Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы (Сақтар, қаңлы, үйсін, ғұн мемлекеттері). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»



бет9/14
Дата31.12.2019
өлшемі195,37 Kb.
#53928
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

39. «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы.

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады. Біз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жасаудан бастадық. Осы жаңғыртуларға шешуші рөл беріліп отыр. Олар Қазақстанды, оның экономикасын, мемлекет пен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер кешенін шешуге даңғыл жол салады. Олар планетадағы аса дамыған мемлекеттерді біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес келетін елді дамыту, экономикалық өсім мен барлық қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін жаңа лайықты жағдайлар қалыптастырады. Біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек және дәулеттірек болады. 2015 жылдың бірнеше айының ішінде ғана Бес институттық реформаның басталуын заңнамалық және ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету бойынша орасан зор жұмыс атқарылды. Бұл жұмыс менің Жарлығым бойынша құрылған Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссияның басшылығымен жүргізілді. Мен бірқатар кеңес өткізіп, сарапшылармен, саясаткерлермен, бизнес және қаржы ұйымдарының басшыларымен әңгімелестім. Халықаралық сапарларым мен кездесулерім шеңберінде мен өзімнің әріптестеріммен – өзге елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен талай рет кеңестім. Тұтастай алғанда, менің Қазақстанды тереңдете жаңғырту жөніндегі ой-ниетіме барлық тараптан жан-жақты қолдау көрсетілді. Әлеуметтік сауалдамалар да Ұлт жоспарының барлық бес реформасына тұрақты жоғары қолдау көрсетіліп келе жатқанын айғақтап беріп отыр. Қазақстандықтар реформалардың уақтылы және көкейкесті екенімен бірауыздан келіседі. Қазірдің өзінде барлық қажетті заңдар қабылданды және заңдық күшіне енді. Парламент пен Үкімет жұмысының үйлесімділігін ерекше атап өткім келеді. Өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған заңнамалық жұмыстардың осындай қарқыны мен сапасы бұған дейін Қазақстанда болып көрген емес. Бұл – біздің парламенттік моделіміздің және мемлекеттік биліктің өкілетті және атқарушы тармақтарының өзара іс-қимыл жүйесінің жоғары тиімділігінің айғағы


40. 1920-1940 жж. Қазақстандағы мәдени және ағартушылықтың қалыптасуы. Басты бағыттары мен қиыншылықтары.

Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан да 1931 жыдцың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды. Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды. Сауатсыздықты жою мен қатар оқу-ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК "КАССР-де бірдей еңбек мектебінің уставы" қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Орта мектептерде жоғарғы кластарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Колхоздар мен совхоздардың қаржысына интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.

Республиканың ересек тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш мектепті оқуды ендіру, халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халықтарыньщ қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды.

Әлеуметтік саясатты іске асыруда бірқатар жетістіктерге қол жетті. 1940 жылы Қазақстанда 3100 -дей магазин, 600-дей асхана мен ресторандар, 200-дей жана емхана және 120-дай аурухана салынды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасты.

Сонымен сауатсыздықты жою жалпы білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі табыстарға қол жетті: жаңа советтік интеллигенцияны қалыптастыру процесі жүргізідці. Советгік Қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиет пен өнер дамыды. 1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру тәртібі енгізідді. 1932 жыддың аяғында Қазақстан тұрқындарының 42%-і сауаттанды. Бастауыш мектепте оқитындар саны 1928 жылғы 305 мыңнан 540 мыңға дейін орта мектепте оқитындар — 23 мыңнан 65 мыңға дейін көбейді. Жұмысшылар мен шаруалар қатарынан қазақ совет интеллигенциясын даярлау кең көлемде жүргі-зідді. Абай атындағы қазақтың педагогикалық институты, С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті, кен-металлургия, медицина, зоотехникалық- мал дөрігерлік, а.ш. т.б. институттары, ондаған арнаулы орта білім беретін оқу орывдары ашылды.

Қазақтардың ұлттық қауымдастығын нығайта түсетін аса маңызды факторлардың бірі казақ тілі болып табылды. Ол ұлт болып қалыптасуға дейін-ақ ортақ тіл болып саналған. Жергілікті алуан түрлі диалектілердің болуына қарамастан қазақ тіліндегі халық ауыз әдебиетінің "Алпамыс", "Қобылаңцы", "Ер Тарғын", "Қозы Керпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек" т.б. эпостық поэмалары Қазақстанның жер жеріне кең таралып, халық арасында зор сүйіспеншілікке ие болды. Көрнекті халық ақындары мен әншілері Бүқар жырау, Махамбет Өтемісүлы, Ақан сері, Біржан, Жаяу Мұса, Жамбыл т. б. өлеңцері мен өндері, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқа да жазба әдебиеті өкілдерінің шығармалары жайлы да осыны айтуға болады.



41. Ядролық сынақтардың экологиялық қоршаған орта мен ауыл шаруашылығына әсерi мен салдары.

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді.

Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Зерттеудің нәтижесінде радиацияның адамға тигізетін ықпалының ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.

Содан бері 26 жылдай уақыт өтсе де, сынақ зардабын тартқандар улы қарудың уытын әлі күнге дейін сезінуде. Өйткені ажал атомының зардабы тіршілік иесінің ағзасында ұзақ уақыт бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін көрінеді.

Семей полигонының қазақ халқына үлкен қасірет әкелгені әлемге аян. Нақты дерек көздері бойынша, Семей қаласынан 130 шақырым қашықтықта орналасқан сынақ алаңында 1949 жылдан бастап 40 жыл бойы ядролық қару сыналған.

Нақты дерек көздеріне сүйенсек, полигонның 40 жылдық тарихында 459 жарылыс жасалыпты. Бұдан 1,5 миллион адам зардап шегіп, Семей аймағы аса үлкен экологиялық апатты өңірге айналды. Сынақтардың зардабы тиген аумақ көлемі 304 000 шаршы шақырымға жетті, соның нәтижесінде мыңдаған адам жазылмас дертке тап болып, ажал құшты, дүниеге ақыл-есі кем, мешел балалар көптеп келе бастады. Халықтың көз жасы көл болып ағып, олардың көбі туған жерлерінде тұрақтап қала алмай, үдере көшті. Қазақ еліне осындай ауыр қайғы-қасірет әкелген ажал сынағына 1991 жылдың 29 тамызында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың №409 «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлығы нүкте қойды.

Статистикалық есепке жүгінсек, 1947-1990 жылдар аралығында біздің облыс бойынша Семейде барлығы 17 мың адам әскери қызметте болыпты. Бүгінде солардың тек 400-дейі ғана тірі жүр, 70 пайызы мүгедек боп қалды. Солардың қатарында мына мен де бармын. Радиация зардабы бірден білінбейді екен, ол адамның бойына ақырындап сіңіп, қанында, сүйегінде қалады дейді. Сынақ зардабын зерттеп жүрген дәрігер-ғалымдар оның зияны жетінші ұрпаққа дейін жетеді деп жүр ғой, оны енді бір Алла біледі. Радиация әсерін мен әскерден келген соң 15 жылдан кейін сезіне бастадым, денсаулығыма байланысты 1998 жылдан бастап ІІІ топтың мүгедегімін. Семейде әскерде болған бір жолдас жігіттің үш баласы бірінен соң бірі қайтыс болды, енді бірінің қызы қайта-қайта түсік тастап жүр, кейбіреуінің сәби сүю қабілеті кеміген, осылайша кете береді. Бүгінде өңірімізде Семей зардабын тартқан 12 000 адам тұрады, олардың барлығы да есепте, жыл сайын тұрақты түрде дәрігерлік бақылаудан өтіп тұрады. Олар қажет болған жағдайда дәрігерлердің нұсқамасымен Астана, Алматы қалаларында, облыстық және аудандық ауруханаларда, әскери госпитальдарда, “Ақжайық” шипажайында және Жаңақала ауданындағы оңалту орталығында тиісінше тегін ем-дом алады. Тіпті, алыс қалаларға емделуге баратындардың жолақысын да емімен қоса Үкімет төлейді, — деген бірлестік төрағасы бүгінгі таңда Семей зардабын тартқандардың ұрпақтарын да тегін емдеу жөнінде мәселе көтеріп жүргендерін жеткізді.
42. «Мәңгілік ел – ХХI ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы. Қазақстан – әлем мойындаған ел.

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.



Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты.

Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
43. 1917-1939 жылдардағы Қазақстан халқы.

Кеңес үкіметі орнаған кезде патшалық қоныстандыру саясатының салдары мен нәтижесі өз күшінде еді. Қазақстандағы қоныс аударатын бес аймақта ашылған қоныстандыру мекемелерінің көші-қон үдерісін реттеудегі отарлаумен ұштастырылған әдіс-амалдары мен қолданылатын терминдері кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ерекше өзгеріске ұшырамады. Көші-қонға қатысты қабылданған қарар-құжаттарда қоныстандыру-отарлау термині жапсарлас қолданылса, көші-қон үдерісіне қатысты мемлекеттік органдар да патшалық кезеңнен халық санасына сіңірілген қоныстандыру-отарлау деген атаулармен қызмет жасады. Яғни, көші-қон үдерісіне қатысты ұғымдар ХХ ғ. 20 жж. ортасына дейінгі барлық кеңес үкіметінің декреттерінде, қаулылары мен шешімдерінде отарлау деген сөзбен баламаланып, ашық қолданылып отырды. Тек, ұлттық езгіні жою мүддесіне қайшы келуіне орай, қоныстандыру ұғымын отарлау ұғымымен теңестіруге болмайтындығы туралы пікірлердің әсерінен соң, 1925 ж. көші-қон үдерісін бақылап-реттеуші орган – Орталық отарлау комитеті (Центрколком) Бүкілодақтық қоныстандыру комитеті болып, Мемлекеттік отарлау ісі ғылыми-зерттеу институты (Госколонит) – Жерге орналастыру және қоныстандыру институты болып атауларын өзгертті. Бірақ, ғасырлар бойы отарлаудың арқасында жүргізілген қоныс аударулар бірдей мағынада қолданыла берді. Мысалы, Қазақ Егіншілік халық комиссариаты жанындағы қоныс аудару ісімен айналысатын Жерге орналастыру бөлімінде Отарлау бюросы, Отарлау және қоныстандыру бюросы немесе Қоныстандыру бөлімшесі деп атауын бірнеше рет өзгерткен бөлімше қызмет жасады. Ал, жергілікті жерлерде отарлау мен қоныс аудару ісімен айналысатын облыстық және губерниялық жер басқармалары мен осы мақсат үшін арнайы құрылған отарлау экспедициялары, қоныс аудару пункттері, орталық өкілдік берген агенттер қызмет жасады [19, 19 б.]. Яғни, кеңес үкіметіне дейін империяға бағынышты халықтардың санасын деформациялаған отарлаушылардың үстем идеологиясы кеңес билігі орнағаннан кейін де қазақ жеріне қоныстандыру ісінде басымдық танытты. Қазақстанға сырттан келімсектердің келуі күшейген сайын, қазақ ұлтының дербестігіне нұқсан келетінін, езілген халын жақсарта алмайтынын түсінген ұлт зиялылары қазақ халқын рухани сақтау мен жаңғыртудың бір жолы ретінде қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуларын тоқтатуды ұсынып, көші-қоншыларды келтіруге әртүрлі деңгейде қарсылық жасап отырды. 1916 ж. ұлт азаттық көтеріліс, кеңес өкіметінің орнауы мен азамат соғысы жылдарында Қытайға кеткен босқындарды қайтару шаралары 1925 ж. аяқталды. 1924-1925 жж. Қазақ ОАК мен ХКК Қазақстанға сырттан көшіп келушілер мен өз ішіндегі көшіп-қонуды тоқтату туралы шешімдер қабылдайды [20]. Бірақ, өлкелік партия басшылығына Голощекин келгеннен кейінгі шешім-шаралар көші-қон үдерісінің жаңа кезеңін бастап береді.


1917-1918 жж. Түркістан Республикасын жайлаған аштық пен 1921-1922 жж. Қазақстан аумағын түгел қамтығын ашаршылықтан туындаған стихиялы көші-қонмен ұласты. Бұл кезеңде де Қазақстаннан сыртқа қашқандар – қысым көрген жергілікті ұлт өкілдері де, сырттан келгендер – патшалық билік кезеңінен отарлық қоныстандыру ұғымы бойына сіңген европалық көші-қоншылар.

1917-1918 жж. Түркістан жеріндегі ашаршылық пен оның халыққа әкелген демографиялық апатты салдары, халықтың табиғи және механикалық қозғалысының барысы, бағыттары, нәтижелері осы бөлімде талдауға түсті.

Сонымен бірге, жұмыста көші-қоншылардың сырттан ағылуын тоқтатуға қатысты мәселеде мүдделес болған М. Тынышбаев, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, О. Жандосов, Ж. Мыңбаев, С. Садуақасов және т.б. ұлттық саяси элита өкілдерінің көші-қонға байланысты көзқарасы мен іс-шаралары ашылады.
Қазақстанға келген көші-қоншылардың негізгі дені өз еркімен келген жоқ. Мәжбүрлі көші-қонға 1929 ж. бастап келе бастаған саяси жазаланғандар, бұрынғы кулактар, арнайы қоныстанушылардың көші-қонын жатқызамыз. Өндірістендіру қарқыны, кең көлемдегі құрылыс, инфрақұрылымның жоқтығы арзан, ең дұрысы, тегін, тәртіпті және кез келген уақытта айдап алып кете беретін жұмыс күшін қажетсінді. Міне, осы кезде ірі құрылыстарға кең көлемде «халық жаулары» тартылды. ОГПУ-ІІХК-ның ГУЛАГ-тағы арнайы қоныстанушылар бөлімінің мәліметі бойынша республикаға 46091 отбасы немесе 180 мыңнан аса адам жер аударылған [28, с. 12]. 1936 ж. саяси «сенімсіз» поляктар, 1937 ж. 21 тамыздағы қылмысты бұйрықтың шешімі бойынша (№ 1428-326 ЕҚ) корейлер, 1938 ж. қараша-желтоқсан айларында Әзірбайжаннан 1621 ирандық отбасы көші-қоны жекелеген халықтардың қуғын-сүргін депортациясын бастады. Лагерлер контингенті шамадан тыс толып кетті. Мысалы, Қарлагта тұтқындар саны 1935-1936 жж. 12 мыңға (25127 адамнан 37958 адамға) өсті [30].

Осы кезеңдегі ашаршылықтың зардабының тағы бір қыры - республикаға келген көші-қоншылар легі халық санын 1,3%-ға ғана өсірді. Салыстырсақ, Украинада 6,6%-ға, РКФСР-да 16,0%-ға, Қырғызстанда 45,6%-ға, Тәжікстанда 43,8%-ға, Арменияда 45,5%-ға, ал, КСРО-да 16,0%-ға өскен [31, с. 21-22].

Сонымен, 1926-1939 жж. көші-қон үдерістері қазақ халқын демографиялық апатқа әкелген саяси оқиғалармен өзара байланыста өрбіді. Демографиялық катаклизмдер басым бөлігі қазақ ұлты болып табылатын азиялық ұлт өкілдерін Қазақстаннан сыртқа көшірсе, ірі өнеркәсіптік және аграрлық көші-қондар, репрессиялық сипаттағы кулактық жер аударулар европалық ұлт өкілдерінің Қазақстанға қарай бағытталған көші-қонын күшейтті. Бұл кезеңнің соңына қарай республикадағы қазақтар үлесі төмендеп, 38,0%-ға түсті.
44. 1953-1964 жылдардағы Қазақстан («Хрущев жылымығы», Тың игеру: жетістігі мен салдары).
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

1957 жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.

Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.

Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.

1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.

1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.


Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;

1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).

2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.

3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.

4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.

5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.

6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.

7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.

8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.

1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.

2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.

3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.

4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.

5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.

6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.

7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.

8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.

9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.

10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет