Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы (Сақтар, қаңлы, үйсін, ғұн мемлекеттері). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер



бет8/14
Дата31.12.2019
өлшемі195,37 Kb.
#53928
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

34. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер. Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.
.1. ХҮІІІ ғасырдың соңы - XIX ғасырдың, Қазақ хандығы. Кіші және Орта жүздегі хандық би жойылуы

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша өкіметі хаңдық билікті сақгай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уели хан (1781-1819 жж.) болып бекітілді. Ресей әкімшілігі сұлтандар мен ру басшыларының өздерінің хандарына, оның іщщце Уөли ханға катысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарастыруға тырысты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, .сот және рухани өміріне байланысты шараларды даярлаумен де айналысты. Мысалы:

ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін кұру;

билер соты;

қазақ балалары үшін мектеп ашу;

шекара жанындағы қазақтарды ұйымдастыру;

басқару қазақ жерлеріне әскери-ғылыми-барлау экспедицияларды жіберу т.б.

Ал, 1819 ж. Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз жаңадан хан сайланбады.

Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға ере жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен сайланған Айшуақтың халық арасыңда беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-қатынас шиеленісін саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы ЖанТөре хані (1805-1809 жж.) сайланады. Осы кезде Орынбор губернаторы ЖанТөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1809 жылдың соңына қарай ЖанТөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. Біртіндеп билігі әлсірей бастаған ЖанТөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап барып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін әлтіріп кетеді. ЖанТөре әлген соң Ресей үкіметі орнына Әбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті, Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хаңдық билікті жоюға мүлделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіңдігінше кедергі жасауға тырысты 1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы хаңды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. «Игельстром реформасы» жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіл-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Орта және Кіші жүздің территориясы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің территориясы Қоқан хандығының қол астында болды.

Осылайша, XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басыңда Қазақ хандығы орталықтандырылмаған, керісінше Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз және Бөкей хандығы болып бөлініп және әр жүздің өз алдына басқарушысы бар бытыраңқылыққа ұшыраған мемлекет еді.

ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары орыс-алшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғаны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды.

1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібірдің әскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды.

«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар «икі окруттерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары окруттерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (18.31 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).

Әр округ болыстар мен ауылдарға бөліңді. Батыс генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округ басшылығында окруттік приқаздар тұрды және сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтан басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құра 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір окруттен екінші округке әту жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.

Патша әкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дұрыс білмеуі, әкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге ұмтылуы, басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының жекшілдікке ұшырауына және үкіметке қарсы көңіл-күйдің пайда болуына әкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүлдесін қорғауға шығарып. Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.

1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, Орынбор генерал-губернаторлығының бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендейұлы болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын қазақ-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы тәленді.

1824 ж. Жарғы бойынша құрамында тәраға, тәрт кеңесші және тәрт ауқатты қазақтан тұратын шеқаралық комиссия құрылды.

1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшынндарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шеқаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.

1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте - 8, Ортада - 20, Шығыста - 28 Дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар және молдалар салықтан босатылды. 1844 ж. «Орынбор қазақтарды басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша әр шенеуніктерінен жергілікті әкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалар бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше әрекет ету мүмкін болмай қалды.

Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарын айналдыру үшін хаңдық билікті, яғни қазақ мемлекеттінің жойып және орнына орыстың әкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шеқаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шеқаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор және Сібір ведомстваларының территориясыңда тұратын Кіші және Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады.

Осы және одан кейін жалғасқан XIX ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан әрі отарлау үшін жағдай жасады. XIX ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заң қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындалды.



35. Қазақстан ХХ ғасырдың 80-90 жылдарының басында: КОКП-ның 1985 жылғы сәуір Пленумы. Қайта құрудың басталуы, мақсаты, кезеңдері.

М. С. Горбачевтің елдегі саяси билік басына келуі. КОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы Сәуір Пленумы. Кеңес қоғамының әлеуметтік, экономикалық дамуын жеделдету мен қайта құру ісінің басталуы. М. С Горбачев – демократ, реформатор, адамгершілікті социализмді негіздеуші. Елдегі қоғамдық, саяси жүйені өзгертпей халықаралық ахуал мен экономиканы дамытуды жақсартудағы алғашқы шаралар. Қайта құру, жеделдету бағытының басталуы. Оның қажеттілігі мен кезеңдері.



(1 кезең – КОКП – ның 1985 жылғы сәуір Пленумы – 1987 жылдың жазы). Алкоголизмге қарсы күрес, еңбек тәртібін нығайту. Өндіріс техникасын жаңарту. (Шетел өндіріс жабдықтарын сатып алу, валюталық резервтерді қайтадан бөлу. А. Г. Аганбегян). Аграрлық саладағы ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу. Ауыл шаруашылығын интенсивті негізде дамытудың шаралары. Қазақстандағы саяси ахуалдың шиеленісуі, ұлттық қатынастағы кері құбылыстар. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы желтоқсан Пленумы. Онда қаралған мәселе. Д. А. Қонаевті қызметінен алу. Алматыдағы Брежнев атындағы алаңдағы 1986 жылғы 17 –18 желтоқсандағы оқиғалар. Оның шығу себептері, сипаты, барысы, аяқталуы. Жастарды жазалау, т. б. қудалау шаралары. Желтоқсан батырлары. Аталған қозғалымстың Қазақстанның басқа аймақтарына тарауы. Шығыс Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы. Аталған оқиғаның елдегі саяси – қоғамдық ахуалға әсері. Маңызы. Қазіргі күнгі баға. ІІ – кезең – 1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры. Экономикадағы мемлекеттік жоспар мен нарықтық қатынастарды бірлесе жүргізу әрекеттері. (Мемлекеттік кәсіпорындар бірлестіктері, кооперация туралы заңдар, маңызы, орындалуы.) Елдегі алғашқы саяси партиялар мен ұйымдардың құрылуы. Қазақстандағы алғашқы саяси партиялар мен ұйымдар, олардың бағдарламасы, алғашқы атқарған істері. ”Семей – Невада” қозғалысы. Қоғамдағы, саяси – элеуметтік өмірдегі жариялылықтың басталуы, оның алғашқы қадамдары. КОКП –ның ХІХ конференциясы, оның шешімдері. Ел бойынша көппартиялы, көпмандатты сайлау жүйесінің басталуы. Аталған кезеңдегі елдегі экономикалық жағдайдың шиеленісуі. Бірінші кезектегі халық тұтыну тауарларының жетіспеуі, оларды пайдаланудың шектеулі – бақылау жүйесінің енгізілуі. Себептері. Үшінші кезең – 1989 жылдың мамыры – 1991 жылдың желтоқсаны. Экономикадағы дағдарыстың одан ары шиеленісуі. Халыққа қажетті деген тауарларға деген зәуірліктің одан ары жалғасуы. Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы кәсіпорындары жоспарларының орындалмауы.Қазақстандағы, т. б. республикалардағы демократиялық процесстердің жедел қарқынмен жүруі. Халық депутаттарының сьезі. Онда қаралған мәселелер. Ұлтаралық қарым – қатынастың шиеленісе түсуі. Прибалтика, Закавказья, Орта Азия республикаларындағы оқиғалар. Қазақстандағы Жаңа Өзендегі ұлтаралық шиеленісу, оның себептері. Социалистік жүйе елдеріндегі саяси, әлеуметтік дағдарыстың шиеленісуі. Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің, Варшава Шарты соғыс одағының тарауы. Герман мемлекеттерінің бірігуі. Болгария, Румыния, Польша, Венгриядағы оқиғалар. Олардың Кеңес Одағының болашағына әсері. Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар қызметінің белсенділігінің артуы. Қазақстанда осы кезеңде құрылған саяси партиялар мен ұйымдар. Олардың алдарына қойған мақсаттары мен атқарған істері. Қайта құру шаралары мен нақты жағдайлар арасындағы қарама – қайшылықтар. Кеңес Одағын сақтап қалу жолындағы әрекеттер. Аталған бағыттағы бүкілхалықтық референдум, оның қорытындылары. 1991 жылғы “тамыз бүлігі”. Оның қорытындысының бүкіл Одаққа, Қазақстанға әсері. Қазақстан Компартиясының таратылуы. 1991 жылғы желтоқсандағы Беловежскдегі Ресей, Украина, Белорусия жетекшілерінің келісімі. Осы жылғы 13 желтоқсандағы Ашхабад, 20 – 21 желтоқсандағы Алматы келісімі. Кеңес Одағының тарауы. ТМД – ның құрылуы, мақсаты, маңызы.
36. Еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайту саясаты. ҚР халқының демографиялық құрамы және оны қамсыздандыру ісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бағыттарының бірі ретінде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясында да осы ерекшелік анық көрсетілді: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», – делінген, Ата Заңның алғашқы сөйлемінде.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына 2050 Стратегиясын ұсына отырып: «Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған ша-ңырағына айналды», – деуі осының нәтижесі болса керек.

Әлемдік жаһандану жағдайында әлем елдерінің басым бөлігі полиэтносты. Яғни бір ғана ұлттық алабөтен басымдығы байқалып тұрған елдер аз. Халықаралық стандарттар бойынша, ел халқының кем дегенде 1 пайызына тең болса, ол халықты этникалық топқа жатқызуға болады. Қазақстанда мұндай ірі 7 этникалық топ бар – қазақтар (63,1%), орыстар (23,7%), өзбектер (2,94%), украиндер (2,68%), ұйғырлар (1,53), татарлар (1,44%) және немістер (1,4%). Ең бастысы, бұл этникалық топтар Қазақстанның барлық аймағында қоныстанған. Оларға қоса, елімізде корейлер, түріктер, әзірбайжандар, күрдтер, поляктар, белорустар, дүнгендер т.б. ұлыстар бейбіт қатар өмір сүріп жатқанын ескерсек, Қазақстан үшін осы халықтардың өзара татулығы мен келісімі қаншалықты маңызды екенін аңғару қиын емес. Бүгінде Қазақстанда өзін «Қазақстан азаматымын» деп есептейтін кез келген адам діни, этникалық, саяси көзқарасына қарамастан, өзін еркін сезіне алады.

Түптеп келгенде, 1995 жылдың 1 наурызында Президент бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуы да осындай қажеттіліктен туындады. Бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып танылды. Бұл конституциялық органның үнін Парламент Мәжілісінде 9 депутат айқын танытып отыр. Олар Қазақстандағы этносаралық мәселелерді дер кезінде күн тәртібіне қойып, шешімі табылуына ықпал етеді. 2050 Стратегиясында бұл туралы Н.Назарбаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болды», – деп атап өтті.

Жыл сайын 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді. Жалпы әлемде, тіпті айналамызда болып жатқан этникалық тартыстар, алауыздық, біреуді қор, біреуді зор сезіндіруге тырысқан империялық пиғыл қайшыласқан заманда Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің, татулықтың, толеранттылықтың ордасы болып көрінеді.

Қоғамда өмір сүре отырып, сол қоғамның заңдылықтарын мойындау да парасаттылықты көрсетсе керек. Ендеше, Қазақстанда өмір сүріп отырған әрбір ұлт өкілі бүгінгі Қазақстан қоғамының бұған дейінгі құндылықтардан айнымайтынын, ұлтаралық татулық пен келісімді дамыта беретінін терең сезінуі тиіс. Қазақстан халқының сөзі мен ісінде бірлік бар екенін Қазақстан Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде де атап көрсетті. «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан жоқ. Біз ассириялықтар, рутулдар, лактар және басқа да этностар сияқты кішкентай этникалық топтардың өзінің мәдениетін барынша сақтап, олардың дамуына барлық мүмкіндікті жасап отырмыз», — деді.

Ендеше, бірлікті ел болудың барлық алғышарты Қазақстанда бар. Ел халқын біріктіретін бағыт та бар, ол – жаңа қазақстандық патриотизм. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жалаң экономикалық жетістіктермен жету мүмкін емес. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» біздің бүгінгі қоғамның басты құндылығы ұлтаралық татулық пен келісім екенін айқындап берді. Енді тек сол үдеден шығып, еңбек етуге тиіспіз.



37. Қазақстандағы индустрияландыру (1928-1940 жж.) және оның әлеуметтік-экономикалық зардабы.

Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері

Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.

1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.

Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.

Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.

Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.

Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.

Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс»,[2]. - деп ерекше атап өтілді.


38 ХХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың асқынуы. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ алаңдары және ядролық сынақтардың экологиялық зардаптары. Семей, Капустин яр, Азғыр т.б.

2009 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдығын және Семей ядролық полигонындағы сынақтар тоқтатылуының 20 жылдығын атап өтті. Халықпен бірге осы күнді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті. Полковничий аралында Семей полигонындағы «Өлімнен күшті» атты ядролық сынақ құрбандарына арналған мемориал бар, сол жерде полигонның жабылуының 18 жылдығына арналған және Қазақстан аумағындағы ядролық соғыстың аяқталуына арналған халықаралық митинг өтті.

«Жиырма жыл бұрын осында, Семей жерінде әлемдегі аса ірі полигондардың бірінде соңғы ядролық жарылыс болып өтті. Ядролық сынақтарды тоқтатуға «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы белсенді жәрдемдесті. Шынайы бүкілхалықтық күш-жігердің нәтижесінде 1989 жылы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтата алдық. Біздің жерімізде барлығы 456 ядролық сынақ өткізілсе, олардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе артық еді. Біздің халқымызға келтірілген орны толмас залалды әлі күнге дейін сезінудеміз. Барлық қиындықтарға қарамастан, мемлекет ешқашан өз азаматтарын олардың проблемаларымен бетпе-бет қалдырған емес. Осы мақсаттарға 34 миллиард теңгеге жуық қаржы көзделген. Бұл қаржы Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық аурулар бойынша медициналық кластерді құруға жұмсалады.

Семей полигонының төңірегіндегі экологиялық апатқа ұшыраған аймақ қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды алып жатыр. Қазақстанның Германия аумағына барабар аумағының оннан бірі бөлігі уланған, құла дүзге айналып, жүздеген ядролық жарылыстар оған жазылмастай жарақат салды.

Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылы 21 тамызда қабылданған. Ядролық сынақ 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында өтті.Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр.

1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонындағы ресми деректерге сәйкес 456 ядролық сынақ, соның ішінде 8-і – ауада, 30-ы – жердің үстінде және 340-ы – жер астында болды. Қоршаған ортаға атмосферада сыналған және 1949–1962 жылдар аралығында жүргізілген ядролық сынақтар орасан шығын әкелді.

Семей полигонынан басқа, Батыс Қазақстан және Атырау облысы шекарасында Нарын өңірінде 3 сынақ полигоны болды: Азғыр атом полигоны, Мемлекеттік Жазғы-сынақ орталығы және Мемлекеттік орталық полигоны (соңғы екеуі Ресей кешеніндегі Капустин Ярға тиесілі, қазіргі уақытта да қолданыста). Осы полигондар аумағында 29 ядролық жарылыс жүргізілді (18 жер асты, 11 атмосфералық). Зерттеулер мақсатында тағы да 10 ядролық жарылыс жүргізілді: 6 — Қарашығанақта, 3 – Маңғыстау облысында және 1- Ақтөбе облысында.

1966-1979 жж. аралығында Азғыр атом полигонында 10 алаңда 17 ядролық жарылыс жүргізілді. Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1,2 млн.м болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты.

Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты.

Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті биік.


Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған.

Радиациялық және улы ластануға мына аудан аумақтары ұшырады:

Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық.

Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы деңгейден асып кетеді.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет