емле туралы еңбектеріндегі жазуға қоятын талаптары. 2. Н.Уәлиев зерттеулеріндегі дыбыс, фонема қатынасы туралы мәселелер. 3. Қ.Күдеринованың құрама сөздердiң жазылуына байланысты уәждемелері.
Әдістемелік нұсқау:
Қазақ әліпбиі мен жазуының тарихында осы саладағы ғылым дамуына өз үлестерін қосқан А.Байтұрсынов, Е.Омаров, Т.Шонанұлы, Қ.Басымов, Ш.Х.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев, Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Р.Сыздықова, Г.Жәрекешова, Н.Оралбаева, А.Хасенова, К.Ниеталиева, Н.Уәлиев, Қ.Күдеринова т.б. ғалымдардың еңбектері мен зерттеулерін атап көрсетуге болады. Қазақ тілі емле ережелерін жетілдіру мәселесі, әсіресе, орыс тілінен енген сөздерді жазу, сөз басындағы буындарда ғана келіп, ал сөз соңында өте сирек кездесетін ә, ұ дыбыстары (сірә, күнә, бұлбұл) туралы щ, я, ю, х, һ әріптерімен келген сөздерді жазу, сөздерді бірге және бөлек жазу мәселесі туралы ғалымдар арасында көп пікір айтылды.
Қазақ жазуы мәдениетін дамыту бағытында ерекше үлес қосып келе жатырған ғалым Р.Сыздықова деп білеміз. Ғалым «Емле және тыныс белгілері», «Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш», «Орфографиялық сөздік», «Тілдік норма және оның қалыптасуы» атты еңбектерінде жазу емлесін тұрақтандыру, оны жетілдіру, айтылым мен жазылым арасындағы сәйкессіздіктерді реттеу мәселелерін бір жүйеге түсіру бағытында айрықша еңбек етті
Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері жөнінде зерттеу жүргізген ғалым Н.Уәлиев айтылған сөзді арнайы таңбалармен жазу мәселесін дыбыс – фонема – графема - әріп байланыстары арқылы түсіндіріп, инвариант – вариант тұрғысынан талдайды. Тілде фонетикалық құбылыстардың ұшы-қиыры жоқ. Ал олардың жазуда таңбалануы сөздерді фонемалық негізгі реңкі бойынша жазуға, яғни фонематикалық принципке негізделетінін көрсетеді . Ғалым қазақ жазуының жетістігі мен қазіргі таңда орын алып отырған кемшіліктері мен шешімін күткен мәселелерін алға тартады. Жазу практикасындағы кемшіліктің бірі «күні бүгінге дейін, әсіресе, аударма әдебиетте, баспасөз беттерінде орысша баламасына қарап бір типтегі сөздердің бірін қосып (аяқкиім-обувь), екіншісін бөлек (бас киім – головной убор) жазушылық жиі кездесетіні айтылып жүр.
Қазақ тіл білімі дамуының жаңа кезеңдегі жетістіктері қазақ жазуын да жетілдіріп, оның теориялық жағынан дамуына себеп болып отыр. Қазақ жазуы емлесіндегі күрделі мәселелердің бірі сөздерді бірге және бөлек жазудың теориялық ұстанымдарын, негізгі таянышын анықтау болып табылады. Осы мәселе жөнінде жазылған құнды еңбек Қ.Күдеринованың зерттеуі деп білеміз . Сөздің мағыналық жағына назар аудару қажеттігін айта келіп, «Жазудың тұрпат межесі жазудың мазмұн межесін дәл ашып көрсете алмаса, тілдің коммуникативтік қызметі әлсіреп, адамдардың ойлау қабілеті тоқырауға ұшырайды. Тұрпат межесі таңбаның мазмұн межесін қашан да дәл бейнелеп, қанағаттандырып отыру керек»,- дейді .
Баспасөз беттерінде жарияланған кейбір мақалаларда «қазақ тілінде в, ф, х, һ, э дыбыстары жоқ, сондықтан оны әліпбиден шығарып тастау керек» деген пікір айтылса, екінші біреулері бұл дыбыстар қазіргі сөздердің айтылуын дәл береді дейді. Осы орайда, белгілі ғалым С.Бизақов «Рақат/рахат, рақым/рахым, қауіпті/хауіпті, диқан/дихан, рұқсат/рұхсат, бақша/бахша, бұқара/бұхара варианттарының табиғи дұрыс дыбысталған түрі әрі айтуға жеңілдеуі – соңғы сыңарлары»,- дейді Сондай-ақ, ы, і, и қысаң дауысты дыбыстарының сусып түсіп қалатын кездері жазуда сақталмаған жағдайда, сөз тұлғалары артық әріптермен жазылатыны айтылып жүр. Тіліміздегі сөздің жарыспа тұлғаларының қолданылу ерекшелігін зерделеген еңбегінде ғалым С.Бизақов адам емле ережесін фонетикалық принцип тұрғысынан қабылдауға бейім тұратынын, сондықтан сөз тұлғасын үстеме дыбыстардан аршып, өзінің табиғи дыбысталуына назар аудару қажеттігін ескерте отырып: «Сөз құрамында басы артық дыбысты үстемелеп жазу тіліміздің орфографиялық нормасы үшін де, орфоэпия заңдылығы қалыптасуы үшін де қолайлы емес. Өйткені басы артық әріппен тілдің табиғи әуезділігінің берекесін кетіруіміз мүмкін. Мысалы, қортынды/қорытынды, естіпті/есітіпті, орны/орыны, қалпынша/қалыпынша, азнаулақ/азынаулақ жарыспаларының табиғи дұрыс дыбысталуға сәйкес келетіні - алдыңғысы»,- дейді . Жарыспа тұлғалардың түсіндірме сөздіктерде берілуінде де бірізділік сақтала бермеуі жазу мәдениетімізге өз әсерін тигізіп жүргені де айтылып келеді. Осы орайда, лексикография мәселесін зерттеуші белгілі ғалым М.Малбақов: «Біздің ойымызша, ең дұрысы – сингамоварианттың бір ғана сыңарын нормативті қолданыс ретінде танып, ауызекі тілдегі қалған варианттарын сол тұлғада жақша ішінде беру»,- дейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет