Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 5А11301- ана тілі мен әдебиеті (қазақ тілі)



бет1/9
Дата09.09.2022
өлшемі70,23 Kb.
#149092
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 5305795266522122806
2 5467615701361498903, әдебиет тес, Titul 22222, жадвал стажи

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА
УНИВЕРСИТЕТІ


ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ


ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ
КАФЕДРАСЫ
5А11301- Ана тілі мен әдебиеті (қазақ тілі)
I курс магистаранты …………….. ……… ……….ның
«……….» тақырыбына жазған


Курс жұмысы


Ғылыми жетекші:
_________Е. Абдувалитов
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
п.ғ.д. (DSc)

«Қорғауға ұсынылсын»


«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы
меңгерушісі __________ Е.Абдувалитов
___ ______ ________________2021 жыл


Ташкент - 2021

МАЗМҰНЫ




Кіріспе..............................................................................

3










І тарау

Ойын технологиясының теориялық және практикалық негіздері…………………………………

6











1.1.

Ойын технологиясы туралы түсінік…………………..

6










1.2.

Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойын түрлері...........................................

13











ІІ
тарау

Қазақ тілі сабақтарында ойын технологияларын қолдану әдістемесі..........................................................

19











2.1.

Қазақ тілі сабақтырда ойын технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері.........................................

19











2.2.

Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудің әдіс-тәсілдері...............................................

24














Қорытынды......................................................................

27













Пайдаланылыған әдебиеттер.........................................

28



КІРІСПЕ
Курс жұмысының өзектілігі: Қазақ тілі сабағындағы көзделген мақсат - оқушыларға сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрауда дұрыс қолдана білуге үйрету. Ол үшін сабақта сергіту жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты, жаңа сөздерді меңгерту, өткенді пысықтау мақсатында білімді ойынмен ұштастырып, ойын түрлерін қолдану тиімді. 
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе», - деп М. Жұмабаев атап көрсеткендей, оқу мектептерде қазақ тілі сабағында орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Демек, ойынды белгілі бір тақырыпқа байланысты сабақтың басында өткізсек, өткен сабақты еске түсіруге көмегін тигізеді. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімдерін жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын элементтерін қолдану бастауыш сыныптардан бастап, 5-7 сыныптарда пайдалану өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды. Ойынның көптеген түрлері бар. Мысалы: сюжеттік ойындар, дене шынықтыру ойындары, дидактикалық ойындар, т.б. Ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Мысалы: дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен жігерімен қатысатынын өз тәжірибемнен көрдім. Оқушылардың назарын сабаққа аудару жолдарын іздестіру барысында грамматикалық ойындар арқылы бала белсенділігін арттырудың нәтижелі болғанын байқадым.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет