Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздерді а н т о н и м д е р



Pdf көрінісі
бет56/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздерді а н т о н и м д е р 
дейді.
(грекше: anti -қарсы, onyma - ат, атау) . Тіл-тілде көбінесе сапалық 
ұғымды білдіретін сөздер немесе сапалық белгісі бар сөздер өзара бір-бірімен 
антонимдес болып келеді. Осыған байланысты антонимдердің синонимдер 
мен көп мағыналы сөздерге қарағанда саны аз, өрісі тар болып келеді. 
Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. 
Мысалы, кәрі-
жас, дұрыс – бұрыс, түзу-қисық, терең-саяз, адал-арам, оң-теріс, үлкен-кіші
т. б.

Зат есімдерден антоним болатындар –санаулы сөздер ғана. Соның өзінде 
олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады.
Мысалы: 
өтірік-шын, пайда-зиян, бақ-сор, бай-кедей, өмір-өлім, қыс-жаз, тарлық-
кеңдік, аштық-тоқтық, жақсылық-жамандық т. б. 
Антонимдес мәнде қолданылатын үстеулерге: 
 әрі-бері, ілгері –кейін, 
жоғары-төмен, ерте-кеш, 
етістіктерге: 
кел-кет, отыр-тұр, ал-бер, аш-жап, 
ки-шеш, күл-жыла
сияқты сөздер жатады.
 
Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы 
қбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде 
және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды анық етіп жеткізуде антонимдер 
айырықша қызмет атқарады. Осы ерекшелігіне байланысты антонимдер 
әсіресе мақал-мәтелдерде жиі қолданылады.
Мысалы:
көз-
қорқақ
, қол-
батыр,
қорлық 
өмірден 
ерлік
өлім, көп 
ақымақтың
ағасы болғанша, бір 
ақылдының
інісі бол,
ащы
мен 
тұщыны
татқан білер, 
алыс
пен 
жақынды
жортқан білер т. б.
Поэзияда антонимдер шендестірудің (антитеза) бір тәсілі ретінде 
қолданылады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой 
мейлінше ашық, айқын, мейлінше мәнерлі, бейнелі болып келеді. Бұл ретте 
Абай өлеңдерінен мына бір шумақтарды мысалға келтіруге болады:
Жігіттер, ойын 
арзан
, күлкі 
қымбат, 
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Қар 
аппақ
, бүркіт 
қара 
, түлкі 
қызыл
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанаға. 
Қайғың-
қыс
, жүзің-
жаз,
Боламын көрсем мәз:
Антоним сөздер қосарланып айтылып, екі сыңарының да мағыналарын 
ішіне алатын, мағыналары кеңейген қос сөздер түрінде де қолданыла береді. 


55 
Мысалы,
ертелі- кеш, ұзынды – қысқалы, жақсылы-жаманды, үлкенді-кішілі 
т.б. 
34 - жаттығу.
Төмендегі сөздердің антонимдерін тауып жазыңыздар. 
Мөлдір, заңғар, тік, жылы, зерек, момын, қою, қышқыл, батыл, жомарт, 
ширақ, асыл, қымбат, тұнық, терең, жуан, ынжық, бұлыңғыр,егде,ылди. 
35 - жаттығу. 
Сөйлемдерден антонимдерді тауып, алардың мағынасына және жасалу 
жолына түсінік беріңдер. 
1.Екі жақсы қосылса, бірін-бірі қиыспайды, екі жаман қосылса, кең 
дүниеге сиыспайды ( Мақал). 2. Мықтысы әлсізін талап, қырқысып жатқан 
мынау қиянаты мен күнәсі дүниеде күнаһар болмай, тал бойын таза алып 
жүрген жалғыз кісі бір өзі сияқты (Ә. Н. ). 3. Күндіз-түні талмай ұрыс салып, 
үңгірдің аузын оқпен көміп, қалмақты бұқтырып отырып, әлденеше күн 
аштықтан бұралтады . 4. Етігің аяғыңа тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда
( Мақал).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет