7. Тіл деңгейлерінің теориясы
Ч.Осгуд алғашқыда адам коммуникациясы процесін суреттеуі техникалық коммуникацияны сипаттаудың негізгі кезеңдеріне тура келген болатын. Бірақ сөйлеу әрекетін жасау процесін сипаттау барысында механик ретінде емес, психолог ретінде сөйлейді. Оның «Психолингвистика-54» деген кітабында сөйлеу әрекетін жасау және қабылдау проблемаларын тілдік деңгейлер теориясы (теории уровней языка) базасында қарастырады.
Тіл деңгейлерінің теориясын ұсына отырып, Чарлз Осгуд сөйлесім әрекетінің жасалу процесінде (сөйлеуді кодтау) төрт дейгей бар деп есептейді.
1. Мотивациялық деңгей (motivational level). Мотивация деңгейінің бірлігі кең түрдегі грамматикалық емес ұғымдағы сөйлем болып табылады. Бұл деңгейде сөйлеуші жалпы сипаттағы шешім қабылдайды:
а) сөйлеу немесе сөйлемеу;
ә) егер сөйлесе, қай формада – хабарлы, сұраулы, бұйрық;
в) егер форма таңдалынып алынса, оны білдіру үшін қандай құралдарды қолданған жөн, мысалы, активті немесе пассивті форма;
г) қайсысын логикалық екпінмен айту, интонацияның қандай моделін таңдау.
2. Семантикалық деңгей (semantic level). Бұл деңгейде сөйлеуші сөйлемде сөздердің – функционалды кластардың белгілі бір жүйелі тәртібін кезекпен белгілейді. Олар класпен бірге тікелей құрастыушыларға қатысты болады (американдық дескриптивтік лингвистикада дәстүрлі түрде бөлінеді). Осгуд бойынша, кез келген сөйлем кодтаудың бірліктеріне бөлшектенуі мүмкін. Бұл бірліктер нақты сөздер емес, функционалдық-семантикалық кластар (53). Мысалы, иығына рюкзак асынған жігіт жайында түсінік – сөйлеу әрекетін жасау туралы семантикалық деңгейдің көзқарасы бойынша бір ғана бірлік. Ол түрлі сөздермен толығуы мүмкін, бірақ бұл – функционалды кластың бірлігі.
(53) Талантты суретші – қызықты суретті – салады (Талантливый художник – рисует – интересную картину).
3. Жүйелілік деңгейі (sequentional level). Бұл деңгейде бірлік – сөз, бірақ семантикалық бірлік ретінде емес, фонетикалық сөз ретінде беріледі. Жүйелілік деңгейіндегі кодтау процесінде мынадай механизмдер әрекет етеді:
а) дыбыстық жүйелілікті айырып тану (backward-working skill modification);
ә) сөздер арасындағы интервалдар сөздің ішкі интервалынан, тіпті морфемалар шегіндегі интервалдарға қарағанда көбірек болуы үшін бөлік ұзындығын (length of junctures) анықтау;
б) «үлкен сегменттермен» жұмыс істейтін грамматикалық жүйелілік механизмі (grammatical sequencing mechanisms).
4. Интеграциялық деңгей (integrational level). Мұнда бірлік ретінде буын беріледі. Бұл деңгейде кодтаудың моторлы механизмдері әрекет етеді және талқыланған пікірлерді (проработаного высказывания) дыбыстық безендіру жасайды.
Берілген модель жалпы алғанда, сөйлеу әрекетін жасау процесін жалпы түрде көрсетудегі алғашқы ұмтылыс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |