Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет30/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

2. Сөйлейтін жан-жануарлар

Үй жануарлары бар адамдар жануарлар тіліне «ресми-ғылыми» көзқараспен қараудан бас тартады. Мысық, ит және тотықұстардың иелері өздерінің жануарлары күрделі тілдік айтылымдардың мағынасын тіпті бірінші рет естіп тұрса да түсіне алатынына мысал келтіріп жатады. Бірқатарларының айтуынша, үй жануарлары адамдармен тілдесу барысында өздері үшін «табиғи емес» өзгеше тілдік сигналдарды шығарған. Дегенмен, кейбір тіл фрагменттерін пассивті игеруі жайында ғана айта аламыз.

Жануарлардың адам тілін қолдануды үйрену мүмкіндігі ертеден адамдарды қызықтырған. Ғылыми бағыттағы мұндай ұмтылыстар тек адам баласына тән интелект немесе ерекше тілдік қабілетке жануарлардың қабілеті жете ме деген сұрақтарға жауап беру ниетінде жүзеге асты.

Адам тілін үйрену үшін ең белгілі кандидат шимпанзе болып табылады. Себебі оның генетикалық коды адаммен 98,4% сәйкес келеді. 1940 жылдары американдық зоологтар Кэти және Кейт Хайес (Cathy and Keith Hayes) жанұяларына өздерінің ұлдарымен бірге тәрбиелеу үшін ұрғашы шимпанзені асырап алады. Үш жылдан кейін Вики есімді маймыл (Vicki - the speaking chimp) тек төрт ағылшын сөзін айтуды үйренген (1-4)







Жануардың сөздері

Транскрипция

Аудармасы

(1)

mama

мама

мама

(2)

papa

папа

папа

(3)

up

ап

жоғары

(4)

cup

Кап

саптыаяқ (чашка)

1971 жылы американдық ғалым Дэвид Премак (Premack) Сара есімді маймылды құрамында түстерді (қызыл, көк), жемістерді (банан, шабдалы), іс-әрекеттерді (жуу, турау, алу) және бірнеше функцияларды (мысалы, сұрақ) білдіретін 130 магниттік карточкалардың көмегімен тілдесуге үйреткен. Сөздердің (5) жасанды бірнеше тіркесінен тұратын типтік фразаларға Сара болымсыз түрде жауап берген. Маймыл айтарлықтай қысқа мерзім ішінде мұндай примитивті синтаксисті меңгеріп алды.







Жануарға арналған фраза

Дұрыс фраза

(5)

Question banana red

Is the banana red?

аударма

Сұрақ банан қызыл

Банан қызыл түсті ме?

Келесі бір американдық приматологтар жанұясы, Рамболар (Rambauhs), Лана (Lana the computer chimp) есімді шимпанзені «еркиш» (Yerkish) деп өздері атаған қарапайым жасанды тілге үйреткен. Экспериментте объектілер мен іс-әрекеттерді білдіретін жеті түрлі түсті болып келген тоғыз түрлі геометриялық формалардың жиынтығынан тұратын фигуралар қолданды. Лана қажетті сөйлемдерді (6) жасау үшін компьютердің перне тақтасындағы белгілі бір пернелерді басуы керек. Лана жүздеген осы секілді сөйлемдерді құрастырды. Мұның өзі ғалымдардың жануарлардың тілге деген қабілеті шектеулі деген қорытынды шығаруына мүмкіндік берді.







Жануар фразасы

Аударма

(6)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет