Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Филология факультетінің деканы
__________________Ш.Қ.Жарқынбекова
«5» маусым 2019 ж.
7М01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағытының білім алушыларына арналған KEL 1311 – «Қазақ этнолингвистикасы» пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Нұр-Сұлтан
2019
Түсінік хат
1.Пәннің қысқаша сипаттамасы. Этнолингвистика — этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес бір саласы. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика, статолингвистиика, паралингвистика іспеттес этнолингвистика да — «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала.
Пәннің мақсаты: Қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму жолдарын айқындай отырып. магистранттарға қазақ тіл білімінде қол жеткізілген теориялық мәселелермен таныстыру.
Пәннің міндеті:
-этнолингвистика ғылымының зерттелуіне шолу жасау;
-«этнос» ұғымының ерекшеліктерін саралау;
-қазақ этнолингвистикасының қалыптасу кезеңдерін айқындау;
-этнолингвистикалық арналарды талдау;
- қазіргі даму бағыттары мен ерекшелігін, өзара байланысын саралау;
--ғылымдар тоғысында қалыптасқан бағыттардың зерттелу жүйесімен, заңдылықтары және қағидаттарымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |