Қазақ тілі. 2 сынып.
1.Алфавит ретімен буынға бөліп жаз:
Бүлдірген,алма,өрік,құлпынай,жүзім,қарақат,шабдалы.(2 б)
2.Сөздерге керекті әріпті қойып,көшіріп жаз:
Пи..яз,ақ..у,кон..ки.
3.Сөйлемдерді дұрыс құра:
Шығарды,есеп,тез,Нұргүл
Қалың,жауды,қар
Қуырдақ,дәмді ,пісірді,әжем
4.Сөздердегі дауыссыз дыбыстарды ажыратып,таблицаны толтыр:
Баспалдақ, көкөніс,меруерт.
5. «Қоян» тақырыбына сипаттау мәтінін құра.
Ана тілі . 2 сынып.
1.Алатауда қалды жылдар ең асыл,
Есілдің де жандай ыстық жағасы-деген өлең жолдары қай екі қала туралы жазылған?
2....Е-е-е бұлдыр-бұлды күн өткен.Бұрынғыда кім өткен..-деген сөздерді «Бала Абай» әңгімесінде кім айтқан?
3.Н.Айтовтың өлеңін өзің ары қарай құрастырып,жалғастыр.
Саған білім жемісін
Оқулығың береді.
4. «Менің досым» атты әңгіме құрап жаз.
5. Шеше,шеше
Неше кесе
Сынды кеше?- бұл не?
Қазақ тілі . 3 сынып.
1.Сөйлем мүшелеріне талда:
Ол өжет адам еді. Егінді биыл тың жерге салдық. (2 б)
2.Сөйлемді дұрыстап жаз,тыныс белгісін қой. (4б)
Шөп,қозыларға,кім, берді.
Тақтаны, кезекші ,ме,сүртті.
Таза,ауа,қандай.
Аққала ,балалар,жасады,қардан.
3.Дыбыстық талдау жаса. (4б)
Молаю,фильм.
4.Түрлі қосымша жалғап,сөздер жаз. (3б)
Жұмыс
Таза
5. «Менің атам» тақырыбында мәтіндер құра. (5 б)
Сипаттау Әңгімелеу
Ана тілі. 3 сынып
Шәкәрімнің «Адамдық борышың » өлеңін дұрыстап жаз. (3 б)
Адамдық-борышың
Еңбек халқыңа қыл
Ақ айнымай жолдан
Оны ар біл сақта.
«Мейірім» әңгімесіндегі Шоқанға мінездеме жаз. (3б)
Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесің? Оларды атап жаз.
«Менің отбасым »тақырыбында әңгіме жаз.
Оқу құралдары туралы жұмбақ құрастыр.
4 сынып. Қазақ тілі.
1.Біріккен сөз жаса:
...ағаш, тас..., қызыл..., ... бақа, ұзын..., көл...
2. Қысқарған сөз жаса:
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ
3.Түрлі жұрнақ жалғап,туынды сөз жаса:
Зат есім-----------етістік
Зат есім----------зат есім
Сын есім--------зат есім
4.Сөз таптарына талда:
Екі бала орманға бара жатыр.
Өнер алды-қызыл тіл.
5.Дыбыстық талдау жаса:
Подъезд,саяхат,жауынгер.
4 сынып .Ана тілі.
«Батыр бала Бөген мен Шұбар ат» жырынан Шұбар атты суреттейтін әсерлеу сөздерді есіңе түсіріп жаз.
«Ол жасынан өзгеше тұрпатты жан еді.Ағайын арасында,дос-жарандар ортасында ,ұстаздар алдында да асқан білікті танылатын,көрікті көрінетін» деген сөздер кім туралы айтылған? Мәтіннің авторы кім?
«Қорқарың бар, қораға кірме» деген нақыл сөз кімнің шығармасында кездеседі ?
Сатира деген не ? -анықтамасын жаз.
5.Бір тақырыпты таңдап алып шығарма жаз:
1.Егер мен сиқыршы болсам...
2.Егер мен президент болсам..
3. Шіркін,егер мен ... болсам..
Достарыңызбен бөлісу: |