Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы (Сақтар, қаңлы, үйсін, ғұн мемлекеттері). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»



бет2/14
Дата31.12.2019
өлшемі195,37 Kb.
#53928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

«Алаш» партиясының өмірге келуі


1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде

- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;

- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;

- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;

- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;

- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;

- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.

- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген [8].

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..

Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді.

Алаш автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.[1] Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:

Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.



Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ сиезі өтті. Сиезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды.


  1. ҚР әлемнің неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру жолында.

Бәсекеге қабілеттіліктің алғышарттары. Бәсекеге қабілеттілік — өзіңді танып анықтау арқылы көз жеткізілген барлық артықшылықтарды пайдалану.

2007 жылы Ұлт көшбасшысы Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасын құрудағы басты кедергі — өз мүмкіндіктеріне сенбейтін және орынды тәуекелге бармайтын шығармашылық ізденістері жоқ адамдар болуы мүмкіндігін айта келе, мұндай мәселені шешудің көзі ретінде индустриялды-инновациялық дамудың стратегиясын негіздеді, жауапкершілік алатын жастардың жаңа буынына үміт артты. Заманауи жағдайдағы Қазақстан өркендеуінің экономикалық негіздері халықтың қоғамдық белсенділігін көтеру мен өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі экономикалық өсу жоғарғы тәуекелге бару арқылы жалпы ғылыми ортаның, ақпараттық инфрақұрылымның даму-деңгейіне, ғылыми зерттеудің қаржылық көлемінің мөлшеріне, олардың нәтижелерін коммерциялық жүзеге асырудың белгісіздігіне тәуелді басқару тәжірибесіндегі үздіксіз инновациялық үрдістерге көшуге жетелейді. Сондықтан да ғылыми-техникалық жетілдіруді мемлекеттік ынталандыру айқын қажеттілікке айналып отыр. Бұл өмір сапасына бағытталған «тұтыну қоғамынан» интеллектуалды қоғамға өтуді білдіреді. Инновациялық экономиканы құрудың экономиканы әртараптандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырумен тікелей байланыстылығы, Қазақстанның жетекші дамыған елдер сияқты жетістіктерге жету үшін адамдар әлеуетін, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін түпкілікті көтеру қажеттілігі тұр. Әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, Қазақстанның да тиімді жүзеге асырылатын ұлттық бәсекелік басымдылықтары бар, олардың ішінде табиғи ресурстар қоры: вольфрамның әлемдік қорының 50%, уранның 25%, хром құрамды қазбалардың 23%-ын құрайды. Қазақстанда бүкіл дүниежүзіндегі фосфор қорының 90% орналасқан және сирек металдар монополиялық өндірушілерінің әлемдік клубына кіреді. Бірақ республика бай табиғи ресурстары бола тұра, ішкі өндірісте жоғарғы технологиялық туарлар мен қызметтің жетілдірілмегендігінен шығаратын өнімі жалпы әлемдік өнімнің 0,06%-нан аса алмады. Қазақстанның ұлттық басымдылықтарының бірі — аграрлық өндіріс. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және жетілдіру салаларында кластерлік бастамаларды жүзеге асыру арқылы аграрлық секторды индустрияландыру жұмысы қолға алынды, әсіресе нарықтық бәсекені қалыптастыру.

Жаһандық бәсеке — заманауи қоғамдық даму заңдылығы, ол ұлттық мемлекетті ғана қамтымайды, ол трансұлттық корпорациялар (ТҰК) арасында да жүреді. ТҰК интеллектуалды, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуеттік ортада құрылады. Шамамен неғұрлым табысты салалардың әлемдік сауда және қаржы айналымының жартысынан көбі солардың бақылауында. Көптеген ТҰК өздерінің экономикалық айналымы жөнінен ірі елдерден асып түседі. Жетекші 500 трансұлттық корпорациялар өңдеуші кәсіпорындар экспортының үштен бірін, әлемдік саудадағы шикізаттық туарлардың төрттен үшін, жаңа технологиялық сауданың бестен төртін қамтиды, дүниежүзінің барлық елдерінде ондаған миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жүргізілген реформалар барысында Қазақстан бас аяғы он жылдан аса уақыт мерзімінде нақты нарықтық экономикаға қол жеткізді. Қазіргі кезеңде экономикалық өсімнің негізгі көзі елдің шикізаттық әлеуеті болып табылады. Республика экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тартылды және ашық сыртқы сауда саясатын жүргізеді. 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемі 7 млрд. доллардан аса оң айырыммен, 33 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 1994 жылмен салыстырғанда үш есе өсімді берді. Сыртқы сауда жүргізу аймағы алғашында ТМД көлемімен шектелсе, 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында алғашқы орынды ЕО елдері, Ресей, Швейцария және Қытай тұрды. Осылайша Қазақстан жаһандық бәсеке орталығына қосылды.


  1. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы ХV-XVII ғғ. Қазақ хандығы. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жүздері.

Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдыраған кезінен басталады. Этнос – тарихи жағдайда қалыптасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмысы ортақ, басқалардан бөлектенген адамдар тобы. Кейбір жазба деректерде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін адамдар» ұғымын білдіретінін айтады. Тағы бір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады.

XV ғасырдағы Шайбани Әбілқайыр хандығындағы, яғни Дешті-Қыпшақтағы көшпелі халықтардың этникалық бірігу процесі тез жүрді. XV ғасырдың ортасына қарай Әбілқайыр ықпалы әлсіреді. Оған қарсы шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар артына көп халықты ертіп, Жетісуға көшті. Міне, осы Керей мен Жәнібектің артынан ерген және осы хандардың билігіне қараған бұрынғы Шайбани хандығындағы халықтар қазақтар деп аталды. Қазақ халқының құрамына арғын, найман, дулат, керей, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, қоңырат, жалайыр, уақ тайпалары кірді. Бұл тайпалардың тілі қазақ тілі болды. Нәсілдік белгілері – моңғолоидтік.

Қазақ жүздері

Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерде мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді:


Ұлы жүз

Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы).

Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.

Орта жүз

Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы). Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат.

Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.

Кіші жүз

Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы)

Тайпалар: табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, алшын, шекті, төртқара, тама, серкеш т. б. Кіші жүзді кейде Жанарыс деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет