Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Сөздік қордың белсенді түрде дамуы



бет38/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

9. Сөздік қордың белсенді түрде дамуы

Бала тепешіктерден еңбектеп түсе алатын кезде (бір жарым жас шамасында) сөйлеп кететін секілді көрінеді, өйткені ол өзіне айтылған сөздің көпшілігін түсінеді. Әзірше сөздік қоры көп емес – 3 сөзден 50 сөзге дейін, бірақ ол тілдесуге тырысады. 1 жас 10 айдан 2 жасқа дейін, бала екі аяғымен секіретін кезде, сөздік қоры 300 сөзге дейін жетеді. Баланың сөздік қорын зат есімдер 63%, етістіктер 23%, басқа сөз таптары 14% құрайды, шылауларды жоқ деп айтуға болады. Сөздік қорының көлемі өте тез кеңейіп, әр күні жаңа сөздермен толығып отырады.

Алғашқы 50 сөзі әдетте бала өзі қолданып жүруі мүмкін заттарға қатысты болады. Алайда көптеген өздігінен әрекет ете алатын заттар да бар және оны қоршаған ортада жай ғана өмір сүретін заттар одан көбірек. Сонықтан да шұлық (носки) тәрізді сөз бұлт сөзіне қарағанда көбірек қолданады.

Бала екі жасқа келгенде «Мынау не?» деген сұрақ пайда болады. Олар қасынан жүгіріп өткен баланың, алыста үрген иттің аты кім екенін білгілері келеді. Егер ересектер баланың қызығушылығын қанағаттандыра алмаса, олар өздері ат ойлап табады. Бұл - кішкентай балаларда жалпылаудың өте жоғары деңгейде дамуының көрсеткіші және сонымен қатар, нәтижесі болып табылады.

Екі жасар бала өмірінің бірінші жартысы бойында көп мөлшерде заттар мен іс-әрекеттердің атауларын меңгереді, дегенмен олардың барлығы әзірше жеке заттарға қатысты болады және жалпыланған мағынаға ие болған жоқ. Үш жас шамасында, бала үш аяқты велосипедті айдай алатын кезде, лексиконының ұлғаюының ең соңғы шыңына жеткен секілді көрінеді: сөздік қор өте тез кеңейеді, мыңдаған сөздерге жетеді. Осы кезеңде бала тағы екі-үш жүз сөздерді түсінеді, алайда өзінің тілінде қолданбайды.

Алты жасында бала 10 000 сөзді меңгереді. Қарапайым арифметикалық есеп бойынша, бұл жаста баланың сөзді меңгеруінің жылдамдық қарқыны күнде 20 сөзді игерумен анықталады. Балаға қарағанда сөйлейтін шимпанзе Вашо 21 айдың ішінде тек қана 34 жестті ғана меңгерді және максимум 4 айда - 160 жест. Әрине, Вебстердің сөздік қорындағы 450 000 сөзді ешкім білмейді, дегенмен осы фонда баланың 10 000 сөзі өте назар аударуға тұрарлық, тіпті белгілі эрудит Роберт Броунингтің сөздік қорындағы 35 000 сөздерімен салыстырғанда да.

Баланың сөзді меңгеруі тез жүзеге асатындығы соншалық – нақты санап білу мүмкін емес. Бала түсіне алатын пассивті сөздік қор әрқашан ол қолданатын активті сөздік қорға қарағанда көбірек екенін ескерген жөн.

Қорыта айтқанда, фонология мен синтаксиске қарағанда, семантика - күрделірек жүйе, бұл жүйе - өміріміздің түгел өн бойында қосылып отыратын элементтер. (Сөздің мағынасы уақыт өте келе өзгеріп отыруы мүмкін екенін барлығы біледі). Және жеке тұлғаның даму ресурстарының бірі осында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет