Рахымжанова Айша Айкыновна
Сандықтау ауданы Дорогинская негізгі мектебінің
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы мағлұмат бере отырып, олардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру. Сөйлем ішінде етістіктің қалау райының жасалу жолдарын меңгерту
Күтілетін нәтиже: Әбілхан Қастеев туралы айтып бере алады. Жаңа сөздерді өзара сөйлесу кезінде еркін қолдана алады. Қалау райды қатыстырып сөйлем құрай алады.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих .
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын түрлері.
Сабақта қолданылатын ресурстар: оқулық, интерактивті тақта, слайд суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық ахуал: сәлемдесу (әртүрлі тәсілмен үш тілде амандасу) (3 минут)
ІІ. Алдыңғы оқу: Қазақ бейнелеу өнері тарихынан тақырыбы бойынша жаңа сөздерді еске түсіру («Өрмекші торы» ойыны арқылы) (3 минут)
Сабақтың мақсатын түсіндіру. Грамматикалық тақырыпқа тоқталу. (5минут)
Сыныпты топқа бөлу. Топ басшыларын анықтау. Бағалау парақшаларын тарату. (3 минут)
1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. («Сақина салу» ойыны арқылы жаңа сөздерді меңгерту) (5минут)
жарқын құбылыс - яркое явление
әкесінен ерте айырылған - оставшись рано без отца
таңғалдыру - удивить
көрме - выставка
еңбек сіңірген өнер қайраткері – заслуженный деятель искусства
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді екі топ жеке-жеке оқып, аударады. Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. (10минут)
Әбілхан Қастеев
Алғашқы қазақ суретшілердің бірі Әбілхан Қастеев өзінің талантымен Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналды.
Әбілхан Қастеев 1904 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған (қазіргі Алматы облысы) облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол байдың жалшысы болады. Жаркент қаласында, кейіннен Түркісіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таңғалдырады. 1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.
1934-1936 жылдары Әбілхан Қастеев Мәскеуде тұрып, Н.К.Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады. 1937 жылы КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданады. 1930-1940 жылдар аралығында суретші «өткен өмірге» деген ойлары бейнеленген «Ескі және жаңа тұрмыс» атты суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді. Осы жылы суретшіге Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі. 1944 жылы ол Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.
Сергіту сәті: (3 минут)
3-тапсырма. Ә.Қастеевтің туындысын жасыру арқылы екі топ етістіктің қалау райын қатыстырып 3 сөйлемнен құрастырады. (5 минут)
Сабақты қорытындылау: кластер арқылы екі топ жеке-жеке құрастырады. (4 минут). Қорғау (3 минут)
Үй жұмысы: Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы туралы реферат әзірлеңдер.
Бағалау: 1 минут
Рефлексия: смайликтер арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |