Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Онтогенездегі тілдік сананың қалыптасу теориясы



бет45/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

16. Онтогенездегі тілдік сананың қалыптасу теориясы

Онтогенездің ең қарапайым моделін ресейлік педагог П.П.Блонский ұсынады, ол сөзді меңгерудің төрт сатысын бөліп алады: 1) сөзден кейін сөз келеді; 2) іс-әрекеттен соң сөз келеді; 3) сөзден кейін іс-әрекет келеді; 4) сөз іс-әрекетті алмастырады. Осыған ұқсас теорияны Л.Блумфилд те ұсынған.

Биологиялық пен әлеуметтіктің қарым-қатынасы жөніндегі сұраққа Пиаже негіздемесі бар деп жауап береді. Оның гипотезасының мәні «тілдің пайда болу шарты сенсомоторлы интеллекттің түрлі кезеңдерімен дайындалған шарттардың кең жиынтығының бөлігін құрайтындығында». Пиаженің есептеуінше, бала өзінің дамуында екі этапты басынан кешіреді. Сенсомоторлы логика кезеңінде кейбір логиканы- әрекет логикасын меңгеруге көмектесетін сенсомоторлы интеллект дамиды. Бұл оған іс-әркетті генерализациялау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пиаже бойынша, бала дамуының екінші кезеңі - бұл іс-әрекет логикасынан концептуальды логикаға өту. Бұл процес бала өмірінің екінші жылында жүзеге асады. Интелект дамуының бұл кезеңінде бала тілді семиотикалық құрал ретінде меңгере бастайды. Бала үлкендердің жесттерін еліктейді, іс-әрекет схемасын ойша белгілей бастайды және онда семиотикалық қызмет дамиды. Сонымен қатар, Пиаже баланың ақыл-ой дамуының үш түрлі стадиясында айтып кеткен.

Бірінші стадиясы (операцияға дейінгі) шамамен 6 жаста аяқталады (еуропалық балаларда). Бұл жаста баланың ақыл-ой қызметі, негізінен, тәжірибе мен іс-әрекет арасында сәйкестікті орнатудан тұрады: баланың қызығушылығы заттарға манипулация жасауға тіреледі. Бұл стадияда балада «қайтымдылық» (обратимость) түсінігі жоқ – математика және физика негізінде жатқан кейбір фундаментальды түсініктер олардың қабылдауына қиын (мысалы, топтарға бөлгенде элементтердің жалпы саны өзгермейді немесе заттардың формасы өзгергенмен салмағы сол күйінде қалады).

Екінші стадияда (деректі операциялар стадиясы) баланың мектепке қабылдануымен басталады. Енді бұл – қарапайым іс-әрекет емес, шындық болмыс жөніндегі мәліметтерді санаға енгізуге көмектесетін операциялар, яғни әдістер. Операция қарапайым іс-әрекеттен немесе мақсатқа бағытталған мінез-қылықтан екі қасиеті жағынан ажыратылды: ол ойша жүзеге асырылады және ол қайтымды (обратима). Кейде бұл стадияда баланың қайтымдылық жөніндегі аңқау сенімі соншалық - өртеніп кеткен қағазды қалпына келтіруге болады есептейді. Бала деректі және өткен тәжірибесінде таныс болған заттарды реткекелтіруге және жіктеуге қабілетті, бірақ жалпы алдында не болатынын сипаттап бере алмайды. Ол әзірше тікелей көре алмайтын немесе бұрын ешқашан кездеспеген ситуцияларға анализ жасай алмайды. Басқаша айтқанда, ол экстраполяциялауға қабілеті жоқ.

Үшінші стадия (формальды операция) шамамен 10-14 жаста басталады. Бұл стадияда бала деректі заттармен және өзінің өткен тәжірибесімен ғана шектеліп қоймай, гипотетикалық тұжырымдарды түсінуге қабілет танытады. Дәл осы кезеңде бала формальды және аксиоматикалық ойлау қабілетіне ие болады. Сондай-ақ екінші стадияда – деректі операциялар стадиясында – бала интуитивті түрде түрлі саладағы білімнің идеяларын меңгеруі мүмкін, алайда ғылым заңдарын, жалпыланған түсініктердің мәнін түсіне алмайды.

Пиаженің айтуына сүйенсек, ғылыми әдебиеттерде эгоцентрлік сөйлеу деген атпен белгілі бала тіліндегі феномен болады. Эгоцентрлік сөйлеудің коммуникативтік ерекшелігі сол – бала 3-7 жасында кейбір ситуацияларда (ойын немесе сурет салу кезінде) сөйлескен кезде өзімен әңгімелесушінің болу қажеттілігін сезіне бермейді. Бала өз-өзімен сөйлеседі, яғни дауыстап ойланады. Пиаженің пікірінше, 3-4 жасында балада эгоцентрлік сөйлеудің үлесі (эгоцентрлік коэффициенті) 40 %-ті құрайды, кейінірек бұл сөйлеу түрі біртіндеп қолдануы азаяды, мектеп жасына келгенде жойылады.

Адамның тілдік қабілеті туа біткен болып табылады ма және басқа когнитивті функциялардан нейрофизиологиялық жағынан бөлек пе деген сұрақ мультидисциплинарлық пікірталастардың орталығында талқылануы он жылдай уақытқа созылып келеді. Жаңаша зерттеулер спецификалық сөйлеу әрекетінің бұзылуының нейроанатомиялық корреляттарының болатынын көрсетті және тіпті тілдік және сөйлеудегі ақауларға тікелей ассоциаланатын генді анықтау (идентификациялау) мүмкіндігінің үміті пайда болды.

Бала қоршаған адамдардың сөйлеуін ести сала оянатын туа біткен тілдік құрылымдарға ие деп есептеп, Н.Хомский «туа біткен білімдік дағдылар» теориясын ұсынды. Егер Хомскийдің мектебі тілдік қабілеттің туа біткендігін қағида етсе (LAD – Language Acquisition Device деп аталады), ал ресейлік ғалымдар бала санасының дамуы жөнінде айта келіп, мидың жоғары ұйымдасуы және оның маманданбағандығы жайында сөз қозғайды.

«Адам туылғаннан бастап, - деп жазды философ Меграбян, - адам филогенезінің алдында келетін дамуымен қалыптасқан ерекше адам биологиясының иесі болып табылады. Ол ең алдымен қоғамның мәдени-тарихи жетістіктерін меңгерудің онтогенетикалық қалыптасуындағы өзінің дайындығын байқайды».

А.Н.Леонтьевтің пікірінше, психиканың биологиялық тұқым қуалайтын қасиеттері оның қалыптасуының тек бір ғана, алайда маңызды шарты болып табылады. Бірақ бала санасының сондай-ақ тілдік сананың да қалыптасуындағы маңызды фактор – бұл өткен ұрпақтың еңбегімен жасалған адамды қоршаған ортадағы құбылыстар және заттар. А.Н.Леоньевтің жазғанындай, «тілді игеру процесі субъектінің қоршаған ортаға реалды қатынасының даму барысында жүзеге асады. Бұл қарым-қатынастар субъектінің өзіне, оның санасына тәуелді емес, оның өмір сүруіндегі деректі-тарихи, әлеуметтік шарттарымен және бұл шарттарда оның өмірінің қалай қалыптасуымен анықталады».

Бала мағынаны игере отырып, оларды интериоризациялайды, өзінің ойлауының ішкі символдарына айналдырады. Бала бұл қазіргі қоғамда қабылданған әлеуметтік-қызметтік заттармен (социально-функционирующим предметами) жұмыс істеу тәсіліне үйрене отырып, танымдық нормалар мен эталондарды меңгереді және осы заттармен әрекет ету арқылы оның психикасы және тілдік санасы қалыптасады. Демек, ресей ғалымдарының пікірлеріне сүйенсек, жеке тұлғаның психикалық дамуы әлеуметтік даму болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтену (социализация) процесі – бұл осы қоғамның мәдениетін «иеленуі». Ол практикалық қызмет дағдыларын меңгерумен және әлеуметтік нормалар мен рөлдерді иеленумен байланысты. Тілді меңгеру жеке тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесінде шешуші маңызды болып табылады.
Тақырып №4. Сөйлеудің туындауы
Негізгі сөздер: Сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін жасау (речепроизводство -производство речи), тілдік қателер, стохастикалық модель, тікелей құрастыру бойынша анализ, трансформациялық грамматика, ішкі сөйлеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет