5. Тілдік мінез-құлық
Психолингвистика және этнопсихолоия тоғысуында түрлі халықтың тілдік мінез-құлқын зерттеу мәселесі бар. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, оңтүстік, көбінесе, испандықтар және италяндықтарға қарағанда, солтүстік халықтары – мысалы, норвеждер, шведтер, финдер – жай және эмоциясыздау сөйлейді. Көптеген оңтүстік халықтары – грузиндер, сығандар, түріктер, арабтар, негроидтік нәсілдердің этникалық топтары – көбінесе италяндықтар мен испандықтарға қарағанда қаттырақ сөйлейді. Кейбір шығыс халықтары – жапондықтар, вьетнамдықтар, бирмандықтар, индустар – баяу сөйлейді.
Мұнда басқа факторлармен қатар, мекен-жай және климаттық жағдай да басты рөл атқарады. Алайда бір географиялық кеңістікте өмір сүретін халықтарда (немістер, француздар, ғалышндар) дауыстың қаттылығы тұрғысынан әртүрлі сөйлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |