Қазақ тілі 5 сынып
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік рәміздерінің бірі – Елтаңбамен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Түрі: ашық сабақ
Әдісі: түсінік беру, оқып - аудару, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: презентация ( ҚР рәміздері, ҚР рәміздерінің бірі – Елтаңба, ҚР рәміздерінің авторларының портреттері) тест сұрақтары
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сабаққа даярлау
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар!. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы»
Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыпқа көз жүгіртіп өтейік. Өткен тақырыпта біз сіздермен Мемлекеттік Туымызды өткен болатынбыз. Сол себептен қазір маған сұраққа жауап берулеріңізді сұраймын.
Тіл дамыту сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
3. Қазақстанның бас қаласын атаңдар.
Қазақстанның бас қаласы және астанасы – Астана
4. Тудың авторы кім?
Тудың авторы Шәкен Ниязбеков
5. Қыран ненің белгісі?
Қыран – бостандықтың белгісі.
6. Сонымен, соңғы сұрақ - Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
Қазақстан Республикасының рәміздеріне: Ту, Елтаңба, Гимн жатады
II. Жаңа сабақ/оқылым/
1.Тапсырма:Елтаңбаның суретіне қарап Не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар./жұлдыз,шаңырақ,пырақтар,жазуы./
2.Енді бұл сөздерге Қандай?деген сұрақ қойындар./алтын,көк түстес,бесбұрышты/
3.Бұл сөздер Қайда орналасқан?/жоғарыда,екі жақта,ортасында,астында/
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Егеменді еліміздің Елтаңбасынан кең - байтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт - санасы мен жасампаз рухы толық танылады. Онда нелер бейнеленгеніне назар аударайық. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақты айнала уықтар күн сәулесіндей жарқырайды. Оның екі жағынан қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Бесбұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі сияқты. Ал, төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу бар, яғни бұл біздің мемлекетіміздің Елтаңбасы деген сөз. Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уалиханов
IV. Дәптермен жұмыс
Бүгінгі тақырыпты жазайық.
А) Сөздікпен жұмыс: тақтадағы жазылған жаңа сөздермен танысамыз. Мен оқимын дауыстап қазақша - орысша. Содан кейін олар 2 рет қайталайды.Тізбектеп олар қайта қайталайды..
Шаңырақ – купол юрты
Уық – подпорка для купола юрты
Күн сәулесіндей – подобно солнечным лучам
Қанатты пырақтар – мифические крылатые кони
Көмкерген – обрамляют
Жұлдыз – звезда
Бес бұрышты-пятиконечная
Жазуы бар- есть надпись
Қанатты-крылатые
Ә) 83 бет 3 - жаттығу. /Жазылым/Мәтінді оқып, тиісті жалғауды жазыңыздар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба (- нің, - ның) ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ (- ты, - ті) айнала уықтар күн сәулесіндей жарқырайды. Оның екі жағынан қанатты пырақтар көмкерген. Елтаңба (- ның, - нің) жоғарғы жағы (- нда, - нде) жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағы (- нда, - нде) “Қазақстан” деген жазу бар. Елтаңба (- ның, - нің) авторлары – Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков. (Септік жалғаулары)
Б) 83 бет 4 - жаттығу Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып жазыңыздар. Переведите данные слова на казахский язык.
Государственный Герб – Мемлекеттік Елтаңба. Изображён купол юрты – шаңырақ бейнеленген. Расположена звезда – жұлдыз орналасқан. Написано слово – жазу бар. Авторы Государственного Герба – Елтаңбаның авторлары
Ал, енді балалар сіздер шаршаған шығарсыңдар. Бәріміз бірге тұрып, сергіту сәтін өткізейік.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі,
Кіп - кішкентай ағаштар
Үп - үлкен боп өседі! 2 рет
Ал, енді балалар, бір демалып қалдық, сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Келесі тапсырма
В) Тақтадағы мақал-мәтелдерді аяқтаңдар
1. Туған жердің күні де ыстық, ... /түні де ыстық./
2. Туған жердей жер болмас, ...
/Туған елдей ел болмас./
3. Отансыз адам – ...
/Ормансыз бұлбұл./
4. Кісі елінде сұлтан болғанша, ...
/Өз еліңе ұлтан бол./
Г) Өлеңді мәнерлеп оқу
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Құт - береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
V. Қорытындылау Балалар сонымен біз бүгін жаңа тақырып өттік. Сіздер бүгінгі сабақта не алдыңдар?
Елтаңбаның авторлары кімдер?
Елтаңбада нелер бейнеленген?
VІ. Бекіту. Ал, енді балалар сабақты қорытындылай келе тест тапсырмасын орындаңыздар.
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім?
А) Талғат Мұсабаев Ә) Нұрсұлтан Назарбаев
Б) Дариға Назарбаева В) Сара Назарбаева
2. Қазақстан Туы мен Елтаңбаның түстері қандай?
А) көгілдір және алтын Ә) алтын және жасыл
Б) ақ және көгілдір Б) көк және қызыл
3. Жаңа Мемлекеттік Гимн қашан қабылданды?
А) 2002жылы 5 қараша Ә) 1991 жылы 16 желтоқсан
Б) 1999 жылы 1 желтоқсан В) 2006 жылы 7 қаңтар
4. Мемлекеттік Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?
А) жұлдыз Ә) шаңырақ
Б) қанатты пырақтар Б) уық
5. «Шаңырақ» сөзі қалай аударылады?
А) подпорка для купола юрты Ә) крылатые кони
Б) купол юрты В) звезда
-Ал, енді тест тапсырмаларын ауыстырып, бір - бірімізге тексеруге берейік. Тақтаға назар аударайық! Дұрыс жауаптарын тексеріңдер! Бір - біріңе баға қойыңдар!
Бағалау: 5 сұраққа жауап берсе – “5” ,4 сұраққа жауап берсе – “4”,
3 сұраққа жауап берсе – “3”, 1 - 2 сұраққа жауап берсе – “2”.
- Сіздер бүгінгі сабақтан кейін Қазақстан Республикасының рәміздері туралы көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын. Келешекте Қазақстан Республикасының патриоты болып, Қазақстанда тұратынымызды, Қазақстан Республикасының рәміздерін мақтан ететіндеріне сенімдімін.
VІІ. Үй жұмысы: 83 бет 3- жаттығу. Елтаңба туралы толық мәлімет жасап, әңгімелеу.
VІІІ. Бағалау. Оқушыларды біліміне қарай бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |