Негізгі сөздер: қабылдау, форманы қабылдау, мағынаны түсіне білу, түсіну,
ұғыну, жекелік мән, продуциент, реципинет.
Сөйлеуді қабылдау сөйлеу әрекетінің сыртқы пішінен тыс жатқан мағынаны анықтай білу үдерісін білдіреді. Сөйлеудің ұйымдасуының грамматикалық формаларын қабылдау және түсіну оның құрылуының лингвистикалық заңдылықтарын білуді талап етеді. Қабылдаудың деңгейлігі тілдік сигналдардың өңдеудің бірізділігін қалай бейнелесе, айтылған хабардың құрылудың деңгейлік сипатын солай бейнелейді.
|
1.Сөйлеуді қабылдаудың санасыздығы
Кітап оқып отырғанда немесе біреуді тыңдап отырғанымызда таңбалардан не дыбыстардан мән-мағына шығарып жатқанымызды сезбейміз. Өзімізге сезілместен қабылданатын сөйлеудің мағынасын ұғынуға өтеміз. Л.В.Щерба 1912 жылы-ақ жазған болатын: «Біздің сөйлеуіміз табиғи құбылыс болып кеткені секілді оның өзі қатысты заттармен бірлесіп кеткені соншалықты, біз оны заттардан бөлек қарастыра алмаймыз». Оның пікірінше, сөйлеуді қабылдау барысында алынған адамдар бойындағы сезіністер мен нәтижелер санамызда екі түрлі бөлек уақыт ретінде ажыратылмайтынымен байланысты. Басқаша айтқанда, біз сезіміздегі объективті түрде берілген түйсіктерді және біздің қабылдауымыздың нәтижесінің шекарасының айырмашылықтарын сезіне бермейміз. Алайда сөйлеуді түсіне білу туа біткен қабілет емес: ол біздің дүниені тану немесе тілдің грамматикасын меңгеруге байланысты қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |