Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі117,5 Kb.
#122870
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
0001d066-4e2948d3


БЕКІТЕМІН:
«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ
директоры:----------------------Тогузова А.З.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс
БАҒДАРЛАМАСЫ, ЖОСПАРЫ.
Дайындаған: Саньязова Б.Қ.
Зырян, 2015-2016 оқу жылы.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс
БАҒДАРЛАМАСЫ.


Түсінік хат.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен оқушылардың қабілеттерін жетілдіріп, дарындылыққа дейін жеткізу мұғалімнен тыңғылықты дайындықты қажет етеді. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай, бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы. Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырымын, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру айналасында жұмыс істеуі керек. Әлемдік білім кеңістігіне ену, өзіндік орнымызды анықтау – мұғалімдер қауымының алдына зор міндет жүктеп отыр. Соның бірі және бірегейі – оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, еліміздің ертеңі жас буындардың бойындағы қабілет пен талантты дер кезінде танып, аша білу. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық бейнені сақтау – ең негізгі құндылық. Бұл құндылық тіл беріктігіне, тілдік ортаны дамытуға тікелей байланысты. Оқылатын пәндердің нысандары тіл арқылы ғана танылады. Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен, ұлтжанды данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту тіл арқылы жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы басты мәселе.
Дарындылық – бұл өмір бойы жүйелі дамып отыратын психика сапасы, адамның басқалармен салыстырғанда бір немесе бірнеше іс-әрекет түрлеріндегі қол жеткізген жоғары жетістіктерінің көрінісі.
Дарынды бала - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін бала.
Бүгінгі күнге дейін психологтардың көпшілігі дарындылықтың деңгейі, сапалы басқалай өзгешелік және даму сипаты тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік орта мен жанама түрде баланың өз іс-әрекетінің (ойын, еңбек, оқу және т.б) күрделі әрекеттестігі деп мойындайды. Сонымен қатар баланың өзіндік белсенділігі, тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық механизмдері де үлкен мәнге ие, өйткені олар жеке дарынның қалыптасуы мен дамуына негіз болады. Сондықтан, бағдарламада оқушылардың дарындылығын дамыту мен қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері қамтылған.
Бұқаралық ақпарат қатты дамыған кезеңде баланың ойлауы мен сөйлеуі арасында алшақтық айқын байқалады. Бағдарлама осы алшықтықты жоюдың бірден-бір жолы олардың сөйлеу және сауатты көркем тілмен жаза білу біліктерін жетілдіру түрінде қарастырады. Бағдарламада қамтылған жұмыс түрлері оқушының ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болатындай етіп құрылған. Балалық жас – қабілеттер мен тұлға қалыптастыру, бала психикасында шоғырланған түрлі үрдістерді саралау кезеңі. Сондықтан оқушы дарындылығын дамытудың маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет