Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет23/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

Консервативті

- шартты түрде (қатыстылық тұрғыда-относительно) тұрақты, сөйлеу арқылы өзгеріске түседі



Динамикалы

- тілге қарағанда тұрақсыз, өзгеріске бейім



Қоғамдық (социален)

- әлеуметке (социумға) арналған және онда қолданылады



Жекелік (индивидуальна)

- нақты индивидке-тіл иесіне тән




Тақырып №2.Психолингвистика тарихынан
1. 50-жылдардағы психолингвистикадағы ассоциациялық бағыт

Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан қарастыру ХІХ ғасырдың ІІ жартысында психологиялық тіл білімндегі (индивидуальды-психологиялық тіл білімі) лингвисттерді зерттеулерінде айқын көріне бастады (Г.Штейнталь, Г.Пауль басшылығындағы жас грамматисттер және т.б.). Жас грамматисттер бағытындағы тоқырау ХХ ғасырдағы жалпы тіл білімнде психологизмге деген негативті қатынастың қалыптасуына алып келді. Бірақ ғалым Л.В.Сахарныйдың айтуынша, Ресейдің тіл білімінде И.А.Бодуэн де Куртенэ және Л.В.Щербадан басталатын «сөйлеуші адам факторын» бағдар ету (ориентация) дәстүр жалғасы (соңғы онжылдыққа дейін и.А.Бодуэн де Куртенэ және Л.В.Щербалардың атақты еңбектері ленинградтық фонологиялық мектеп шеңберінде ғана таныуына қарамастан) ешқашан үзілмеген. Демек, Ресей тіл білімінде психолингвистиканың негізі И.А.Бодуэн де Куртенэ және Л.В.Щерба тараптарынан қалыптастырылған деп айтуға болады. Алайда психолингвистиканың ресми түрде дүниеге келуі кейінгі кезеңдерге қатысты. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін 1953 жылы Блумингтон қаласында психолингвистика бойынша семинар ұйымдастырылғаны белгілі. Ч.Осгуд және Т.Сибеоктың редакциялығында жарияланған кітаптағы бұл семинардың нәтижелері (келесіде Психолингвистика-54 деген атау түрінде беріледі) бүкіл әлемде психолингвистикалық зерттеулердің жандануына, белсенділігін арттыруға мықты) импульс (серпіліс) берді. Сондықтан психолингвистика тарихын қарастыруды 50-жылдардағы америка психолингвистикасынан бастаған жөн.

Психолингвистика-54-тің бірінші бөлімдерінің бірі «Тілдік мінез-құлықты қарастырудың үш жолы» (Три подхода к языковому поведению) деп аталады. Бұл бөлімде адам коммуникациясы жөніндегі жалпы ой-пікірлер (рассуждения) техникадан, нақтырақ айтқанда, жалпы байланыс теориясынан алынған модельге сүйенген. Жалпыланған түрде мынадай схема бойынша берілген (1-суерт. Коммуникация схемасы):


Код

Кодтау Кодты шешу

Хабар -1 Сигналдар Хабар -2


Жіберуші (отправитель)

Жеткізуші (передатчик)

Байланыс желісі (канал связи)

Қабылдағыш (приемник)

Алушы (получатель)



Кедергілер (помехи)

Қандай да бір жіберуші (некий отправитель) болады. Жіберушіде хабар-1 бар. Жіберуші хабарды сигналға айналдыратын (кодтайтын) жеткізушіні (передатчик) қолданады. Сигналға айналу белгілі бір кодты пайдалану арқылы жүзеге асады. Радиотелеграфистің жұмысын мысал ретінде келтіруге болады. Ол Морзе әліппесінің нүкте-сызықшаларын телеграфтық кілтпен басып отырады. Сигнал байланыс каналынан өте отырып, қасында алушы (получатель) орналасқан қабылдағышқа келіп түседі. Алушы (получатель) сол бір кодтың көмегімен сигналды хабар-2-ге айналдырады (декодирует). Сонымен, байланыс каналында хабарды түсінуді қиындататын кедергілер (шум-помеха) пайда болуы мүмкін.

Таза техникалық түрде бұлайша қарастыру қайдан алынған? Ғалым Л.В.Сахарный Психолингвистика-54 қалыптасқан 50-жылдардың басы ғылыми-техникалық прогресс тарихындағы маңызды кезең болғанына назар аударады. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін есептегіш техника белсенді түрде дами бастады, яғни Н.Винердің еңбектері жариялана бастады, У.Эшби және басқа кибернетика ғалымдары есептегш машиналарды ойлап таба бастады, ойлау жұмыстарының, машиналық аударудың проблемалары талқылана бастады. Осы жылдарда «кибернетикалық эйфория» пайда болды. Осыған байланысты Психолингвистика-54-ке кибернетиканың әсері сезілуі заңды. Тілдік мінез-қылықты қарастырудың үш түрінің өзі осыны аңғартады: лингвистиканың, психологияның және информатиканың теориясы тұрғысыныан талқылануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет