Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Шет тілін меңгеру барысындағы қателер



бет90/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

7. Шет тілін меңгеру барысындағы қателер

Билингвизм негізінде ана тілінде тілдесу жүзеге асатын сөйлеу механизмдері де жатыр – тек билингизмде ол адамға екі тілдік жүйені қолдануға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, ана тілі мен шет тілін меңгеру процестері арасында ұқсастықтар айырмашылықтарға қарағанда көп. Ана тілі және шет тіліндегі тілдік қызмет механизмдері бірдей, өйткені үйренушілер тілдік дамудың ұқсас стадияларын басынан кешіреді және ұқсас қателер жібереді. Алайда, шет тілін меңгеруге индивид «сөйлеуші жан» ретінде аяқ басады.

Р.Якобсан жазғандай, бір тілдік кодтан екінші тілдік кодқа көшу мүмкін және шындық өмірде тәжірибеден өткен, себебеі тілдер изоморфты: олардың құрылымы негізінде бірдей принциптер жатыр«. Сонымен қатар, басқа зерттеушілердің ескертуінше, қателер механизмі баланың тілді игері процесімен де және ересектің екінші тілді меңгеру процесімен де принципальді түрде тепе-тең.

Сонымен қатар, шет тілін меңгеру ана тілін меңгеруден ерекшеленуімен де сипатталады. Көбінесе, ана тілін игеру барысында дайын схемалар болмайды, тілдік құбылыстарды тілдік жүйемен (белгісіз) қарым-қатынас мүмкіндігі қиындау. Эталондар – тілдік ретінде де және когнитивті ретінде де тек бала санасында қалыптасады. Шет тілін меңгеру барысында үйренушіге өзіне таныс ана тілінің жүйесі және нормасы жайындағы бар ой-елестеулерін «өшіріп» отыруға тура келеді. Сондықтан басқа тілге өту барысында адам инерция бойынша өзіне әдетті синтаксистік құрылымды және лексика-семантикалық категоризация әдістерін қолданады және әсіресе, оның сөйлеуі ана тіліне тән артикуляциялық аппарат қимылына тәуелділігі ерекше көзге түседі.

Шет тілін үйрету практикасында көптеген уақыт бойы мына төмендегі қателерді жіктеу орын алған:

Фонетикалық – сөздің немесе интоациялық конструкцияның фонетикалық суретінің көмескіленуі.

Жазу барысында графикалық және орфографиялық қателер мынадай ситуацияларда пайда болады: а) графикалық дағды қалыптапаған; ә) сәйкесіне әріпке дыбысты таңу дағдысы жоқ; б) орфографиялық дағды жоқ, яғни нақты жағдайларда жазу белгілерін қолдану жүйесін меңгеру (14); в) тілдің «алфавиттік емес элементтерін» қолдану дағдысының болмауы (15).









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет