Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет35/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

6. Сөйлеуге дейінгі этап

Тіл – белгілер жүйесі және олардың тіркесу ережесі. Бірақ тіл және дыбыстық пен жазбалық формаға ие. Бала тілді меңгеруді дыбыстық форманы меңгеруден бастайды.

Тіл дыбыстарының артикуляциясын меңгеру - өте күрделі мәселе, және бала жарты айлығынан бастап-ақ дыбыстарды айтуға «жаттыға бастаса да», оны меңгеруі үшін үш жыл қажет. Барлық қалыпты даму үстіндегі балаларда тілдің дыбыстық формасын меңгеруде және сөйлеуге дейінгі реакциялардың (предречевых реакций) дамуында белгілі бір жүйелілік бар: гуілдеу, сыбызғы (свирель), былдыр, модульденген былдыр.

Бұл өзінше ойын секілді, сондықтан да бала өзіне жақсы әсер алады. Бала бірнеше минут бойында бір дыбысты қажырлы (упорно) түрде қайталай беруі мүмкін, осылайша тілдің дыбыстық артикуляциясына жаттығып жатқан секілді.

Әдетте нәресте бірінші рет гуілдеуінен-ақ анасы онымен сөйлесуді бастайды. Бала анасы айтқан дыбыстарды қағып алады және қайталайды. Мұндай өзара еліктеу процесі күрделі болып табылатын сөйлеуге дейінгі реакциялардың (предречевых реакций) жылдам дамуына әсерін тигізеді. Баламен сөйлескенде ол өзін және ересек адамдардың сөздерін ести алмаса сөйлеуге дейінгі реакциялары нашар дамиды. Мысалы, егер бөлмеде музыка дауысы қатты шығып ойнап жатса, ересектер бір-бірімен әңгімелесіп жатса немесе басқа балалар шулап кетсе, бала сөйлемей қояды деп айта аламыз. Тағы бір шарты бар: бала өзімен сөйлесіп отырған ересек адамның жүзін және ернін жақсы көруі қажет.

Өмірінің алғашқы бірінші жылының соңында балалар ересектердің арқасынан жеке сөздерді қайталауға тырысады. Қыз-балалар біршама ертерек – 8-9 айлығында сөйлей бастайды, ал ұл-балалар 11-12 айлығында.

Эксперименттік материалдар бойынша, балалардың 6 айлығында айтатын дыбыстары олардың ана тіліндегі дыбыстарын еске түсіреді. Бұл мынадай психолингвистикалық эксперимент барысында анықталды. Түрлі тіл өкілдерінен (ағылшын, неміс, испан, қытай) болған экспериментке қатысушыларға (испытуемые) белгілі бір тілдік ортада тәрбиеленіп жатқан балалардың айқай, гуілдеуі, сыбызғы (свирель) және былдырларының үнтаспаға басылғанын ұсынды.


Балалардың жасы, айы

Этап атауы (название этапа)

Дыбыстық реакциялары (голосовые реакции)

Физикалық дамуы (физические развитие)

0-1,5

Айқай

айқай

Жылайды, жымияды

1,5

Гуілдеу

а-аа, уу-у

Ішімен жатып, басын көтере алады

2-3

Гуілдеу

г-у, ш-т, бу-у, зы

Ересектер берген сылдырмақпен ойнайды

4

Сыбызғы (свирель)

аль-ле-е-лы, агы-аы

Ересектердің ұстап отыруымен отыра алады

7-8,5

Былдыр

ба-ба, да, да (буын)

Ересектердің көмегімен тік тұра алады

8,5-9,5

Модулденген былдыр (модулированный лепет)

Түрлі интонациядағы мама, папа, дада секілді бірліктер

Бас бармақ және сұқ саусақтың көмегімен заттарды ұстай алады

Үнтаспаға басылған 6-7 айлық балалардың сөйлеуін тыңдай отырып экспериментке қатысушылар өздерінің ана тілінің дыбыстарын анық түрде тани алды.

Баланың кейінгі дамуы мынадай:


Жас мөлшері

Дыбыстық реакциялар

Физикалық дамуы

9,5 ай – 1 ж. 6 ай

Сөздер: мама, папа, баба, аға (дядя), амам (жеу). Еліктеуіш сөздер: ав-ав (ит), тик-так (сағат), мө-мө (сиыр)

Тұруға ұмтылады

1 ж. 6 ай – 1 ж. 8 ай

Екі сөзді фразалар (Мама, бер!) Бұйрық райлы етістік

Жүре алады

1 ж. 8 ай – 1ж. 9 ай

Көптік жалғау формалары

Тепешектен түсе алады

10 айлығында бала барлық зат есімдерді жекеше түрдегі атау септігінде қолданады. Кейінірек (бір жарым жасында) фразада екі сөзді байланыстыруға (21) ұмтылады. Соңынан бұйрық райлы етістіктерді (22) меңгереді. Көптік жалғау формалары сөйлеуде қолдана бастаса грамматиканы меңгеру басталады деп есептеледі.

(21) Мама, бер!

(22) Жүр-жүр! Бер-бер!

Түрлі балалардың тілдік дамуы түрліше өрістейтіні - табиғи заңдылық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет