Қазақ психологы С. М. Жақыповтың (1940-2014) мұрасын тарихи-психологиялық зерттеу



бет1/3
Дата18.11.2022
өлшемі34,93 Kb.
#158796
  1   2   3
Байланысты:
thesis134512
Жүсіп Баласағұни, Әдебиеттер, Дәрістер жиынтығы химфак, №4 лекция

Қазақ психологы С.М. Жақыповтың (1940-2014) мұрасын тарихи-психологиялық зерттеу
С. М. Жақыповтың психологияның әр түрлі салаларына қосқан мұраларын қайта қалпына келтіру (реконструкция) үшін енді біз ғалымның әр кезеңдегі ғылыми еңбектерінің тақырыптары мен маңызды еңбектеріне талдау жасайыз. Оның барлық еңбектерін егжей- тегжейлі толық қарастырмасақ та, ғылыми жұртшылық пен көпшілікке кеңінен мәлім жұмыстарына арнайы тоқтала кетеміз.
Қазақстандық психолог ғалымдар арасынан, әсіресе, отандық және таяу шетелдік зерттеушілер тарапынан жиі сілтеме жасалынатын С.М. Жақыповтың екі іргелі ғылыми зерттеуін айтып кетуге болады. Мысалға, жиі дәйексөз келтірілетін еңбектердің қатарына ғалымның «Бірлескен іс- әрекеттегі мақсаттың құрылуы» деп аталатын тақырыпта қорғалған психология ғылымы бойынша кандидаттық диссертациясы мен ааторефератын [65-66] және «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» атты докторлық диссертациясын жатқызуға болады [67]. Бұл ізденістердің негізінде автордың бірқатар монографиялары жарық көрді: «Танымдық іс - әрекет психологиясы» [68], «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» [69] . Дәйексөздер индексі жоғары боп келетін бұл жұмыстар С.М. Жақыповтың зерттеулерінің құндылығын, оның Қазақстаннан тыс жерлерде де мойындалғанын көрсетеді.
Жалпы мақсатқұрылу үрдісін психология ғылымында жан- жақты зерттеген О.К. Тихомиров мектебі еді. Ойлаудың мағыналық теориясын жасаған О.К. Тихомиров пен оның ғылыми мектебінің өкілдері эмоция, мағыналық құрылым, тұлғалық сипаттамалар жағынан реттелінетін танымдық іс- әрекеттерді зерттеді. Зерттеудің жетекші принципі ретінде ойлауды тұлға тарапынан реттеуді алып талдай отыра интеллект пен аффектінің бірлігі идеясын тәжірибе жүзінде іске асырады. О.К.Тихомиров мектебінде ойлаудың зерттелуін бірлескен іс- әрекет барысында қарастырған және ары қарай дамытқан С.М. Жақыпов еді. Профессор О.К. Тихомировтың жетекшілігімен қорғаған «Бірлескен іс- әрекеттегі мақсаттың құрылуы» (1985) атты кандидаттық диссертациясында психологияда тұңғыш рет бірлескен іс- әрекеттің әр түрлі сатыларындағы мақсаттың құрылуы зерттелінді. Зерттеу пәні ретінде көрнекі- бейнелік және көрнекі- пәрменді типтегі интерактивті тапсырмаларды шешу жағдайында қалыптасатын екі сыналушының бірлескен іс- әрекетіндегі мақсаттың құрылуы алынды. Зерттеудің мақсаты лабораториялық эксперимент жағдайында екі сыналушының формасы жағынан псевдобірлескен және мазмұны жағынан тәжірибелік іс-әрекетті формасы бойынша бірлескен және мазмұны бойынша ойлаушы іс- әрекетке өзгеруі барысындағы мақсат құрылу процесін зерттеу болып табылды. Диада субъектілерінің қарым- қатынасы процесінде қалыптасатын «мағыналық құрылымның жалпы қоры» ұғымы эксперименттік түрде негізделді. Психологиялық шынайылық ретіндегі бірлескен іс-әрекет диаданың қарым- қатынас барысында жүзеге асатын мағына құрылуы ортақ мақсат пен ортақ мотивті қалыптастыратын болса ғана мүмкін болады. Іс-әрекеттің бірлескендігінің белгісі боп қатысушылардың ортақ мотивтерінің болуы саналады. Бұл мотив бірден пайда болмайды, қайта бірте- бірте қалыптасады. Сондай- ақ мағыналық құрылымдар мақсат құрылу процесінің сапалы өзгерістеріне әкелетіні, қалыптасатын мақсаттардың тиімділігін арттыратыны дәлелденді.
Жалпы психология ғылымында мақсаттың құрылуы адам ойлауындағы маңызды процесс ретінде қарастырылады. Тұлға іс- әрекетіндегі жаңа мақсаттардың пайда болуын зерттеуде бірқатар механизмдер бар. Олардың кейбіреуін атап өтсек: талаптың жеке дара мақсатқа айналуы, бар талаптарың біреуін таңдау, мотивтің саналы ұғынғанда мотив- мақсатқа айналуы, әрекеттің жанама нәтижелерінің мақсатқа айналуы, санасыз алдын ала сезудің мақсатқа айналуы, аралық мақсаттардың болуы, мақсаттың иерерхиясы мен уақыттық дәйектілігі. Мақсатқұрылудағы эмоция мен мотивтердің рөлі, нәтижеге жетуді бағалаудың әсерін бірлескен іс- әрекеттерде зерттеудің теориялық және практикалық маңызы үлкен.
М.В. Ломоносов атындағы МГУ -дің құрметті профессоры, психология ғылымдарының докторы С.М. Жақыповтың ғылыми жұршылыққа кеңінен танымал тағы бір еңбегі - «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» атты монографиясы мен диссертациясы [67; 69]. Аталмыш диссертация мазмұны кіріспеден, 6 тараудан, қорытынды бөліктен және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Бірінші тарау оқыту процесінің тиімділік проблемасына арналады. Осы мәселеге қатысты ізденістерге тарихи шолу мен талдау жасалды. Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздерін Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев және т.б. іс-әрекет теориясы принциптері, К.А. Абульханова-Славскаяның іс-әрекет субъектісі принципі, Б.Ф. Ломовтың таным процесін қарым-қатынас жағдайында зерттеу қағидасы, В.В. Давыдовтың дамыта отырып оқыту теориясы қағидалары, В.В. Рубцовтың оқу іс-әрекетін ұжымдық тұрғыда бөлуді ұйымдастыруға негізделген қағидасына және т.б кеңестік-ресейлік зерттеушілердің тұжырымдамалары құрайды. С.М. Жақыповтың пікірінше, оқыту процесінің тиімділігі көрсеткіші оқытушы мен оқушының арасында қалыптасатын бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекет болмақ. Ал оның дамуындағы жоғарғы деңгей қатысушы субъектілердің бірлескен ойлау іс-әрекетке ие болуы. Екінші тарау бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті эксперименттік зерттеуге арналады. Үшінші тарауда бірлескен ойлау іс-әрекетінің қалыптасу процесін зерттеудің қорытындылары сөз болады. Ал төртінші тарау әр түрлі қарым-қатынас жағдайындағы бірлескен ойлау іс-әрекетін зерттеу нәтижелерін талдауға арналған. Вербалды және бейвербалды қарым-қатынас барысындағы бірлескен ойлау іс-әрекетінің құрылымдануы қадағаланады. Бесінші тарау эксперименттік зерттеу нәтижелеріне сүйене отыра оқу процесін тиімді басқару мәселесіне арналады. Соңғы 6-тарау бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекет концепциясының жаңа түсіндіру мүмкіндіктеріне арналады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы, автордың пайымдауынша, алғаш рет оқыту процесі көп деңгейлі психологиялық жүйе реінде қарастырылады және оның тиімділігін оқытушы мен оқушының бірлескен танымдық іс-әрекеті қалыптасуы мен дамуы анықтайды.
Профессор С.М. Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» атты зерттеу еңбегінің өзектілігі оқыту процесінің тиімділігін психологиялық қамтамасыз етумен байланысты. Зерттеуші алғаш рет оқыту процесін көп деңгейлі психологиялық жүйе ретінде қарастырады. Оның тиімділігінің негізі оқытушы мен оқушының бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетінің қалыптасуы және дамуы боп табылады. Ұсынылып отырған оқыту процесін талдаудың тұжырымдамалық үлгісі бұрын белгілі болған технологиялардан экологиялық сәйкестілігі жағынан тиімді ерекшеленеді және оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Зерттеуші бірлескен ойлау іс-әрекетінің мотивтері, мақсаттары мен мағыналарының қалыптасуы мен дамуының психологиялық механизмдері табиғатын қатаң бақыланатын лабораториялық эксперимент жағдайында, тек белгілі күрделілік дәрежесі бар интерактивтік міндеттер сериясын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ сананың вербалдық және бейвербалдық деңгейінде оларды шешу процесі мен нәтижесін тіркеуге мүмкіндік беретін арнайы құрастырылған құрылғы көмегімен ашып көрсетті. Зерттеуде алынған нәтижелер авторға бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекет концепциясын тұжырымдауға мүмкіндік берді. Оның негізінде оқыту процесінің психологиялық құрылымын зерттеу циклдері жүргізілді. Осы зерттеулер нәтижесінде оқыту процесіндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мейлінше жоғары тиімділігіне жету үшін қажет әрі жеткілікті психологиялық-дидактикалық шарттар анықталынды. Оқыту процесінің тиімділігін психологиялық қамтамасыз ететін бірнеше бөліктерден тұратын жүйе жасалынды: 1) проблемалық, депривациялық, микро-жағдаяттық, ретроспективтік және үзілмелі диалогтар әдістемелері кешені; 2) танымдық іс-әрекетті диагностика жасауға мүмкіндік беретін экспресс әдістеме; 3) оқыту процесін басқарудың ақпараттық жүйесін; 4) оқытудың автоматтындырылған тиімді технологиясы.
Зерттеушінің арнайы бөліп көрсеткен бірлескен танымдық іс-әрекеті, яғни жаңа психологиялық болмыс танымдық іс-әрекетттің психологиялық табиғатына өзгеше тұрғыдан қарауға мүмкіндік берді.
С.М. Жақыповтың докторлық диссертациясы мазмұны 2004 жылы Алматы қаласыдағы «Қазақ университеті» баспасында «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» деген атпен жарық көрді [69]. Бұл кітап білім беру психологиясы саласындағы мамандар үшін өте қажетті құрал болды. Мұнда оқыту процесіндегі танымдық іс- әрекеттің тиімділігін арттыру мәселесі терең қарастырылған.
С.М.Жақыпов

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет