Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы (Сақтар, қаңлы, үйсін, ғұн мемлекеттері). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


-1932 жылдардағы ұжымдастыру және оның зардабы. Сталиндік-голощекиннің ұжымдастыру саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі



бет13/14
Дата31.12.2019
өлшемі195,37 Kb.
#53928
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

73. 1929-1932 жылдардағы ұжымдастыру және оның зардабы. Сталиндік-голощекиннің ұжымдастыру саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі.
1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды.Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.

1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.

Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.



Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер
1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 
2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 
3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 
4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.


74.Тәуелсіз Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші. ЭКСПО-2017.

Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады .Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.

Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.

EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.


75. Тәуелсіз Қазақстандағы халық санағы. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың елге оралуы.Қазақтардың дүниежүзілік Құрылтайы.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мемлекетіндегі ең басты әлеуметтік құндылықтардың бірі – тарихи тағдыр бастарын біріктірген түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен ымыраластығы өзінің құнын жоя қойған жоқ. Дегенмен 1999 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстан мемлекетінің тұрғындары саны 14 млн. 953 мың 100 адамға азайды. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік жергілікті ұлт өкілі қазақтың саны осы он жыл аралығында 122,9%-ға артқан. Жекелеген ұлттарға талдау жасасақ мынадай мәліметтерді келтіре аламыз. Атап айтқанда, осы он жылдықта орыс ұлтының саны 37,4%-дан 30%-ға, украин ұлты 5,4%-дан 3,7%-ға, немістер 5,8%-дан 2,4%-ға, татарлар 2%-дан 1,7%-ға азайған. «Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.

Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.

Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.

Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.

1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.

Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.

Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.


76. рухани жаңғыру

Тәуелсіздік алғалы 25 жылдан асты. Егемен ел болған Қазақстанның алғашқы ұрпағы ат жалын тартқан азамат, елдің тізгінін ұстайтын халге жетті. Сондықтан болар аталған мақаланың негізгі көзі жастарға ескерту, олардың көзін ашу, алға жетелеу. Мақалада кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызы зор. Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. Сандық Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты талап меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс жасау. Мақалада көрсетілген орындалу керек міндеттердің бәрі дерлік жастар алдында тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық. Жастардың билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқарудағы әрбір міндеттері маңызды рөл атқарады. Шалалыққа бармас үшін әрбір қазақстандық жас осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек.



77.Қазақстан Републикасының Қарулы Күштерін құру турлы заңы. Азаматтардың қауіпсіздігі және тәуелсіздікті қамтамасыз ету.

Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті. Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды..

ҚРП Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. ҚК-ді басқару органдары қалыптастырылды, армияның құрылымы мен саны анықталды, ҚК—дің қызметі мен құрылуы туралы негізгі құқықтық құжаттар даярланды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрлық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамалары.

Мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылатын әскери саясат ҚК-дің құрылуы мен міндеттері, мемлекетті қорғау мүддесінде оның әскери қуатын пайдалануға байланыста мәселелер кешенін қарастырады. Оның мәні – армияның әскери қуатын нығайту үшін оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етуге, әскери істің барлық саласын үйлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың өзара байланысты шаралар жүйесі. Ол кең ауқымды мәселелер шешуге бағытталған: әскери құрылыстың теориялық негіздерін даярлау; ҚК техникамен жабдықтау; әскери кадрларды даярлау, орналастыру; әскери бөлімдерде тәрбие жұмыстарын өткізу; әскери өнер және әскери ғылым дамуына басшылық жасау; әскерлерді жауынгерлік және оперативтік дайындау қағидалары; мемлекеттің жұмылдыру мүмкіндіктерін ұлғайту; әскери–үйретілген резервтерді дайындау және т,б.

Дербес қорғаныс құрылысын жүзеге асыра отырып, ҚР өз қауіпсіздігін, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шартқа қол қойған ТМД мемлекеттерінің мүддесін де басшылыққа алады.

Аймақта және Достастық мемлекеттерде қалыптасқан жағдай Қазақстанның дербес ҚК құру туралы шешімді дер кезінде қабылдағанын көрсетіп отыр. Бірақ оның қалыптасуы күрделі экономикалық және әлеуметтік саяси жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан ұрысқа дайындық, ұрыстық әзірлік деңгейін төмендетпей, ұйымшылдықты, әскери тәртіптілікті барынша нығайту керек. Республика ҚК шынайы халықтық сипатын сақтап, ТМД ҚК-мен тығыз байланысты агрессорды тежеудің, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың сенімді факторы болуы тиіс.


78.«Қазақстанның әлем елдерінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан дамудың жаңа баспалдағы» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы (2006 ж.).
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауын арнай отырып, Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынды.. Елбасы сайлауы экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түскен елімізде орныққан ұлтаралық татулық пен тұрақтылыққа негізделген саясатты барша қазақстандықтардың жаппай қолдайтындығын айқын дәлелдеді. Қазірдің өзінде көп нәрсеге қол жеткізіп, тағы бір стратегиялық міндетті - таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетін қойды.Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған.Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаттарына негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.Бұл бағыттардың бәрі де - біздің ортақ міндеттеріміздің негізі ғана. Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы бізге әлемнің бәсекеге қабілетті елдері қоғамдастығына қарай бірізділікпен әрі сарабдалдықпен, асығып-аптықпай, әбігерленбей қадам басуға мүмкіндік беруге тиіс.Бұл мақсат бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айналуға тиіс.

79. ҚР қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту.

Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту. Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы. Азаматтық қоғамның және оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы. Қазақстан халқының форумы. ҚР-ндағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. «Нұр Отан» ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы. «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен «Нұр Отан». «Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктрина - «Нұр Отан» партиясының көшбасшылығының кешенді бағдарламасы».

Демократиялық үрдістің дамуы. Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу, партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы. І-ші Азаматтық форум және оның маңызы.

Ұлтаралық татулық – Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі. Президент жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы. ҚХА-ның бірінші сессиясы, оның шешімдері. «Ортамерзімді кезеңге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы». Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.

ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан ары демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін Кеңес ұйымдастыру. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі.

Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру. 2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру. Қазақстан Президенті жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның қызметі. ҚР-нда адам құқы жөніндегі өкілетті институттың (Омбудсмен) енгізілуі. Өлім жазасына мораторий енгізу. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактілерді бекітуі. Заңдарды ізгілендіру. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы: мақсаты мен міндеттері. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері. Азаматтық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру саласындағы әлемдік тәжірибе.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында».

80.Білікті мамандарды дайындаудағы «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Серпін-2050» деп аталады.

Жоба елдің түрлі аумақтарындағы жұмыс күшінің тең бөлінісін қамтамасыз етуді, еңбек күші мол өңірлерден кадр тапшылығы сезілетін, түрлі өндіріс орындары мол аймақтарға жас мамандарды тартуды көздейді. Бірақ, аталған мамандарды жұмыс күші тапшы өңірлерде даярлау, сол жерлерге әлеуметтік тұрғыда бейімдеуге басымдық берілген. «Серпін-2050» жобасы жастардың тәлім-тәрибесіне, өздерінің қабілет-қарымдарын мейілінше толық пайдалана білуіне, көшбасшылық қасиеттерін, отансүйгіштіктерін арттыруға ерекше көңіл бөлінетіндігінмен ерекшеленеді. Жобаға қатысушылардың әлеуеметтік мәселелері толық шешімін тауып, сапалы білім алуларына мүмкіндік берілумен қатар, белсенді қоғамдық жұымстармен де айналысуларына жағдай жасау қарастырылған. «Серпін-2050» жобасы жастарды бәсекеге қабілетті болуға баулиды. Жастардың өзара қарым-қатынастарын күшейтуді, шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсуді қарастырады.

Жобаға туу көрсеткіші жоғары өңірлердің жастары қатса алады. Ал, қабылдаушы жақ ретінде 7 өңір таңдалған. Жобаға 2015-2016 оқу жылында 18 ЖОО, 25 арнаулы орта білім беру мекемелері тартылған. Кәсіптік-техникалық мамандықтармен қатар, педагогикалық мамандықтарға да басымдық берілді. ЖОО-лар базасында 69 мамандықта, арнаулы орта оқу орындарында 60 тан астам мамандықта жастарды оқыту қарастырылған.



81. Қазіргі ҚР Конституциясының қабылдануы. Бүкілхалықтық референдум. ҚР-ның мемлекеттік құрылысы.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.

Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:

халықтық егемендік

мемлекет тәуелсіздігі

билікті бөлісу принципі

қазақ тілін мемлекеттік деп тану

Президентті мемлекет басшысы деп тану

сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.

1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.[1]

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

Референдум(лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.

Референдумның негізгі екі түрі бар:

Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;

Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Мұндай Референдумның қорытындысы өкімет үшін міндетті болмайды. Халықар. құқықтық мәселе бойынша Референдум (көбіне плебисцит делінеді) өткізу 20 ғасырдың соңғы жиырма жылы ішінде өріс алды. Мыс., Еуропа Кеңесіне мүше болу-болмау мәселесі бойынша Франция, Дания, Норвегия, Швеция, Ирландия елдерінде Референдум өткізілді. Қазақстанда Референдум өткізу туралы шешімді ҚР Президенті қабылдайды. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, салық саясаты, бюджет, билік орындарының құзыреті, басқару нысаны, адам бостандығы мен құқығы, әкімш.-аум. құрылыс пен шекара мәселесі Референдумға негіз бола алмайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады.
82.ҚР-ның әлемдік қауымдастықтағы орны, сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы.

Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе— ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту. Ұлттық мүдделер мемлекеттің сыртқы саяси бардарламаларында, сыртқы саясатында көрініс тауып отырады және ол басқа мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың мақсатын, оны шешу жолдарын анықтап отырады.

Мемлекеттің сыртқы саяси бағдарының қалыптасуына әртүрлі кӛптеген жағдайлар ықпал етуі мүмкін. Мемлекеттің халықаралық аренадары стратегиялық жардайын анық-тауға себеп болатын себептердің бірі, ең алдымен географиялық себептер. Мемлекеттің геожағдайын анықтайтын себептердің негізгілеріне елдегі өзен-су ко ммуникацияларын, теңізге жақын немесе алыстары, одан шығу немесе шыға алмау жағдайы, көрші елдермен жол қатынасы қандай, ол күрделі немесе жеңіл ме, басқа мемлекеттермен шекаралық шектеу жағдайы, халықтың саны, оның орналасу тығыздығы т.б. жатқызута болады. Сондай-ақ, ауа-райының жағдайы, топырақтың құрамы, жерасты байлық-тары, өндіргіш күштердің даму қарқыны, мәдениеттің даму тенденциясы, әлеуметтік құрылымды ұйымдастыру түрі және саяси құрылым ерекшеліктері де ескеріліп отырады. Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың бірі— дипломатия болып табылады. Дипломатия— сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқы мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа түсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі түрі болып табылады. Сондай-ақ дүниежүзілік және аймақтық халықаралық ұйымдарда өкілеттілік ашу немесе олардың құрамына ену, шетелдік саяси партиялармен достық қарым-қатынаста болу, дипломатиялық қатынастарға түспеген елдермен де эпизоттық байланыстар жасау арқылы да сыртқы саясат жүргізіліп отырады.

Сыртқы саяси байланыстар - экономикалық сауда, ғылыми-техникалық, финанс-несие және мәдени қарым-қатынастар жасау арқылы да іске асырылады.


83. «Қазақстан-2050 бағдарламасын іске асыруда «Нұр Отан. Болашақ жолында» ХДП Стратегиясы.

Құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру да билік партиясының XXI ғасырдағы рөлін, көзқарасы мен орнын қамтамасыз ететін жүйеленген іргелі бағдарлама. Осы мақсатта партия өз қызметін басты жеті бағытқа шоғырландырып үлгерді. Доктринаны дайындау бойынша мәжілістерге партия Саяси кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. «Партия конституциясы» деп айдар таққан көптеген сарапшылар ойларына сай, аталған құжаттың келешегі осы азаматтар қолында болды. Еліміздің жарқын болашағы бейнеленетін бағдарламада қазақстандық қоғамның төмендегі негізгі бағыттарына басымдық берілді: еңбек ету құқығы, ынтымақтастық, отбасы құндылықтары және т.б. Доктрина Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттарды жүзеге асыруда қазақстандықтарды жұмылдыратындығына күмән жоқ. Сондықтан жаңа тұжырымдаманың негізгі қағидалары философиялық-дүниетанымдық саяси құжат екендігін танытып отыр. Жаңа құжатта жаңа қазақстандық патриотизм бағыттарына басым назар аударылған. Бұл – аса маңызды мәселе. Өйткені, жаһандану дәуірінде ұлттық-мәдени құндылықтардың әлсіреу қаупі бар кезде және жаһандық құндылықтар салмағы артып тұрған тұста патриотизм белгілерін пысықтау қажет екені анық. Қазіргі қоғамда орын алып жатқан трансформациялық үдерістер патриотизм мен оның мазмұнына өзгерістер енгізгендігін баршамыз білеміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм – көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл бағыттағы басты мақсат қоғамдық келісімді сақтау және нығайту болып табылғандықтан, мемлекет, қоғам, ұлт ретіндегі өмір сүрудің айнымас шарттарын үнемі дамытып отыруға тиіспіз. Жалпы, патриотты тәрбиелеу – отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар секілді әлеуметтік ортаның нысандарының объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік үдеріс. Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы – мемлекеттілікті бекітудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Сондықтан Елбасы Жолдауындағы басымдықтар еліміз үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен өсіп-өркендеудің «алтын ғасыры» кезеңінде көздеген мақсаттарға міндетті түрде жеткізетіндігіне және жаңа Доктрина стратегиямен қатар 2050 жылға дейінгі даму идеологиясы болатынына Қазақстан халқы үлкен сенім артады.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет