Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Маугли-балалар (дети-Маугли)



бет32/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

3. Маугли-балалар (дети-Маугли).

Адамдар қоғамынан тыс жануарлар арасында қалған балалар қалыпты адам болу мүмкіндігін жоғалтады деп есептеледі. Бірақ тарих беттерінде адамдар арасында тәрбиеленбеген балалар қалыпты адамша өмір сүруге оралғаны жөнінде мысалдар бар.

Маугли - «адам баласы» (человечьи детеныш) жайындағы аңыз барлығына жақсы таныс. Шын мәнінде, повестің соңы жоқ: Маугли адам қоғамында өмір сүруге бейімделе алды ма, қалыпты адам бола алды ма, белгісіз. Бірақ Маугли жайындағы оқиға – деректі түрде дәлелденген фактілер қатарының Р.Киплинг тарапынан болған әдеби өңдемесі ғана. Мысалы, Геродат баяндауындағы Псамметих патша жөнінде айтатын болсақ, Египетті б.э.д. ҮІІ ғ. билеген патша жер бетіндегі ең ескі халық кім екенін білгісі келеді. Ол қойшыға жаңа туылған екі нәрестені адам аяғы баспайтын жерге апаруды бұйырады. Қойшы балаларды бөлек лашықта ешбір сөйлемей отырып тәрбиелеуі тиіс болды.

Осылайша екі жыл өтеді. Бір күні қойшы балалардан «бекос» деген (немесе сол сөзге ұқсайтын) сөзді естиді. Қойшы екі баланы патшаға алып келеді, патша «бекос» сөзі қай тілде кездеседі және оның мағынасы қандай екенін білу үшін кеңесшілерін жинайды. Ақылшыларының бірі бұл сөз орталық Түркияда өмір сүрген фригийлердің тілінде бұл сөздің бар екенін және «нан» деген мағына беретінін айтады. Осыдан бастап египетіктер фригийлер ең көне халық екенін мойындапты-мыс.

Осындай қатігез эксперимент жасаушылардың бірі - Үнді императоры – Ұлы Ахбар және ІҮ Джеймс Шотландық (1473-1513). Соңғысы (ІҮ Джеймс) ұзақ уақыт бойы қапаста ұсталған нәрестелердің алғашқы сөздерін естіп, балалар таза иврит тілінде сөйлеп жатыр деп хабарлайды.

Ғылымда ең белгілі оқиғалардың бірі - Викторге – Авейрондағы жабайы балаға байланысты оқиға. 1800 жылы Францияда Сант-Сернан ауылынан алыс емес Авейрон провинциясында 11-12 жасар ұл-бала табылған. Оны Виктор деп атаған. Ол адамша бір де бір сөз айта алмаған, тек аңдарша ырылдай білген. Бала мадам Герин отбасына тәрбиелеуге берілген. Бірақ бала сөйлеуді үйрене алмайды, бірақ арнайы өзіне арналып жазылған карточкадағы сөздерді оқи алған, кейін тіпті жаза білген. Виктор 38 жасында қайтыс болады.

1970 жылы АҚШ-та тағы бір 13,5 жасар «жабайы бала» табылған. Дженни есімді қызды әкесі бір жарым жасынан бастап 12 жыл жабық бөлмеде ұстаған. Психологиялық тестердің көрстекіші бойынша, ол қыз екі жасар бала тілді меңгеру деңгейінде қалып қойған. Дегенмен, Дженни тілді басқа балалармен ойнауға, оларды тіпті алдауға қолдана білген. Бірақ Дженнидің тілдік дамуы төмен деңгейде қалып қойды және оған көп көңіл бөлгенмен де оның сөйлеуі грамматикалық жағынан дұрысталмады.

Келесі бір «жабайы бала» Изабелла болды. 1938 жылы американдық зерттеуші Мэри Мэсонге 6,5 жасқа шейін керең-мылқау шешесімен өмір сүрген қыз әкелінді. Жарты жылдан соң интенсивті оқытудан кейін ғана Изабелла алғашқы сөздерін және кейін құрлымы жағынан күрделі сөйлемдерді айта бастады.

Алайда ең ғажайып оқиға Элен деген американдық қызға байланысты. Бір жыл жеті айында аурудан соң көзі соқыр, құлағы керең болып қалады. Психолог Анна Мэйси оны қолын заттарға тигізе отырып тілге үйретті. Телефонды ойлап тапқан Александр Беллдің арқасында, Элен сөйлеуді үйренді (жоғары және монотонды дауыспен) және Брайлдің соқырларға арналған әліппесі бойынша оқи білді. Нәтижесінде 1903 жылы тіпті «Менің өмірім» деген кітап жазып шықты.

Жоғарыда келтірілген мысалдар бала тек адамдар қоғамында ғана адам бола алатынын дәлелдейді. Егер ежелгі аңызға және «бекос» сөзіне оралатын болсақ, мұнда балалар фригид тілі былай тұрсын, ешқандай тілді де білмеген. Негізінде, олар адамдардан емес, ешкі және қойлардан күнделікті естіп жүрген дыбыстарды қайталауға тырысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет